ШЫМКЕНТТЕ ТАУАР ӨНДІРУШІЛЕРДІҢ КӨРМЕСІ ӨТІП ЖАТЫР

  • Шымкент қаласы, Қаратау ауданы
blog-single-image

Шымкентте отандық тауар өндірушілер көрмесі өтіп жатыр. Көрмеде фармацевтикалық, химиялық, машина жасау, азық-түлік, жеңіл, жиһар өнеркәсібі, құрылыс материалдары мен агро-өнеркәсіп кешенінің 80-нен аса кәсіпорны өз өнімін ұсынған. Басты мақсат – жергілікті тауар өндірушілердің жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті өнімдерімен кеңінен танысу. Жаңа серіктестер іздеп, өзара тиімді келісім жасау.

Отандық өндірушілерді насихаттауға бағытталған және кәсіпорындарды дамытуға, жаңа технологияларды енгізуге және импортты алмастыатын өнімдердің ассортиментін арттыруға ынталандыру болып отыр. Іскерлік байланыстарды орнату үшін әлеуетті тұтынушылар шақырылған. Мердігер компаниялар мен әр түрлі саладағы жобалық ұйымдар, қонақүй және мейрамхана бизнесінің өкілдері, сауда және дистрибьюторлық компаниялар, жергілікті атқарушы органдар және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары да жұмылдырылған.

Қазір қалада жұмыс істеп түрған 2 075 өнеркәсіптік кәсіпорын шоғырланған, оның ішінде 70-і ірі және орта өндірістер. Кәсіпорындардың 80 пайыздан астамы өңдеу өнеркәсібі салаларында жұмыс істейді. Үш жыл ішінде жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың саны 700 бірліктен астам. Сонымен қатар, Шымкент Қазақстандағы кілемдердің жалғыз өндірушісі екенін де айта кету керек. Өнеркәсіптік өндіріс құрылымына негізгі үлесті өңдеу өнеркәсібі алады.

Мамандар кәсіпкерліктің әлеуетін  халыққа таныстыру үшін осындай көрмелерді тұрақты түрде өткізу қажет деп санайды. Статистика бойынша Шымкенттің өнімдері республикадағы үлестің 30 пайызын, ал фармацевтикада 26 пайызын қамтиды. Өзге салаларда да мегаполистің потенциялы жоғары.

Кәсіпкерліктің алға басуы ең алдымен жұмыссыздықты азайтады. Экономикаға серпін беріп, қосымша жұмыс орнын арттырады. Халықтың әлеуметтік жағдайы жақсарады. Соның арқасында көптеген отбасы нәпақа тауып, бала-шағасын асырауға мүмкіндік алмақ.

Шымкент  республикалық маңызға ие дербес қала мәртебесіне ие болған 4 жылдың ішінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 58 мыңнан 75 мыңға дейін өсті. Яғни 30 пайызға артқан.  Ал олардың шығарған өнім көлемі  алғаш рет 1 триллион  теңгеден асып отыр.

Сондай-ақ, осы мерзім аралығында өнеркәсіп өнімінің көлемі 60 пайызға артып, 785 миллиард теңгені құрады. Ал, шаһарға инвестиция тарту бойынша  Шымкент  былтырдан бері бірінші орында. Биыл қалаға  жарты триллионнан (538 миллиард. теңге) астам инвестиция тарту  жоспарланып отыр.