КӨШЕ ЖАРЫҚТАНДЫРУ КӨРСЕТКІШІ 70%-ҒА ЖЕТЕДІ

  • Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы
blog-single-image

Шымкент қаласында 2021 жылы 104 көше жарықтандыру жоспарланған болса, жоспар артығымен орындалып, 136 көшеде жұмыстар толығымен аяқталды. Нәтижесінде қамтылу көрсеткіші 30%-дан, 43,4%-ға дейін өсті.

Жалпы алғанда, 2021-2023 жылдары 312 көшені:

2021 жылы – 104 көше, 2022 жылы – 102 көше, 2023 жылы – 106 көше жарықтандырып, қамту көрсеткішін 70-% жеткізу жоспарланған.

Оған қоса, «Ақылды қала» жобасы негізінде көше жарықтандыру жүйелерін толықтай автоматтандыру мақсатында олар диспетчерлік орталық арқылы басқарыла бастады. Орталыққа қай көшелер қосылып немесе өшіп тұрғандығы, қай көшеде қанша жарықшам істен шыққандығы, пайдаланылған электр қуаты туралы ақпараттар “сигнал” арқылы беріліп отырады.

Алдағы уақытта әр жарықшамның килловаты, түнде, көлік қозғалысы баяулағанда жарықтық дәрежесін автоматты төмендету арқылы энергия үнемдеу сынды функцияларды қосу жоспарланған.

Қазіргі таңда, 40-қа жуық көше диспетчерлік орталыққа қосылған. Жыл соңына дейін көше санын 100-ге жеткізу көзделген.

Көрнекі фотосурет ашық көздерден алынды.