КЕСЕНЕ АУМАҒЫНДА ДРОН ҰШЫРУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНДЫ

  • Түркістан облысы, Түркістан қаласы
blog-single-image

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен оның айналасында дрон аппараты арқылы фото, видеоны рұқсатсыз түсіруге тыйым салынды. Бұл жөнінде “Әзірет Сұлтан” мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің фейсбуктегі ресми парақшасы бөліскен.
Ресми парақша таратқан хабарламада “Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы еліміздегі әуе кеңістігінде пилотсыз ұшу аппараттарын пайдалану қағидаларын бекіту туралы № 706 бұйрығына сәйкес “Әзірет Сұлтан” мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі аумағында дрон аппаратын рұқсатсыз ұшыруға тыйым салынды” делінген.
Бұл шешім халық көп шоғырланатын аймақтың қауіпсіздігі және тарихи ескерткіштерді қорғау мақсатында маңызды. Пилотсыз ұшу аппаратын күзетілетін объектілердің үстінен ұшыру үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдарымен және Мемлекеттік күзет қызметімен кемінде 5 жұмыс күн бұрын мақұлдануы тиіс.