АУЛАҢЫЗДАҒЫ ҚОҚЫС УАҚТЫЛЫ ӘКЕТІЛМЕЙ ЖАТСА, БІРДЕН КОММУНАЛДЫҚ КОМПАНИЯҒА ХАБАРЛАСЫҢЫЗ!

  • Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы
blog-single-image

Қоқысты әкімшілік емес, қоқыс шығару қызметін ккөрсететін компаниялар шығарады. Жергілікті билік  жалпы жағдайға жауап береді.

Тұтынушының айтқаны қашан да дұрыс. Тек, Қазақстанда ғана емес, дүние жүзінде солай. Арнайы қабылданған заңдар да бар. Мәселен, «Тұтынушы құқы туралы» заң. Осы Заңды бір ақтарып көрсеңіз, ҚОҚЫС ШЫҒАРУ БОЙЫНША ЖҰМЫСҚА ҚАНАҒАТТАНБАҒАН ЖАҒДАЙДА ТҰРҒЫНДАР КОМПАНИЯЛАРМЕН ШАРТТЫ БҰЗУҒА ҚҰҚЫЛЫ екеніне көзіңіз жетеді.

Осы орайда, көп пәтерлі үйлерден және жеке сектордан қоқыстарды уақтылы шығару үшін тұрғындармен шарт жасасқан ұйым (МИБ, ЖМ) жауапты екенін еске сала кеткенді жөн көрдік. Қоқыс шығару жөнідегі келісім шартты белгілі бір коммуналдық компаниямен тұрғындардың өзі қалауы бойынша жасайды. Сол себептен де, таңдаған компанияңыз жұмысты сапалы және кестеге сәйкес орындамаған болса, тұрғындар тарапынан шартты бұзып,  басқа жұмысы жүйелі компаниямен қайта келісім-шарт жасасуға құқылы.

Шымкент қаласында қоқыс шығару бойынша қандай компаниялар қызмет көрсетеді? Енді осы сұраққа жауап берейік.

Абай ауданының аумағында бүгінде үш компания жұмыс істеп жүр. Олар:

  1. «ШымкентСпецКомплекс», Байланыс телефоны: +7 702 753 7337;
  2. «Керемет 2020», Байланыс телефоны: +7 777 094 5576;
  3. «Бастау», Байланыс телефоны: 8 701 701 00 50.

Ал, Әл-Фараби ауданында қоқыс шығарумен айналысатын компаниялар мыналар:

  1. «Арнаулыавтокөлік», Байланыс телефоны: 8-701-505-75-36;
  2. «ШымкентСпецКомплекс», Байланыс телефоны: 8 702 255-64-94;
  3. «Спецавтотранс», Байланыс телефоны: 8 702 753 73 37.

Еңбекші ауданы бойынша да үш компания қызмет көрсетіп жүр:

  1. «Вайсалидзе» ЖК, Байланыс телефоны: 8-701-137-57-03;
  2. «ЭКО-ком тазалық», Байланыс телефоны: 8-778-233-97-41;
  3. «Арнаулыавтокөлік», Байланыс телефоны: 8-701-505-75-36.

Қаратау ауданында жұмыс істейтін компаниялар:

  1. «ЖанМейр», Байланыс телефоны: +7 (701) 400-33-11;
  2. «Вайсалидзе» ЖК, Байланыс телефоны: +7 701 137 5703;
  3. «Таза қала» ЖК, Байланыс телефоны: +7 747 543-44-03;
  4. «ПожТехМонтаж», Байланыс телефоны: +7 778 883-52-77;
  5. «Бастау», Байланыс телефоны: +7 701 701-00-50.

Қоқыс аптаның қай күндері шығарылады? Кестені де осы телефондарға хабарласып ала аласыздар. Ауланың, қаланың таза болуына әрқайсымыз жауаптымыз. Белсенділік танытсақ, жоғарыда аталған компаниялар да жұмысын ширата түсетіні анық.