«ҚОШ КЕЛДІҢ, НАУРЫЗ!» КЕРУЕНІ ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

  • Шымкент қаласы, Қаратау ауданы
blog-single-image

Бүгін Самарқанның көк тасы еріп, күн мен түн теңелетін күнді тойлау Шымкенттен бастау алды. Осыған орай, барша тіршілік атаулы оянып, жер-ана бусана бастаған шақта жыл басын, той-думаны көп Әз-Наурыз мерекесін қарсы алу үшін жақсылық хабарға толы «Қош келдің, Наурыз» керуені бүгін жолға шықты.

Астана даңғылы алаңынан жолға шыққан керуен қала тұрғындары мен қонақтарын мерекелік іс-шара қай уақыттарда болатындығын хабарлау үшін қала орталықтары Евразия, Север, Айна базар, 11 мөлтек аудан, Кең баба, Орталық саябақ, МЕГА парк, Жастар аллеясы, Арбат, Орыс театры, Шымкент плаза секілді біршама жерлерді жүріп өтеді.

Керуенге кездескен әр адам жарнама-афишалар арқылы мерекелік іс-шаралардың өтетін жерлердің мекен-жайын анықтауға мүмкіндік алады.

Іс-шараны ұйымдастырушылар Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының да алған қойған мақсаты елге мерекелік көңіл-күй сыйлап, осынау айтулы ұлыстың ұлы күнін барша халық болып бірге тойлау.

Көнеден келе жатқан Наурызнама дәстүрін заманауи үлгіде жаңартылып, тоғыз күн түрлі атау бойынша ұйымдастырылып отыр. Әр күн өзіндік сипаты, өзіндік ерекшеліктерімен атап өтіледі.

Атап айтқанда наурыз айының 13-ші жұлдызында Қошқар ата өзенінің бойында «Көктем мерекесі» деген атаумен басталады. Одан әрі:

⚜️ 14 наурызда, «Көрісу күн»;
⚜️ 15 наурызда «Жайлау күні»;
⚜️ 16 наурызда «Шежіре күні»;
⚜️ 17 наурызда «Тарихқа тағзым күні»;
⚜️ 18 наурызда «Игі істер»;
⚜️ 19 наурызда «Шымырлық пен шеберлік» және «Nauryz Fashion Day» фестивалі;
⚜️ 20 наурызда «Зияткерлік күні»;
⚜️ 21 наурызда «Ұлттық тағамдар фестивалі» және «Гастроном Fest» фестивалі;
⚜️ 22 наурызда «Ұлыстың ұлы күні Наурыз», «Наурыз Шымқалада» атты атаулы күндерге толы іс-шаралар өтеді деп жоспарланған.

Атаулы күндер 23 наурызда «Жоралғы күнімен» аяқталады.

kyzmet-gazeti.kz