КЕЛЕС АУДАНЫНДА ТҰТ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚАРҚЫНДЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ

  • Түркістан облысы, Келес ауданы
blog-single-image

Жол бойларын көгалдандыру мақсатында Түркістан облысы Келес ауданы Бірлесу ауылдық округінде ғалым Бердияр Қалымбетов 1 гектар жерге тұт ағашының көшетін жетілдіретін бақша жасады. Ежелгі Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан Келес ауданының климаты тұт шаруашылығына өте қолайлы аймақ. Сол себепті, Келес даласында тұт шаруашылығын дамытуды қолға алған ғалым Бердияр Қалымбетов бүкіл облыс аумағын тұт көшетімен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.

Тұт ағашы өте әдемі, бойы 12-18 метрге дейін жетеді. Көлеңкесі қою өсімдік түрі болып табылады. Ағаш орта есеппен 70-80 жыл өмір сүреді. Тұт ағашының өнімі неше түрлі ауру мен сырқатқа, сондай-ақ қан қысымымен ауыратын адамдарға пайдалы. Ғалымның айтуынша, жібек өндірісі – әлемдегі ең табысты кәсіптердің бірі. Жібек талшығы жібек құртынан алынады. Ал, жібек құртының негізгі азығы — тұт ағашы.

Тарихқа сүйенсек, Келес ауданында Кеңес дәуірі кезінде жібек шаруашылығы мейілінше дамыған. Сол ескі шарушылықты бүгінгі күннің жаңа технологиясымен дамыту үшін ауданда жұмыстардың алғы легі осы тұт шаруашылығы болып табылады.