Жаңалықтар

blog-image

БАС ЖОСПАР ҚОҒАМ ТАЛҚЫСЫНА ҰСЫНЫЛДЫ

  • Шымкент қаласы

Шымкент қаласының 2035 жылға дейінгі дамуының бас жоспары әзірленді. Заман талабына сай векторлы форматта жасалған сызбалар шаһар жұртшылығына таныстырылып, алғашқы  қоғамдық тыңдау өтті. Жаңа бас жоспарды әзірлеуге  архитекторлар бір жылдан астам уақыт еңбектенді. Олар шаһардың 117 мың гектар аумағына  топографиялық түсірілім жасады. Бұл деректер  1:10 000 масштабпен картаға енгізілді. Даму жоспарында сәулетшілер ең алдымен мегаполистің […]

Барлығын оқу
blog-image

16 НЫСАНДА ҚҰРЫЛЫС ЖҮРІП ЖАТЫР

  • Шымкент қаласы

Шымкент қаласында кейіннен бой көтерген шағын аудандар мен шаһар құрамына енген аймақтардың инфрақұрылым жүйелерін жетілдіру ісі қарқынды жүруде. Мұндағы үйлерді кәріз жүйесіне қосу мақсатында биыл 16 нысанда құрылыс жұмыстары атқарылып жатыр.  Олардың екеуі магистральды кәріз коллекторы болса, біреуі  кәріз сорғы станциясы. Сондай-ақ, 13 елді мекенге  ішкі орамдық кәріз құбырлары тартылуда. Жыл соңына дейін 8 нысандағы […]

Барлығын оқу
blog-image

ШЫМКЕНТТЕ  83 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

  • Шымкент қаласы

Шымкент қаласында  тұрғын үй кезегінде тұрған  83 отбасы жалдамалы пәтерге жайғасты.  Оның ішінде  халықтың әлеуметтік әлсіз тобындағы 55 жанұя,  жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 13 бала, 15 көпбалалы отбасы жаңа әрі жайлы үйде қоныс тойын өткізді.  Бұл туралы Шымкент қаласы тұрғын үй басқармасының басшысы Жанат Утебаева азаматтарды қабылдау кезінде айтты. Басқарма басшысының мәліметінше  бұл азаматтардан […]

Барлығын оқу
blog-image

ТӨРТ БІРДЕЙ ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚ АШЫЛАДЫ

  • Шымкент қаласы

         Экономикасы өрлеп, өндірісі өркендеп келе жатқан Шымкент қаласында төрт индустриалды аймақ іске қосылады. Жалпы аумағы 743 гектар болатын арнайы алаңдарда 130 өндірістік жоба жүзеге асатын болды. Олардың жалпы құны 185, 3 миллиард теңге. Индустриалды аймақтар санының артуы өндіріс пен кәсіпкерліктің өрістеуіне жол ашумен бірге мегаполисте 8 мың жаңа жұмыс орнын жасақтауға  мүмкіндік береді. «Жұлдыз» […]

Барлығын оқу
blog-image

«ЖАСЫЛ ЕЛ» ЖАСАҒЫ ЕҢБЕККЕ КІРІСТІ

  • Шымкент қаласы

Шымкент қаласында «Жасыл ел» еңбек жасағы жаңа еңбек маусымын бастады.  Биыл оның сапында 1 мың 300-ден астам   студент жас еңбек ететін болады. Еңбек маусымының ашылуына орай «Абай» саябағында  салтанатты шара өтті. Оған жастар ресурстық орталығының  өкілдері мен Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының міндетін  уақытша атқарушы Мөлдір Кеуенова қатысты. – «Жасыл […]

Барлығын оқу
blog-image

ҮШ МЕКТЕПТІҢ ЖАНЫНАН ҚОСЫМША ҒИМАРАТ САЛЫНЫП ЖАТЫР

  • Шымкент қаласы

Шымкент республикадағы дербес қала мәртебесіне ие болған 4 жылдың ішінде 51 мектеп салынды. Осылайша шаһардағы білім беру ұяларының саны 203-ке жетті. Қарқынды құрылыстың арқасында  қаладағы апатты мектептер түгелдей жойылды. Ал балалар үш ауысымда оқытылатын мектептердің мәселесі  келер жылы түбегейлі шешіледі. Биыл Шымкентте оқушы санының артуына байланысты 3 мектептің жанынан қосымша ғимарттар тұрғызылуда. Солардың бірі  С.Нұрмағамбетов […]

Барлығын оқу
blog-image

АБАЙ АУДАНЫНДА БИЫЛ 10 ОЙЫН АЛАҢШАСЫ САЛЫНАДЫ

  • Шымкент қаласы

Шымкент қаласы Абай ауданында соңғы 8 жылдың ішінде  222 аула абаттандырылып, 56 жерге спорт алаңшасы салынды. Ал былтырғы жылы 21 көпқабатты  үйді ауласы жөнделіп, заманға сай сәулетке ие болды. 35 аулада спорт алаңшалары  бой түзеді. «Шымкент қайырымды қала» қоры арқылы демеушілік есебінен 4 спорт алаңшасы орнатылды. Мұның барлығы шаһар тұрғындарының тынығып-демалуына,ғ балалардың есік алдында спортпен […]

Барлығын оқу
blog-image

ШЫМКЕНТТЕ «ТАЗА ҚАЛА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

  • Шымкент қаласы

Шымкент қаласында жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Таза қала» акциясы басталды. «Азаматтық альянс» қоғамдық ұйымының бастамасымен жүзеге асып, шаһар сәулетіне сән қосып келе жатқан игі шара биыл оныншы рет өткізілгелі отыр. Акцияға қатысуға ниетті тұрғындардан қазір өтінім қабылдау жүріп жатыр. Ол үшін тұрғындар өздерінің мекен жайына байланысты әр ауданда құрылған жұмысшы топқа өтінім  бере алады. […]

Барлығын оқу
blog-image

КӨШЕНІ САЯБАҚҚА АЙНАЛДЫРДЫ

  • Шымкент қаласы

Шымкент қаласының тұрғыны өз күшімен бір көшенің бойын жасыл желегі жайқалған саябаққа айналдырды. Жасы 70-ке келген Асылхан Ағыманов  ағаштар мен гүлдердің көшетін өз қаржысына сатып алып, оларға  әлі күнге өзі күтім жасап келеді. Бүгінде 200-ге тарта  шаңырақ жайғасқан көшеге 400-ден астам  тал-терек жайқалып тұр.          Асылхан Ағманов бағбандық  іске зейнеткерлік демалысқа шыққан соң кірісті. Жол […]

Барлығын оқу
blog-image

ШАҺАРДЫҢ БАС ЖОСПАРЫ ҚОҒАМ ТАЛҚЫСЫНА ҰСЫНЫЛДЫ

  • Шымкент қаласы

Шымкент қаласының алдағы 5 жылдағы  дамуының бас жоспары бекітілді. Енді шаһардың әрбір тұрғынының онымен бір айдың ішінде танысып,  егжей-тегжейлі зерделеп  шығуына мүмкіндігі бар. Және өздерінің ұсыныс пікрлерін ортаға сала алады. Жобаны таныстыру мақсатында өткен жиналыста қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов: – Шымкенттің бұған дейінгі бас жоспары 2012 жылы бекітілген болатын. 2015-2018 жылдар аралығында  бұл құжатқа […]

Барлығын оқу