ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕГІ ОРЫНДАЛЫП КЕЛЕДІ

  • Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы
blog-single-image

Шымкент қаласында жыл басынан бері тұрғындар тарапынан көтеріліп, айтылған 1 мың 20 мәселенің тең жарымына жуығы қысқа мерзім ішінде шешімін тапты.  Ал, 377-сі жыл соңына дейін тұрғындар тілегіне сай істелетін болады, қалған  195 мәселе 2023-2025 жылдар жоспарына енгізіліп отыр. Жалпы, шаһар басшысы жыл басынан бері мегаполистегі елді мекендерді аралау барысында 125 кездесу өткізген.

Мемлекет басшысының жарлығына сәйкес, Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтің әр тоқсан сайынғы жоспарлы кезекті есепті кездесуі  Әл-Фараби ауданы тұрғындарымен жалғасты.  Жиынға  300-ден астам тұрғын, қала әкімдігіне қарасты басқарма басшылары, қоғамдық кеңес мүшелері, мәслихат депутаттары мен БАҚ өкілдері қатысты. Есепті кездесу Шымкент қаласы әкімдігінің инстаграмдағы ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетілді.

Әл-Фараби ауданы қаланың 14 мың гектардан астам аумағын алып жатыр. Мұндағы халық саны – 207 мың 747.  Аудан екі елді мекен және  13 шағын ауданнан құрылған. Аудан әкімі Рашид Мыңбаевтың айтуынша биыл аймақ тұрғындары 100 пайыз  сапалды ауыз сумен қамтылатын болады. Өзге инфрақұрылым жүйесі кезең-кезеңімен шешіліп келеді.  Мәселен, электр жүйелері жаңартылып, халық сапалы жарыққа қол жеткізуде. Кәріз жүйесін реттеу жағына да ерекше көңіл бөлінген. Биыл аудандағы инженерлік инфрақұрылым жүйелерін жақсарту, қолайлы ортаны қалыптастыру мақсатында 32 миллиард теңге қарастырылған. Қаржының көп бөлігі жол салу, жарықтандыру, ауыз су мен көгілдір газ құбырын татуға жұмсалуда.

Алдын ала бекітілген регламентке сай өрбіген сұрақ-жауап барысында  қала әкімі Мұрат Әйтенов 30-дан аса тұрғынның талап-тілегін тыңдады. Атап айтқанда, денсаулық саласы, жұмыспен қамту, инфрақұрылым, балалар ойын алаңшалары, қоқыс мәселесі, заңсыз ғимарат салу мәселелері төңірегіндегі сұрақтарға жауап берді. Қала басшысы халықтың ұсыныс-пікірлерін мұқият тыңдап, бірқатар проблеманың Заң аясында шешілуіне ықпал ететінін жеткізді.

Жиын екі сағатқа созылды. Тұрғындар әкімге сұрақты жазбаша түрде де жолдады.

Жалпы, қала басшысы елді мекендерді аралап, халықпен кездесуден бөлек тұрақты түрде қабылдау өткізіп келеді. Әкім соңғы 9 айда 12 рет жеке қабылдау өткізіп, 1 200-ден астам азаматтың мәселесі тыңдаған. Бұл кездесулерде 2 мың 341 мәселенің 760-сы нақты шімін тапса, 1 476-сы орындалу үстенді. Қалған мәселелер заң талаптарына сәйкес алдағы уақытта шешілетін болады.