Жаңалықтар

blog-image

ЖЫЛЫЖАЙЛАРДАН ЖЫЛЫ ХАБАР

  • Шымкент қаласы

Шымкент қаласында бүгінде  барлығы 113 жылыжай кешені бар. Жалпы көлемі 204 гектар.Соның   71 гектарында ауылшаруашылық өнімдері өсіріледі. Жылыжайлардан орта есеппен жылына 17 мың тоннадан астам қызанақ, қияр және басқа да көкөніс өнімдері жиналады. Шымкенттік дихандар  ішкі нарықты ғана қамтып отырған жоқ,  жинаған өнімдерін көрші елдерге де экспорт жасауды да қолға алған. Қала тұрғындарына балғын көкөніс […]

Барлығын оқу
blog-image

ФАН КЛУБТАРДЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ  МАРАПАТТАЛДЫ

  • Шымкент қаласы

         Шымкентте қала күні мерекесіне орай «Шымкент жастар лигасының» фан клубтар арасында өткен финалдық кезеңінің жеңімпаздары белгілі болды. Марапаттау рәсіміне  қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан мен «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Мағжан Исахов қатысты. Шымкент қаласында «Жастар лигасының» ойындары осымен  екінші рет ұйымдастырылды. Оған шаһардағы   жалпы білім беретін орта мектептердің оқушыларынан жасақталған  151 фан […]

Барлығын оқу
blog-image

ЖОЛАЙЫРЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

  • Шымкент қаласы

Шымкент қаласында халық саны көбейген сайын автокөлік қозғалысы қиындай түсті. Осыған байланысты биыл Бәйдібек би  және  Ұланбек Арғынбеков көшелерінің қиылысында жолайрық құрылысы басталған болатын.  Оның  құрылысы екі жылға жоспарланған.  Үш деңгейлі жолайырықта сәулеттік жоспарға сәйкес ені 80 метрлі 4 және 6 жолақты автомагистраль салынады. Жол жиегіне жаяу жүргіншілерге арналған тротурар және веложол төселмек. Мегаполистегі маңызды […]

Барлығын оқу
blog-image

БЕЛСЕНДІ ӨМІР СҮРУ ОРТАЛЫҒЫНДА CТАЦИОНАРЛЫҚ БӨЛІМШЕ АШЫЛДЫ

  • Шымкент қаласы

Шымкент қаласындағы зейнеткерлерге арналған белсенді өмір сүру әлеуметтік-медициналық орталығы жанынан күндізгі стационарлық бөлімше іске қосылды. Бұл жерде жалғызілікті қариялардың 8 сағат бойына жатып, сауықтыру шараларын қабылдауына мүмкіндігі бар.  Орталық күні бойы қызмет көрсетеді. Оның ашылу салтанатына  қала әкімі Мұрат Әйтенов арнайы барып, қызмет сапасының жай-күйін көрді. Күндізгі стационарлық орталықты ашу туралы бастаманы былтыр шаһар басшысының […]

Барлығын оқу
blog-image

ШЫМКЕНТ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДАН АЛДА ТҰР

  • Шымкент қаласы

Биылғы  жылдың 5 айында  Шымкент қаласының экономикасына 130,9 миллиард теңге бағытталған. Бұл өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда  28,6% артық.  Осы көрсеткішпен Шымкент қаласы елімізде инвестиция тартудан көш басына орнықты.  Бұл туралы бүгін ҚР Ұлттық экономика министрі Ә.Қуантыров премьер  министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен селекторлық жиында айтты. Министр негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқында 2,5 […]

Барлығын оқу
blog-image

ЖАҢҒЫРҒАН ДӘСТҮР

  • Шымкент қаласы

Жаз шығып, жайлауға жайғасысымен қыс бойы  барыс-келіссіз қалған ағайынды жиып, қымызмұрындық өткізу қазақ үшін қызығы мол думанды мереке. Осы дәстүрді қайта жаңғыртқан  Шымкент қаласының «Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы» «Шымқала» этноауылында маусымдық  «Қымызмұрындық» этно-фестивалін өткізді. Бие байлап, саумал ашытқан, саба шайқап, күнде күбі піскен жеңгейлер бұл күні бекзада сусынның бірнеше түрінен көпшілікке  дәм татқызды.  Қымыз әзірлеушілер […]

Барлығын оқу
blog-image

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ ОНЛАЙН АЛЫҢЫЗ

  • Шымкент қаласы

Жаздың келуімен бірге демалыс маусымы да басталды. Бұл уақытта ХҚО қызметкерлерінің де жұмысы қыза түседі.  Себебі демалысында құжаттарын реттеп алғысы келгендердің легі көп. Сондықтан «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкент қаласы бойынша филиалы бірқатар анықтамаларды онлайн алу тетігін іске қосты. Шіліңгір шілденің аптап ыстығында құжат түгендеу қарапайым жұртқа оңай емес. Тіпті, денсаулығы дімкәстар үшін үйден […]

Барлығын оқу
blog-image

353 АЗАМАТ ҚАНДАС МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

  • Шымкент қаласы

Биылғы жылдың мамыр айына дейін өзге мемлекеттерден Шымкент қаласына қоныс аударып, тарихи отанымен табысқан  256 отбасыға, яғни 353 азаматқа қандас мәртебесі берілді. Олардың дені ТМД елдерінен көшіп келген этникалық қазақтар. Қандас мәртбесін алған 353 адамның 181-і ер азамат, 172-і әйел. Олардың ішінде 161-і  еңбекке жарамды. Ал жүзден астамы зейнеткер және 86-ы әлі кәмілет жасына жетпеген […]

Барлығын оқу
blog-image

ЖАСТАР ЖҰМЫССЫЗ ҚАЛМАЙДЫ

  • Шымкент қаласы

Жастар арасындағы жұмыссыздықты жою  мақсатында «Алғашқы жұмыс орны» және «Жастар практикасы»  бағдарламасына биылдан бастап өзгеріс енеді.  Олардың тиімділігін арттыру үшін жас мамандардың бағдарламаларға қатысу мерзімі ұзартылып, еңбекақысы өседі. Мемлекет басшысының бұл тапсырмасы мамандық алған жастардың бос сенделмей тұрақты жұмыс табуына мүмкіндік бермек. Шымкент қаласы бойынша  биыл жыл басынан бері «Жастар практикасы» бойынша  864 жас маман […]

Барлығын оқу
blog-image

ТЕХНИКАЛЫҚ МАМАНДЫҚТАРДЫ ОҚЫТУҒА БӨЛІНЕТІН БІЛІМ  ГРАНТЫ 86 ПАЙЫЗҒА АРТТЫ

  • Шымкент қаласы

Шымкенттегі техникалық  және кәсіптік білім беретін оқу орындарына бөлінетін мемлекеттік грант саны 1 мың 200-ге  артты. Енді колледждерде экономика, педагогика, заңгер және байланыс саласына керекті мамандардың саны қысқарып, тек сұранысқа қарай кәсіп иелері  оқытылатын болады. Оны анықтау үшін аймақтағы құрылыс компаниялары, өндіріс ошақтары және кәсіпорындардың әрқайысына жеке  сұрау салынып, керекті мамандар тізбесі жасалды. Соның нәтижесінде […]

Барлығын оқу