«ЖАС ЖУРНАЛИСТЕР МЕКТЕБІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ШАҒЫН ГРАНТТАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

  • Алматы қаласы, Наурызбай ауданы
blog-single-image

Биыл «Жас журналистер мектебі» жобасы аясында 150 000 теңгелік шағын гранттар байқауы өтті.  Байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен  үміткерлер өтінім жіберді. Нәтижесінде конкурстық комиссия 20 үздік жобаны таңдаған.

Барлық жобалар жастардың медиа және журналистика саласындағы идеяларын келесі бағыттар бойынша дамытуға бағытталған: қоршаған ортаның жағдайы, мәдениет пен спорт, ғылым мен білім, жастар ортасындағы оң және теріс тенденциялардың өсуі және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау.

Өз өңірінің жастарының жан-жақты дамуына үлес қосушы  Расул Базарханұлы «Журналистік шеберлік» атты  сәтті жобаларының бірін Қызылорда қаласында  жүзеге асырды.  Жоба мақсаты студенттерді этика, мемлекеттік заңдылық мәселелеріне тарту және ақпаратты иелену дағдыларын жетілдіру болды.  Сонымен қатар, жоба аясында «Үздік мақала», «Үздік бағдарлама» және «Үздік баяндама» атты 3 бағыт бойынша байқау өтті.  150 жұмыстан тұратын комиссияның шешімімен жеңімпаздар анықталып, олар дипломдар мен алғыс хаттармен марапатталды.

Жобаны Қазақстан Республикасы Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі, сондай-ақ «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен Қазақстан Жастар Конгресі жүзеге асырып жатқанын естеріңізге саламыз.