ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР
-
Шымкент қаласы, Абай ауданы
Қыс – үлкен сынақ. Табиғаттың бұл жыл мезгілі адамдарды әбігерге салумен бірге олардың сақтық шараларын қатаң сақтауды да талап етеді. Осыған орай, мегаполисте газға байланысты оқыс-оқиғалардың алдын алу және болдырмау мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізіліп жатыр.
– 2022-2023 жылғы жылыту маусымына алдын-ала дайындық жұмыстарын жүргізу үшін жыл басында аудан әкімдіктері мен төтенше жағдайлар басқармасы және «ҚазТрансГаз Аймақ» акционерлік қоғамы Шымкент өндірістік филиалы басшыларына хат жолданып, жыл соңына дейін кесте бекітілген. Бекітілген кестеге сәйкес, қала тұрғандарына газбен байланысты оқыс-оқиғалардың алдын алу және болдырмау мақсатында газды пайдалануда техникалық қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша үгіт-насихат түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Бұл – профилактикалық жұмыстың мақсаты қала тұрғындарының өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі, – деді Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы басшысының орынбасары Мәлік Әбдінұров.
Жалпы, Шымкент қаласында 29 компания үй ішілік газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсетуге тиісті аттестат алған. Бұл туралы өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің сайтында жарияланған. Сараптау-талдау жұмыстарының нәтижесінде қазір бұл мекемелердің ішінде 13 компания қызмет атқаратыны анықталды. Сондай-ақ түтіндік мұржаларын және желдеткіш арналарын тазалайтын 7 мекеме жұмыс істейді.
ҚР «Газ және газбен жабдықтау туралы» Заңының 19 бабының 3 тармақшасына сәйкес, тұрғындар тұрмыстық газды пайдалану барысында аттестатталған, мамандандырылған мекемелермен (ВДГО) өздеріне тиесілі газ жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуге арналған шарт жасасуға міндетті делінген.
Үй ішілік газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсетуге тиісті шарт жасалуын цифрландыру мақсатында, «I-Shymkent» порталына 13 компанияның тиісті мәліметтері еңгізіліп, іске қосылып отыр. Бұл бағдарлама арқылы үй-ішілік газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсетуге келісім шартты электронды түрде жасауға мүмкіндік бар. Қала тұрғындары үйден шықпай-ақ 13 мекеменің қызметтерімен өз таңдауы бойынша онлайн келісім-шартқа тұра алады.
Сонымен қатар, құрылысы жүріп жатқан үйлерге биыл бюджет есебінен 2 мың 972 газ дабылқаққыш (газосигнализатор) орнату жоспарлануда. Бүгінгі таңда 213 мың 527 абонент қала аумағында орталық газ жүйесіне қосылған. Оның ішінде:
95 мың 285 көпқабатты тұрғын үй;
118 мың 242 абонентжеке секторда;
366 абонент өндірістік кәсіпорындар және әлеуметтік нысандарда
6 700 абоненттұрмыстық шаруашылық мекемелерінде орналасқан.