“БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ” БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚАЛАЙ ҚАТЫСУҒА БОЛАДЫ?

  • Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы
blog-single-image

«Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша өтінімдер қабылдау биылғы жылдың 20 маусымынан бастап қабылданатын болды.

БАҒДАРЛАМАҒА КІМДЕР ҚАТЫСА АЛАДЫ?

Аталған жеңілдетілген несиелік ипотекалық бағдарламаға тұрғын үй кезегіндегі көпбалалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасылар, толық емес отбасы (ажырасқан уақыты 3 жылдан кем болмауы тиіс) санаттарындағы азаматтар қатыса алады.

ҚҰЖАТТЫ ҚАЛАЙ ТАПСЫРУҒА БОЛАДЫ?

«Бақытты отбасы» бағдарламасына өтінімдер www.otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталы арқылы онлайн қабылданады.
Тұрғын үй құрылыс жинағы туралы келісім-шарт қалай бекітіледі?
Келісім-шартты Отбасы банкінің кез келген бөлімшесінде немесе Сізге ыңғайлы уақытта және ыңғайлы жерге келетін кеңесшінің көмегімен бекітуге болады. Кеңесшіні www.hcsbk.kz сайтындағы «Сіздің кеңесшіңіз» бөлімі арқылы немесе ұялы телефоннан 300 нөміріне хабарласып шақыра аласыз (қоңырау шалу тегін).
Келісім-шарт бекіту үшін жеке куәлік жеткілікті.

КІМДЕРГЕ БАСЫМДЫҚ БЕРІЛЕДІ?

Лимиттерді бөлу барысында басымдық – мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға берілмекші.

БАҒДАРЛАМАНЫҢ ШАРТТАРЫ ҚАНДАЙ?

– Несие мөлшерлемесі жылдық 2%;
– Бастапқы жарна – 10%.
Ипотекалық несие 20 жылға рәсімделеді.
Төлем қабілеттілігін қалай растайсыз?
Ол үшін Сізге Отбасы банкіне келесі құжаттарды тапсыру керек:
• отбасыңыздың мәртебесін растайтын әкімдік берген құжат
• кәмелеттік жасқа толған отбасы мүшелерінің жеке куәліктері және балалардың туу туралы куәліктері
• неке қию немесе неке бұзу туралы куәлік
• соңғы 6 ай ішіндегі табыстарды растайтын құжаттар, оның ішінде ерінің немесе әйелінің, сондай-ақ қажет болған жағдайда қосалқы заемшының атына берілген құжаттар.

ҚАНДАЙ ЖАҒДАЙ КЕРІ ӘСЕР ЕТУІ МҮМКІН?

Егер атыңызда несие бар болса, ол төлем қабілеттілігіңізге әсер етуі мүмкін.
Басқа несиелер бойынша уақтылы өтелмеген қарыз болса, оларды жабуға кеңес береміз.