КЕЛЕСТІК БИШІЛЕР БАЙҚАУДЫҢ БАС ЖҮЛДЕСІН ИЕЛЕНДІ

  • Түркістан облысы, Келес ауданы
blog-single-image

Мұқағали Мақатаев шығармаларын оқудан Талдықорған қаласында өткен республикалық байқауда Түркістан облысы Келес ауданының атынан қатысқан Фатима Сәдуақасова бірінші орынға ие болды. Ол ақын шығармаларын көпшілік алдында мәнерлеп оқып, өлең құдыретін таныта білді.

Сондай-ақ, жуырда «Нұр шашқан бүлдіршіндер» байқауында «Айым» бишілер тобы бас жүлдені жеңіп алып, аудан мерейін асқақтатты.

Жалпы, Келес ауданы ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты 45 мәдениет ошағы жұмыс істейді. Онда 150-ден астам мәдениет қызметкері жұмыс істейді. Мәдениет үйлерінде 58 үйірме 7 жанр бойынша шәкірттер тәрбиелеуде. Қазір мұнда 1 мың 700-дей бүлдіршін көркем сурет салу, көркем сөз оқу, би, ән айту ескілді өнер түрлерін меңгеруде.

Жалпы, Келес ауданында жыл басынан бері 400-ге тарта мәдени шаралар ұйымдастырылды. Пандемияға байланысты оның басым бөлігі онлайн режимде өткізілген.

Биыл аудан орталығы Абай ауылындағы аудандық мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізуде. 1977 жылы іргесі қаланған нысандағы құрылыс жұмыстары биылғы жылдың қазан айының соңында аяқталатын болады.

Көрнекі сурет ашық интернет көздерінен алынды