ТАЭКВОНДАДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

  • Шымкент қаласы, Абай ауданы
blog-single-image

Шымкент қаласындағы жеңіл атлетика кешенінде таэквондадан  Рашид Жұмановты еске алуға арналған халықаралық турнир басталды. Сайысқа еліміздің өңірлерімен қатар көршілес Өзбекстан және  Қырғызстан Республикасының  спортшылары қатысуда. Жарысты Шымкент қаласы спорт басқармасы мен Қазақстан Республикасы таэквонда федерациясы бірлесіп ұйымдастыруда.

Турнир кубогын сарапқа салу барысында, ересектермен қатар жастар және жасөспірімдер де жекпе-жекке шығып, жеңімпаздар анықталады. Жарысқа үш мемлекеттің және еліміздің барлық өңірінен мыңға жуық спортшы қатысуда. Халықаралық турнирдің ашылу рәсімі кезінде Шымкент қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Ермек Дәрменов құттықтау сөз сөйлеп осы жарыс аясында спортшыларының шеберлігін шыңдау басты мақсат екендігін айтты.

Жарыстың басты мақсаты спорттың осы түрінен ұлттық құрама мүшелерін іріктеу болып табылады. Сайысқа кәсіпкер Рашид Жұмановтың отбасы мүшелері қатысып жарысты ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді. Турнирді өткізуші Шымкент қалалық таэквондо федерациясының президенті Нұрсұлтан Жұманов жеңімпаздардың барлығына арнайы жүлделер табыс етілетінін айтты.

Шымкент қаласында 2021 жылдың  екінші жарты жылдығынан бастап жан басына шаққандағы қаржыландыру бағдарламасы іске асырылуда. Бұл мақсатқа 2021 жылы 439 миллион  теңге қаржы бағытталып, 54 кәсіпкер 12 мың 474 баланы спортпен тұрақты шұғылдануына жағдай жасады.

2022 жылы бұл бағыттағы іс жандана түсті. Жан басына шаққанда қаржыландыру жобасының мемлекеттік спорттық тапсырысты іске асыруға жергілікті бюджеттен 2 323,0 миллион теңге қаржы бөлінді. Жоспар бойынша  Шымкент қаласындағы 4-пен 18 жас аралығындағы 14 000 баланы немесе осы жастағы балалардың жалпы санының 16 пайызын спорттық секцияға қатыстыру көзделді.

Бүгінгі таңда  мемлекеттік спорттық тапсырысты жан басына нормативтік қаржыландыру платформасына 130 кәсіпкерден өтінім түсіп отыр. Оның ішінде 96 кәсіпкер біліктілік іріктеуден өтіп, өтінімдері мақұлданды.

Бүгінгі таңда мемлекеттік спорттық тапсырыс бойынша жалпы саны 14 230 баланың ата-анасымен келісімшарт жасалып отыр. Олардың   баскетбол, бокс, еркін күрес, грек-рим, дзюдо, каратэ, таеквондо, жүзу, үстел теннисі, футбол, шахмат, көркем гимнастика, волейбол, пауэрлифтинг, қазақ күресі, футзал, теннис секілді 186 спорт секциясында жаттығуына мүміндігі бар.

Жоба аясында 264 жаттықтырушы және 150 жуық басқа да қосалқы қызметкер жұмыспен қамтылғалы отыр.