ТУРИЗМ ТУРАЛЫ ОТЫРЫСТА ЕСКЕРТКІШТЕРДІҢ ҚОРҒАЛУЫ ҚАРАЛДЫ

  • Жамбыл облысы, Тараз қаласы
blog-single-image

Таразда Жамбыл облысы Өңірлік кеңесінің туризм саласындағы комитетінің кеңейтілген отырысы өтті. Бұл жөнінде облыстық Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясының фейсбуктегі парақшасы жазды.

Жиынға Жамбыл облысы Өңірлік кеңесінің туризм саласындағы комитетінің кеңейтілген отырысына Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекцияның директоры Қ.К.Дәурембеков баяндама жасаған. Директор Жамбыл облысында орналасқан тарихи-мәдени ескерткіштердің қорғалуы және сақталуы жөнінде ақпаратпен бөлісті.