“САЙРАМ-ӨГЕМ” МҰТП ТУРИСТІК СОҚПАҚТАРЫНЫҢ ОФЛАЙН КАРТАСЫ ШЫҚТЫ

  • Түркістан облысы, Төле би ауданы
blog-single-image

“Сайрам-Өгем” ұлттық паркінің туристік соқпақтары офлайн картада көрсетіле бастады. Бұл жайында табиғи парктің фейсбуктегі парақшасы бөлісіп отыр.
Туристер мен демалушылардың парк аумағында туристік маршрутында қауіпсіздігі үшін офлайн карта әзірленді. Парктің офлайн картасын жүктеу үшін “Сайрам-Өгем” МҰТП-ның www.sugnpp.kz сайтына кіріп, “Скачать путеводитель” батырмасы арқылы CARRYMAP офлайн картасын басып, жүктеп аласыз. Жүктелген құжатты Carrymap қосымшасы арқылы басып, офлайн картасын пайдалана аласыз.
Қазірше офлайн картаға 2 туристік маршрут енген. Олар “Мақпалкөл” және “Қасқасу-Сусіңген” туристік соқпақтары.
Енді, ұлттық парктің туристік соқпақтарында саяхаттай қалсаңыз, маршрутыңызды бағдарлау үшін желі қуып, байланыс ұстайтын жер іздеп, бағытыңыздан шығандаудың қажеті азайды.