АПАТ АЙТЫП КЕЛМЕЙДІ! МҰҚИЯТ БОЛЫҢЫЗ!

  • Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы
blog-single-image

Өте қауіпті апаттардың бірі – сел және сырғыма. 

Сырғыма – өзінің салмағы әсерінен және беткейдегі жыныстардың артық ылғалдануы, сейсмикалық тербелістер және т.б. үрдістер әсерінен таулы жыныс массаларының беткей бойынша сырғуы.

Ал, сел – таулы жерлерде көп таралған жойқын қиратушы күшке ие болатын қауіпті апаттық құбылыс. Қазақстанда таулы жерлері мен  тау бөктерінің аумағы селдің, қар көшкіннің, сырғыма мен қопарылманың әсеріне жиі ұшырайды. Ал, көктем айларында табиғат аясына, тауға сереуендейтіндер көбейеді. Бұл – қауіпті.

Бұл аппаттық құбылыстар кезінде  қайғылы жағдайға душар  болмау үшін мына қауіпсіздік ережелеін қатаң сақтаңыздар:

  1. Таулы аймақтардың жағдайы туралы бұқаралық ақпарат құралдарынан хабарларды үнемі бақылаңыз.
  2. Егер өзен алабының жоғарғы жағында қарқынды нөсер жаңбыр байқалса, таудан кетіңіз. Жоғары жағында көл байламдары бар сел қауіпті арнаға жақын жерде демалуға тоқтамаңыз және шатырлы лагерь құрмаңыз.
  3. Тік құздар мен тік беткейлерге жақын тоқтамаңыз, өйткені сел, сырғыма кезіндегі шайқалудан ол жерлерде тас жауу немесе опырылым болуы мүмкін.
  4. Сел арнасы бойынша қозғалыс кезінде адамдардың арасы 20-30 метр қашықтықты құрауын қадағалаңыз.
  5. Сел тасқынының белгілерін байқаған жағдайда тез арада арнадан таулы беткейлермен жоғары қарай кетіңіз.
  6. Сел толқыны өткеннен соң сел арнасына түспеңіз.
  7. Өрт туындамауы үшін үйден шығарда пешті өшіріп, газ крандарын бекітіңіз, жарықты сөндіріңіз және электр құрылғыларын өшіріңіз.
  8. Қауіп жайлы дабылдар (құлақтандыру) бойынша өзіңізбен бірге құжаттар мен құнды заттарды алып, алдын ала белгіленген маршрут бойынша қауіпсіз жерге эвакуацияны жүзеге асырыңыз.

Құрметті қала тұрғындары және қонақтары! Сіздің және жақындарыңыздың қауіпсіздігіне мұқият болып, қандай да бір аталған қауіп төнген жағдайда дұрыс іс-қимыл жасау үшін үнемі тиісті ақпараттарға немқұрайлы қарамай, қауіпсіздік ережелерін өзіңіз де, жақындарыңыз да білуін қадағалаңыздар! Өйткені апат айтып келмейді. Мұқият болайық!

С. ШОЙМАНОВ

Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі