ШАҺАР БАСШЫСЫ ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСТАРЫН ТЕКСЕРДІ

  • Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы
blog-single-image

Шымкент қаласына қарасты  Өтеміс және Базарқақпа елді мекендеріндегі төрт бірдей көшенің құрылысы аяқталып ел игілігіне берілді. Ұзындығы 5,1 шақырым болатын  Өжен, Ақкөл және Мұрат көшелеріне орташа жөндеу жасалды.

Ал, КХ-42 көшесінде құрылыс жұмыстарын аяқтау үшін жұмыс қарқынды жүргізілуде.  Нысанның ұзындығы 3,1 шақырым, ені 6 метр.

Қазіргі таңда асфальт жабындысының  екінші қабатын төсеу жұмыстары атқарылуда. Құрылыс кестесіне сәйкес, орташа жөндеу жұмыстары биылғы жылдың  қараша айының соңына дейін аяқталуы керек.

Бүгінгі таңда, сондай-ақ, Базарқақпа тұрғын алабындағы Сайрам-су өзені үстінен өтетін аспалы темір көпірдің құрылысы да тоқтаусыз жүріп жатыр. Бұл жұмыс демеушілердің қаржысына істелінуде. Аспалы көпірдің ұзындығы 18, ал ені 5 метр.  Қазіргі уақытта көпір құрылысымен қоса қалалық автомобиль жолдары  басқармасы тарапынан көпірге дейінгі ұзындығы 400 метр, ені 6 метр болатын жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, толық аяқталды. Базарқақпа елді мекені тұрғындарының қарым-қатынасына қиындық туғызған ескі аспалы ағаш көпір Сайрам су өзені үстіне

1986 жылы салынған.  Алайда оны 1994 жылы су шайып кеткендіктен ауыл тұрғындары өз  қаржыларына темір өткел салып, осы кезге дейін өздері күтіп ұстап келген-ді.  Енді келер жылдан бастап елді мекен жұртшылығына сапалы әрі қауіпсіз жаңа көпірмен діттеген жеріне барып келуіне мүмкіндік туғалы отыр.

Шымкент қаласында, сонымен қатар, биыл 24 көшенің бойына ирригациялық арықтар салынуда. Ұзындығы 11,7 шақырым болатын бұл жүйелердің құрылыс жұмысы бүгінгі таңда 85 пайызға аяқталған. Олар:

  1. «Сәуле» шағын ауданыны Зерде көшесі-1000м
  2. «Сәуле» шағын ауданыны Көксай-2 көшесі-1200м
  3. «Сәуле» шағын ауданыны Ақмешіт көшесі (септик орнату)-250м
  4. «Сәуле» шағын ауданыны Бөген көшесі-1000м
  5. «Сәуле» шағын ауданыны Жеңістің 50 жылдығы көшесі-600м
  6. «Сәуле» шағын ауданыны Жаңабазар көшесі-450м
  7. «Сәуле» шағын ауданыны Тұмарлы көшесі-300м
  8. Забадам шағын ауданында Таусамалы көшесі-900м
  9. Забадам шағынауданы Тобыл, Балдаурен, Айкөл көшесі-350м
  10. Забадам шағынауданы Қажымұқан көшесі-200м
  11. Забадам шағынауданы Қарабастау көшесі-350м
  12. Забадам шағынауданы Макаренко көшесі-350м
  13. Забадам шағынауданы Саттарханов және Ашурходжаев көшелерінің қиылысы-70м
  14. Забадам шағынауданы Абат көшесі, Забадамский көшесі-560м
  15. Шәймерденов көшесі-1700м
  16. Ж.Тәшенов көшесі мен Шолохов көшелерінің қиылысы-250м
  17. Республика даңғылы 19б үй аумағы-500м
  18. Ескі қалашық Хаят көшесі, Амангельді көшесі, Шымкентский көшесі-1500м
  19. Көк сай-1 Анарова көшесі-160м

Ирригациялық арықтардың құрылысы биыл қарашаның 15-не дейін  аяқталады. Ал 2023  тағы 7 көшеге ирригациялық жүйелер жүргізу үшін бюджеттік өтінім қайта ұсынылатын болады.