САҚ БОЛЫҢЫЗ: ТҰМАН МЕН КӨКТАЙҒАҚ!

  • Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы
blog-single-image

«Қазгидрометтің» кезекші синоптигінің мәлімдеуінше, Шымкент қаласында 2022 жылғы 8 ақпанда кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі.      

Қайғылы оқиғаларды алдын алу мақсатында Шымкент қаласының ТЖ департаменті мына сақтық шараларды ұсынады:

Жүргізушіге тұман жағдайында қозғалу кезінде:

— қозғалыс жылдамдығын азайту. Ол көріну қашықтығының жартысынан аспауы тиіс. Мәселен, 20 м көріну кезінде ол 10 км/сағ аспауы тиіс;

—  автокөлікте тұманға қарсы фараларды жақын немесе алыс фар жарығымен бірге пайдалану;

— әйнектер бұланып кеткенде салонның жылыту және желдету жүйесін, сондай-ақ артқы әйнектің электр қыздырғышын қосу;

— таңбалар болған кезде жолақтарды бөлетін таңбалар сызықтарының арасында орталықтан орын алу;

— жүргізуші жағынан терезені ашық ұстау және басқа көлік құралдарының шуылын тыңдау;

— дыбыстық сигналды мезгіл-мезгіл қолдану, әсіресе қала сыртындағы жолда.

Жаяу жүргіншілерге көктайғақта мына сақтық шаралар үсынылады:

* ыңғайлы, тұрақты өкшеде, тайғанамайтын аяқ киім кию;

* көшені тек белгіленген жаяу жүргіншілер өтетін жерде кесіп өту, тайғақ жол жамылғысының және нашар көрінудің салдарынан жүргізушіге көлік құралын тоқтатуға көп уақыт кетеді;

* қозғалатын көліктің алдында трассадан жүгіріп өтпеу;

* жоғары көрінетін көкірекше немесе шағылысатын элементтерді пайдалану;

* тек көлік ағынына қарай қозғалу;

* құлаған кезде травматологтар қолдарын алдына қоймауға, бүйіріне құлауға кеңес береді, бұл күрделі сынықтардың алдын алады.

Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы

kyzmet-gazeti.kz