ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ

  • Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы
blog-single-image

Бүгін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі Giniyat Azhar жұмыс сапарымен Шымкент қаласына келіп, бірқатар медициналық нысандарды аралап, жұмыс сапары барысында Оңтүстік Қазақстан Медициналық академиясының залында жұртшылықпен және азаматтық сектор белсенділерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында министрлік басшысы Оңтүстік мегаполис тұрғындарын еліміздің әрбір азаматын сапалы және қолжетімді медициналық көмекпен қамтамасыз етуге бағытталған денсаулық сақтау саласындағы өзгерістер туралы хабардар етті.

Ажар Ғиният бастапқы буын ұйымдарындағы медициналық қызмет сапасын арттыру, дәрі-дәрмек саясатын жетілдіру, саланы кадрлық қамтамасыз ету, медициналық көмекті қаржыландыруды ұлғайту, ана мен баланы қорғау сияқты басым бағыттарға назар аударды.

Мемлекет Басшысының тапсырмаларын іске асыру барысы туралы сөз қозғаған министр «әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау «Дені сау ұлт» ұлттық жобасы бекітілгенін және биологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі заң қабылданғанын атап өтті.

Денсаулық сақтау министріне шымкенттік тұрғындардың қояр сауалы көп

Қазіргі уақытта пациенттердің құқықтарын қорғауды және сақтандыру қаражаты есебінен олардың денсаулығына келтірілген зиянды өтеуді көздейтін медициналық қызметкерлердің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру туралы заң жобасын қабылдау бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Сонымен қатар, дәрігерлердің жалақысын арттыру, санитарлық-эпидемиологиялық қызметті жаңғырту, елімізде медициналық және фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту бойынша жұмыстар жалғасуда. Министрдің мәліметінше, республика бойынша 2025 жылға қарай медициналық-санитарлық алғашқы көмектің 500 нысанын салу жоспарланған. Шымкент қаласында бүгінде 76 МСАК нысаны халыққа қызмет көрсетеді, 2025 жылға дейін тағы 15 нысанның құрылысы мен ашылуы жоспарлануда – деді.

Министрлік басшысы қала тұрғындарына жалпы практика дәрігерінің жолдамасынсыз арнайы мамандарға қол жеткізу мүмкіндігі туралы айтты. Сондай-ақ, онкологиялық және гематологиялық ауруларға күдік болған кезде тексеру мен емдеуді жеделдету үшін «жасыл дәліз» енгізілген, оның шеңберінде онкологиялық ауруға күдікті пациенттер 18 жұмыс күні ішінде консультация алып, тексеріледі деді.

Дәрілік заттардың қолжетімділігін арттыру мақсатында амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету тізбесін кеңейту және қайта қарау бойынша жұмыс жүргізілуде деді.

Бүгінгі күні қаланың қажеттілігін қамтамасыз ету үшін амбулаториялық деңгейде 9,5 млрд.теңгеден астам сомаға, стационарлық көмек үшін 19,3 млрд. теңгеден астам сомаға дәрілік заттар сатып алынды. Аналар мен балалардың денсаулығы мәселелеріне баса назар аудара отырып, министр 2021 жылы туу шыңы тіркелгенін, Қазақстан Тәуелсіздігінің бүкіл тарихында 450 мыңнан астам бала туылғанын, оның ішінде Шымкент қаласында 33 мыңнан астам бала туылғанын еске салып өтті.