Жаңалықтар

blog-image

Шымкенттегі Қызылжар-2 шағынауданы толыққанды инженерлік инфрақұрылымға қосылды

  • Шымкент қаласы

Шымкент қаласының Абай ауданына қарасты Қызылжар-2 шағынауданында бірнеше жылдан бері өзекті болып келген инженерлік инфрақұрылым тапшылығы мәселесі біржола шешімін тапты. Биыл көктемде мегаполис әкімінің тұрғындармен өткен көшпелі кездесуінде осы аумақтың халқы ауыз судың жетіспеушілігі, тұрақсыз электр қуаты және табиғи газдың жоқтығы ең өзекті әлеуметтік проблема екенін атап өткен болатын. Тұрғындар көтерген мәселе бойынша қала әкімі […]

Барлығын оқу
blog-image

Көне Сайрам және Озған ата туралы деректер

  • Шымкент қаласы

Көне Сайрамның киелілік қасиеті туралы сөз қозғағанда, жан-жақты дереккөздерді: жазбаша және ауызша деректерді сараптап, насабнамалық мәліметтер мен аңыз-әңгімелер астарындағы мәдени қабаттарға да мән беру маңызды. Мәдени қабаттар деген түсінік тек археолгиялық мәнде ғана емес, халық ауыз әдебиетінің де материалдарында қолдануға болады. Қазіргі қолданыстағы ҚР «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Заңының 5-бабында тарих және […]

Барлығын оқу
blog-image

ШЫМКЕНТТЕ ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ МӘДЕНИ КОДЫ МЕН ӨНЕРІНЕ АРНАЛҒАН «MIRAS» ФОРУМЫ АШЫЛДЫ

  • Шымкент қаласы

2025 жылғы 21 қарашада Шымкент қаласында Түркі мәдениеті және мұрасы қорының ұйымдастыруымен және Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен Түркі этнодизайнерлерінің халықаралық «MIRAS» форумы салтанатты түрде ашылды. Форум аясында «Түркі костюмтануы және ою-өрнек семиотикасы» атты халықаралық ғылыми-танымдық конференциясы өтті. Форумның мақсаты — түркі әлемінің сәндік-қолданбалы өнеріндегі жаңа идеялар мен шығармашылық бастамаларды қолдауға арналған заманауи алаң қалыптастыру, оның […]

Барлығын оқу
blog-image

ЛУДОМАНИЯ ДЕРТІНЕН ЕМДЕЙТІН ШЫМКЕНТТІК КЛИНИКА

  • Шымкент қаласы

Шымкент қаласында орналасқан лудомания дертінен емдейтін тағы бір клиниканы таныстырысақ дейміз. «Рецепт Свободы» деп аталатын емхана да тек Шымкент қаласының тұрғындарын ғана емес, еліміздің түкпір-түкпірінен еміне шипа іздеп келушілерге қызмет етіп келе жатыр. Шымкенттегі «Рецепт Свободы» жеке наркологиялық клиникасының наркологтары, психиатрлары мен психологтары алкоголь мен есірткіге тәуелділіктен, және қазіргі таңдағы қоғамның басты дертіне айналған лудомания […]

Барлығын оқу
blog-image

ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ АДАМДАРДЫ ТЕЛЕФОН АЛАЯҚТАРЫНАН ҚАЛАЙ ҚОРҒАУҒА БОЛАДЫ?

  • Шымкент қаласы

Телефон арқылы жасалатын интернет-алаяқтық жағдайлары әлі де күн сайын тіркеліп жатыр. Олардың негізгі құрбандары көбінесе егде жастағы адамдар болып табылады. Осыған байланысты, Шымкент қаласының құқық қорғау органдарының мамандары интернет-алаяқтардан қорғанудың тәсілдерін үйретеді. Қаскүнемдер дәл осы санаттағы азаматтарды өздерінің сеніміне енгізіп алып, олардың қазіргі заманғы алдау әдістері туралы жеткіліксіз хабардар болуына байланысты таңдап алып жатады. Қылмыскерлер […]

Барлығын оқу
blog-image

ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА ТЕҢГЕНІҢ ТАРИХЫ

  • Шымкент қаласы

Шымкент қалалық музейлер бірлестігінің «Шым қала» тарихи-мәдени кешенінің көрме залында «Ұлттық валюта – төл теңге» деп аталған көрме қойылды. Аталған көрме 15 қараша – Теңге күніне орай жасақталып, музейге келуші туристердің назарына ұсынылып отыр. Көрмеге төл теңгеміздің алғаш айналымға ендірілген сәтінен бергі валютамыздың түрлі банкота нұсқаларынан бастап, монеталардың да түрлері, сондай-ақ Шымкент қаласы аумағынан табылған […]

Барлығын оқу
blog-image

ШЫМКЕНТТЕ СУИЦИД ЖАСАМАҚ БОЛҒАН ӘЙЕЛДІ КЕЗДЕЙСОҚ КУӘГЕРЛЕР ҚҰТҚАРЫП ҚАЛДЫ

  • Шымкент қаласы

Шымкент қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде өз-өзіне қол жұмсап, биік үйдің терезесінен секіріп суицид жасамақ болған әйел адамның өмірін кездейсоқ куәгерлер құтқарып қалған. Оқиға шаһардың жаңадан бой көтеріп келе жатқан «Шымкент CITY» шағынауданындағы «Модерн сити» тұрғын үй кешенінде болған. Әлеуметтік желіде таратылған бейнежазбалардың бірінен көп қабатты үйдің жоғарғы қабатындағы терезе жақтауында тұрған әйел адамды бейнелейтін […]

Барлығын оқу
blog-image

ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚТЫҢ ЖАҢА СХЕМАСЫ: КӨШЕДЕ ФОТОСУРЕТКЕ ТЕГІН ТҮСІРЕМ ДЕГЕН «ФОТОГРАФТАН» САҚ БОЛЫҢЫЗ!

  • Шымкент қаласы

Интернет-алаяқтық әрекеттің жаңа түрі шықты, сақ болыңыз! Мұндай алаяқтықтың жаңа түрі жайында фейсбук әлеуметтік желісінде Рүстам Асадов деп тіркелген желі қолданушы бөлісіп отыр. Желі қолданушының айтуынша, Шымкент қаласының бір тұрғыны сапармен Қарағанды қаласына барған кезінде төтеннен кезіге кеткен интернет-алаяқтардың тұзағына түскен. Шымкенттік нәзік жанды тұрғынның интернет-алаяқтар қақпанына қалай түскені және ондай әрекеттерден қалай сақтану қажеттігі […]

Барлығын оқу
blog-image

ЖАСТАРДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚҚА ШАҚЫРҒАН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

  • Шымкент қаласы

Шымкент қаласының құқық қорғау органдары өкілдері құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында жоғары оқу орындары студенттік ұйым жетекшілерінің басып қосып, кездесу өткізді. Аталған жиынға Шымкент қалалық Прокуратурасының аппарат басшысы Ш.Қаршығақызы, қалалық Полиция департаменті Жеке құраммен жұмыс басқармасы бастығының орынбасары Б.Мырзабаев, Шымкент қаласы прокуратурасының басқарма прокуроры Ә.Дінислам бастаған топ белсенді жастармен кездесті. Құқық қорғау органдарының мамандары студенттік ұйым […]

Барлығын оқу
blog-image

ШЫМКЕНТТЕ ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚ ӘРЕКЕТТЕР ЖӘНЕ КИБЕРҚАУІПСІЗДІК САУАТТЫЛЫҒЫН ҚОЗҒАҒАН ФОРУМ ӨТТІ

  • Шымкент қаласы

Шымкент қаласында интернет-алаяқтық және киберқауіпсіздік мәселелері бойынша «Кибералаяқтық: алдын алу, қорғау, жауапкершілік» деп аталған кең ауқымды форум өтті. Жиынға жалпы саны 1,5 мыңнан астам тұрғын қатысып, форумның маңыздылығын арттыра түскен. Бұл жайында Polisia.kz сайты ақпарат бөлісіп отыр. Аталған іс-шараға Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Арман Сәбитов бастап, ҚР ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Аслан […]

Барлығын оқу