КҮЗГІ ХАНЗАДА МЕН ХАНШАЙЫМ САЙЫСЫ ӨТТІ

  • Түркістан облысы, Келес ауданы
blog-single-image

Түркістан облысы Келес ауданы “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерейтойына орай “Күзгі ханзада мен ханшайым” сайысы ұйымдастырылды. Аудандық мәдениет үйінде өткен байқау жастардың талабын шыңдау, ұлттық салт-дәстүрлерімізді дәріптеу, ұлттық сана қалыптастыруды көздеді.

Сайыс төрт кезеңнен тұрды. Оның алғашқысында сайыскерлер өздерін өлең сөзбен көпшілікке таныстырса, екінші кезеңде өз өнерлерін ортаға салды. Ән шырқады, би биледі. Ал үшінші кезеңде сахнада пародиялық көрініс көрсетіп, әртістік қабілеттерін паш етті. Төртінші кезеңде жастар күзгі киім үлгілері мен өз қолдарымен жасаған туындыларын таныстырды.

Сайысқа қатысқан 16 жұп та көрерменнің көңілінен шығып, қошеметке ие болды. Қазылар алқасы сайыстың әр кезеңі бойынша жұптарға баға беріп, жеңімпаздарды анықтады. Үздік деп танылғандар байқаудың бас жүлдесі мен бірінші, екінші, үшінші орындарды иеленді. Жүлдегер атанған жастарға аудандық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің басшысы атынан арнайы бағалы сыйлықтар табысталды.