ШЫМКЕНТ-ТАШКЕНТ БАҒЫТЫНДА АВТОБУС ҚАТЫНАЙ БАСТАЙДЫ

  • Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы
blog-single-image

Енді Шымкент-Ташкент бағытында халықаралық автобус рейстері қатынай бастамақ. Бұл жөнінде Шымкент қалалық Туризм басқармасының фейсбуктегі парақшасы сүйінші сұрай ақпарат бөлісті.
Ресми ақпарат көзіне қарағанда, «Visit Shymkent» орталығы мен «Silk Road» ЖШС арасында келісім жасалған. Алдағы уақытта аталған жолаушылар компаниясының автобустары «Шымкент Плаза» сауда үйі маңындағы туристік автобустарға арналған «Bus Stop» тұрақтарынан қатынайтын болады.
«Шымкент-Ташкент» халықаралық автобус бағытының екі ел арасындағы туристер ағынын арттыруға ықпалы мол. Сондай-ақ, «Silk Road» ЖШС-нің көліктері маркетинг саласы бойынша жарнамалық насихат жұмыстарына атсалыспақ.
Қатынау жиілігі: күніне үш рет, 08:30, 13:30 және 19:30.
Ресми ақпарат көзінде қазіргі таңда келіссөздердің соңғы сатылары жүргізіліп жатқаны айтылған. Жолашуылар көлігінің нақты жолға шығу күні тағы да алдын-ала хабарланатын болады.
Көрнекі фотосурет mintrans.uz сайтынан алынды