ЖАЗА БАСҚАНДАР ҮШІН БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

  • Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы
blog-single-image

Қылмыс жасап сотталған, пробация қызметінің есебінде  азаматтар үшін бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық прокуратурасы ұйымдастырды. Оған пробация есебінде тұрған 20-ға жуық азамат қатысты.

Жәрмеңкеде қаладағы ірі кәсіпорындар мен мекемелер  қарапайым жұмысшыдан бастап, техникалық мамандыққа дейінгі  қызмет орнына жұмыс істеуді ұсынды.  Мысалы қаладығ кондитерлік фабрикалардың бірі 8 азаматты цехқа жұмысшы етіп алуға әзір екенін жеткізді. Бұл кәсіпорын бұған дейін өткізілген осындай жәрмеңке арқылы сотты болған 10-нан астам азаматты өздеріне жұмысқа орналастырған.

Кондитерлік фабрикада жұмысшылар үшін  барлық жағдай жасалған. Бізге бүгінде негізінен қарапайым жұмысшылар  қажет. Олардың айлық еңбекақысы  100-140 мың теңге аралығында. Яғни атқарған жұмысының көлемі мен сапасына қарай өсіп отырады.  Жұмысшыларға күніне бір мезгіл ыстық тамақта беріледі,-дейді кәсіпорын өкілі Айдар Зиябеков.

Бүгінгі таңда Әл-Фараби ауданы бойынша 272 азамат пробация есебінде тұрады. Оның 170-тен астамы өзгелерге алақан жаймастан өз бетінше кәсіп етіп, табыс тауып жүр. Ал қалған 50 шақты азамат  осындай бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысу арқылы жұмысқа орналасқан.

Бүгінгі таңда Әл-Фараби ауданы бойынша 30-дан астам сотталған азамат жұмыссыз. Сондықтан Пробация туралы заңның бірінші бабына сәйкес, ол пробацияның ең басты міндеті сотталғандардың осы ортаға бейімделуі болып табылады. Яғни әлеуметтік көмек көрсету. Ол дегеніміз не? Өздеріңіз білесіздер сотталған адамдар үмітін үзген. Біз құзырлы органдар көмек беруіміз қажет,-дейді Әл-Фараби ауданы прокурорының көмекшісі Дәурен Халықов.

Бұл топтағы азаматтар үшін мұнан бөлек  атаулы әлеуметтік көмек те көрсетіледі. Шымкент қалалық Халықты жұмыспен қамту орталығы мамандарының айтуынша,  сотты болған азаматтардың әлеуметтік құқықтық көмек беруде оның қайта қылмыс жасамауы үшін, сондай-ақ қоғамға бейімдеуді жұмыспен қамту үшін жергілікті деңгейде әкімдік қаулысы бекітіліп отырады. Шымкент қаласы бойынша мұндай қаулы биылғы жылдың 19 маусымында қабалданған. Бүгінгі таңда қаладағы 10-нан астам жұмыс беруші 106 бос жұмыс орнын ұсынуда. Оған бірінші кезекте сотты болған азаматтар қатыстырылады екен. Сондай-ақ, сала жауаптылары, жазасын өтеген азаматтарға «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы» шеңберінде жұмыспен қамту шараларын да ұсынатынын айтады.