ҚАРБЫЗ ПІСІП, АЛҒАШҚЫ САУДА ДА ЖАСАЛЫП ЖАТЫР

  • Түркістан облысы, Түркістан қаласы
blog-single-image

Түркістан облысында қарбыз пісіп, алғашқы дәмін де татып жатыр. Жетісай ауданы, Атамекен ауыл округіне қарасты Жемісті ауылында тамшылатып суару әдісімен егілген, 1 гектар алқаптан 25 тонна қарбыз сатып алушының көлігіне артылуға дайын тұр. Бұл жайында аудан әкімдігінің баспасөз хатшысы Бейбіт Қазыбеков өз парақшасында жазды.
– Қарбыздың 60-65 күнде пісетін “Долбый” деген сортын тамшылатып суару әдісімен сәуір айында ектік. Тамшылатып суарудың пайдасы мол екен. Жыл сайын 6 мың түп егетін едім, осы әдіспен биыл 8 мың түп өнді. Бұл өз кезегінде мол өнім алуға мүмкіндік береді. Тамшылатып суарудың тағы да бір пайдасы, бұған кететін тыңайтқыш та 5-6 есе аз. Қол күшін де көп қажет етпейсің. Қазір 25 тоннадан астам қарбызды бағасын келіссек, үзейін деп жатырмыз. Бұған дейін алармандар келісіне 210 теңге ұсынып кетті , бұл бағадан 20-30 теңгеге жоғары сатсам деп жатырмын,- дейді “Атымтай” шаруа қожалығының төрағасы Омаров Атымтай.
Жалпы, биыл Жетісай ауданында 17 мың гектар алқапқа бақша дақылдары егілген.