ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ЕҢБЕГІ ЕЛЕНГЕН КҮН

  • Шымкент қаласы, Қаратау ауданы
blog-single-image

Әлеуметтік және зайырлы қоғамның басты міндеті – ерекше жағдайдағы азаматтар мен балаларға қолдау көрсету. Шымкент қаласында «Аялы алақан» атты орталық жұмыс істейді. Мұнда ерекше жағдайдағы балаларды қоғамға әлеуметтік бейімдеу және оңалту жұмыстары жүргізіледі. Орталықта стационар жағдайда 40-қа жуық балаға қызмет көрсетіледі.

«Ерекше жандар күніне» орай аталған орталықта қызмет алушыларға арналған «МЕЙІРІМ-ШАПАҒАТ» атты мерекелік іс-шарасы өтті.

Іс-шараға арнайы қатысқан «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Жарқынбек Құрманбек және «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов қызмет алушылар мен қызметкерлерді «10 қазан – Қазақстан кәсіподақтары күні» және «Әлеуметтік қызметкерлер күні» мерекелерімен құттықтап, белсенді жұмыс жасаған кәсіподақ мүшелеріне кәсіподақтардың марапаттарын табыстады.

«Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің «Құрмет грамотасымен» орталықтың әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманы, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Балабекова Әсел Маратқызы, «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының «Құрмет грамотасымен» дәрігер Пердеев Жандос Тұрлыбекұлы, медбике Телікбаева Айнұр Сейдахасанқызы, «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының «Ағыс хатымен» тәрбиеші Енжанова Мафруза Мыңбайқызы, дефектолог Оразбаева Манат Төреханқызы, еңбек терапиясы жөніндегі нұсқаушы Үсенбаева Әлима Жуасбекқызы, логопед Абдуқалықова Айгерім Мұхамеджанқызы, палаталық санитар Бекишев Үсен Тоғызбайұлы, санитар Қансейітова Майра Әбдіғаниқызы, бақшашы Чункабаев Шерполат Өмірқұлұлы марапатталды.

Өткізілген іс-шараның концерттік бағдарламасын ұйымдастыруға Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің әдениет бөлімі демеушілік жасады.

Ақпарат үшін:

Бүгінде Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты 8 арнаулы әлеуметтік орталықтар бар. Онда биыл 2 094 адам оңалту шараларымен қамтылуда. Оның ішінде: стационар жағдайда –835 азамат, жартылай стационар жағдайда – 312 азамат, үйде қызмет көрсету жағдайда – 718 азамат.