ТУРИЗМ САЛАСЫНДА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУШІЛЕРГЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ

  • Шымкент қаласы, Қаратау ауданы
blog-single-image

Бұл туралы Ақпараттық-коммуникациялық орталығы алаңында өткен брифингте Шымкент қаласының Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Ерлан Қыдыров айтты. Шымкентте алғаш рет туристерге қызмет көрсететін кәсіпкерлерге мемлекеттік қаржылай қолдау тетіктері іске асуда.
Бұл қолдаулар ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, жергілікті атқарушы орган және «Kazakh tourism» ҰК тарапынан көрсетілмек.
Министрлік тарапынан:
– Шет елдік туристер үшін туроператорлардың шығындарын субсидиялау жергілікті атқарушы орган тарапынан;
– Туристік нысандар құрылысы шығындарының бір бөлігін өтеу;
– Жол бойындағы қызмет көрсету нысандары құрылысының бір бөлігін өтеу;
– Туравтобустарды сатып алуда шығындардың бір бөлігін өтеу;
– Санитарлық-гигиеналық торапты (әжетхана) күтіп ұстау шығынын субсидиялау.
Спикердің сөзінше, «Кazakh tourism» ҰК» АҚ тарапынан балалар әуебилетін субсидиялау 100%. Яғни, 17 жасқа дейінгі балалар Қазақстан ішінде тегін ұша алады. Аталған жоба – ел ішінде демалысқа аттанған балалардың әуе билетін тегін алуына мүмкіндік береді. Ол үшін турпакет ішкі туризмде лицензиясы бар туроператордан сатып алынуы тиіс.
Айта кетейік, аталған қолдаулар туризм саласының дамуына үлкен үлес қосады.
Ақпараттық-коммуникациялық орталығы