ТАРАЗДА «ТУҒАН ЖЕР» ДЕГЕН БЕЙНЕБАЙҚАУ БАСТАЛДЫ

  • Жамбыл облысы, Тараз қаласы
blog-single-image

«Тараз-Туризм» туристік ақпараттық орталығы және «Жастар ресурстық орталығының»  ұйымдастыруымен «Туған жер» атты бейнебайқауы басталды. Бұл жөнінде Жамбыл облыстық Туризм басқармасының фейсбуктегі парақшасы бөліскен.

БАЙҚАУ ЕРЕЖЕСІ

1. Осы тұжырымдама облыс көлемінде ұйымдастырылып жатқан, туған жердің ұлттық құндылықтарын дәріптеуге бағытталған.
2. Бейнеконкурс атауы «Туған жер».
3. Конкурс инстаграм желісінде «Челлендж» арқылы өтеді.
4. Іс-шара соңында үздік бейнероликті анықтау арқылы 3 жүлделі орын тағайындалады.
5. Байқауға Жамбыл облысы бойынша жастар қатыса алады.

ӨТКІЗІЛУ ОРНЫ МЕН УАҚЫТЫ

1. Бейнеконкурс 2022 жылдың мамыр айының 3-20 аралығында жоспарланған.  Аталған конкурс инстаграм желісінде «Челлендж» арқылы өтеді.
2. Жүлдегерлер мамыр айының 22 -нде анықталады.

ЖАРЫС ТАЛАПТАРЫ

Іс-шараға қатысушы өз өңірінің келбетті жерлерінің бірінде 30 – 60 секундтық бейнеролик түсіріп, инстаграм желісіндегі ресми парақшасында міндетті түрде «Челлендж Туған жер» (#челленджтуғанжер, #туғанжерчеллендж) хештегін жазып, пост салу арқылы жүзеге асырылады.
Бейнероликті түсіру барысында, қатысушы туған жеріне арнап, бір шумақ өлең жолын арнау арқылы немесе мағлұмат беру арқылы дәріптеуі тиіс. Сонымен қатар, ұйымдастырылған жастар сенбіліктерін, «Өмірлік сабақтар»  экскурсиялар туралы бейнероликтерді де тақырыппен ұштастыру арқылы жариялауға рұқсат етіледі.