ШЫМКЕНТТІҢ ТАРИХИ МАҢЫЗЫН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ АРТТЫРА ТҮСКЕН ШАРА ӨТТІ
- Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы
Бүгін, 5 маусым күні «Шым қала» тарихи-мәдени кешенінің 5 жылдық мерейтойына орайласқан «Тарих қойнауындағы Шым қала» халықаралық ғылыми конференциясы өтті. Жиынға еліміздің және көршілес Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен келген тарихшы ғалымдар, археологтар, этнографтар, сондай-ақ музей саласы мен мәдени мұраны қорғау саласының мамандары қатысты.
Бұл халықаралық конференцияның мақсаты – көне Шымкент шаһарының терең тарихын ұлықтау, археологиялық мұраларды сақтау және халықаралық ғылыми байланыстарды нығайту шараларын көздейді. Іс-шара аясында келуші қонақтар назарына кешен аумағындағы LED экранда «Шым қала» кешенінің арнайы бейнероликтері мен тарихи фильмдер көрсетіліп, ұлт-аспаптар оркестрінің жанды дауыстағы шығармалары орындалды.
Қонақтар тек ғылыми баяндамаларды тыңдап қана қоймай, көне қалашық аумағындағы интерактивті шеберлік сағаттарына қатысып, тарих қойнауына тікелей саяхат жасады. Этнографиялық және археологиялық бағыттарды қамтыған (садақ ату, келі-келсап түю тарихы мен қолданылу барысын музей мамандары көрсеттіп отырды. Қаламыздағы танымал археология маман Ж.Сүлейменова «Сүйекті жол» бөлігіне жүргізілетін археологиялық тазарту жұмыстарына баз-көз болса, суретші-қайта қалпына келтіруші Б.Сабаев көне жәдігерлерді қалпына келтіру жұмыстарынан шеберлік сағат өткізді.