17 ЖАСҚА ТОЛМАҒАН БАЛАЛАР ТЕГІН ҰШАДЫ

  • Түркістан облысы, Түркістан қаласы
blog-single-image

17 жасқа толмаған балалар ел ішінде тегін ұша алады. Турпакет аясында сапарлаған отбасындағы балалардың билет құнын енді мемлекет өтеп береді.

Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі бұйрық 1 қаңтардан бастап күшіне енгенін хабарлады. Онда ел ішіндегі туристік орталықтардан жолдама сатып алынған жағдайда кәмелетке толмаған жолаушыға авиабилеттерді субсидиялау туралы айтылған. Бұл елдің барлық аумағына қатысты. Министрлік өкілдері қазір ішкі туризм саласындағы туроператорлардан субсидия алуға әзірге өтінімдер түскен жоқ деп отыр.

qazaqstan.tv

Көрнекі фотосурет ашық көзден алынды