«АЛТЫН АДАМ» ОРДАБАСЫҒА КЕЛДІ

  • Түркістан облысы, Түркістан қаласы
blog-single-image

«Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени қорық-музейінде «Алтын адамның табылу және зерттелу тарихы» деп аталатын көрме ашылды. Көрмені Алматы облысында орналасқан «Есік» тарихи-мәдени музей-қорығы ұйымдастырып отыр.
Бүгін ашылып отырңан көшпелі көрмеден Сақ дәуірінің құнды мұраларын тамашалауға болады. Бұл шара көне заманның жәдігерлерін дәріптеп, бүгінгі Қазақстан елінің ұлттық мұрасына айналған тарихи құнды заттармен таныстыруға арналып отыр.
«Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастырып отырған «Алтын адамның табылу және зерттелу тарихы» атты көшпелі көрменің салтанатты ашылу рәсіміне Түркістан, Алматы облыстары мен Шымкент қаласынан арнайы қонақтар, музей мамандары, тарихшылармен қоса, мектеп оқушылары да қатынасты. Көрменің мақсаты – халқымыздың тарихи-мәдени мұрасын насихаттау, сақ дәуірінің құнды жәдігерлері арқылы жас ұрпақтың ұлттық тарихқа қызығушылығын арттыру және ата-бабаларымыздың мәдениеті мен өркениетін таныту. Салтанатты шараға мәдениет және музей саласының қызметкерлері, тарихшылар, ғалымдар, ардагерлер, ұстаздар мен мектеп оқушылары қатысты.
Іс-шарада «Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Досалы Жайлауұлы құттықтау сөз сөйлеп, музейлер арасындағы мәдени байланысты нығайтудың маңызын атап өтіп, көрме жұмысына сәттілік тіледі. Сонымен қатар «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры Әзімхан Серікұлы, Түркістан облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Ғалымжан Бақытжанұлы, Шымкент қалалық музейлер бірлестігінің директоры Жандос Керімұлы және Бадам ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шахар Қаназарұлы сөз сөйлеп, көрменің тарихи-танымдық маңызын атап өтті.
Салтанатты шара барысында көрменің ашылу лентасы қиылып, қонақтар экспозициямен танысты. Келушілерге сақ дәуірінің құнды жәдігерлері мен археологиялық олжалардың жаңғыртпалары таныстырылып, Алтын адамның табылу және зерттелу тарихы туралы мәліметтер берілді. Көрме 9 қазан мен 9 қараша аралығында «Ордабасы» қорық-музейінің көрме залында келушілер назарына ұсынылады.