ЕСКЕРТКІШТЕРДІ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ ОРАЙ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ АТҚАРЫЛДЫ
- Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы
18-сәуір Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күні. Осы халықаралық атаулы күнге орай Шымкент қалалық музейлер бірлестігінің қызметкерлері ескерткіштер мен тарихи орындар аумақтарында сенбілік жұмыстарын атқарды.
Шымкент қалажұрты (б.з.д ІІІ-ІІ ғғ. б.з.-ХІХ ғғ.) – жергілікті маңызы бар ескерткіштер санатына жатады. Бүгінде бұл археология ескерткіші ашық аспан астындағы музейіне айналдырылған. Шымкент қалалық музейлер бірлестігіне қарасты «Шым қала» тарихи-мәдени кешені қызмет етіп келеді.
Сенбілік жұмыстары кезінде кешен аумағындағы аумақта тазалық жұмыстары атқарылды. Бұл тазалық жұмыстары «Ерлік», «Хәкім Абай», «Сайрам» және Саяси-қуғын-сүргін құрбандарына арналған музейлерде де қолдау тапты. Айта кетсек, Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне орай атқарылып жатқан тазалық жұмыстары былтырғы 2025 жылдан бері тұрақты өткізіліп отыратын дәстүрге айналып отыр.