Жаңалықтар
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ: ШЫМКЕНТТЕ АУҚЫМДЫ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ АТҚАРЫЛДЫ
- Шымкент қаласы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы еліміз бойынша жалпыхалықтық сипат алып келеді. Соның бір айғағы, аталған жобаның аясында Шымкент қаласында кезекті тазалық акциясы ұйымдастырылып отыр. Өткізілген тазалық шараларына қала тұрғындары жаппай қатысып қана қоймай, олардың әрекеттері табиғатқа жанашырлықпен қарап, туған жерді көркейтуге деген жоғары белсенділігін көрсетті. Үшінші мегаполистегі барлық […]
Барлығын оқу
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРАҒА ҚАТЫСУШЫ АРХЕОЛОГ ҒАЛЫМДАР ШЫМКЕНТТЕ ЖҮР
- Шымкент қаласы
Шымкент қаласына «Ежелгі өркениет ізімен: Қазақстан және Өзбекстан археологиясы» халықаралық далалық семинарға қатысушы археолог ғалымдар келді. Қос елдің археология ғалымдарын Шымкент қалалық музейлер бірлестігінің Ж.Құрбан бастаған басшылар тобы қарсы алып, мамандармен бірге «Шым қала» тарихи-мәдени кешені аумағын таныстырып шықты. Қос мемлекеттің бірлескен шарасының Қазақстандағы сапары Шымкент қаласынан басталып, оның жолбасшысы болып Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология […]
Барлығын оқу
С.Құранбек: «МЕНІҢ ДЕ ИНСТАГРАМ ПАРАҚШАМА ЖАЛҒАН СЕРТИФИКАТ ЖІБЕРІП ЖАТАТЫНДАР БАР. МЕН МҰНЫ ДА АЛАЯҚТЫҚ ФАКТІСІ ДЕП БІЛЕМІН»
- Шымкент қаласы
Шымкент қаласында әр аптаның сәрсенбісінде қала әкімінің орынбасары, әрі қала әкімінің ресми өкілі ретінде С.Құранбек мырза бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері алдында брифинг беріп, тікелей эфирге шығатын дәстүрі қалыптасқан. Бүгінгі 20 тамыз күнгі брифингте Сәрсен Абайұлы қала көлеміндегі тіркелген қылмыстық істер бойынша хабарлама жасады. Хабарлама барысында интернет алаяқтық туралы, оның ішінде өзінің де атынан жасалып жатқан […]
Барлығын оқу
ЖАЛҒАН ЗЕЙНЕТАҚЫ АУДАРЫМДАРЫ МЕН НЕСИЕЛЕР: АЛАЯҚТАР БАНКТЕРДІ ҚАЛАЙ АЛДАҒАН?
- Шымкент қаласы
Қаржы мониторинг агенттігінің ресми сайты қаржылық алаяқтық туралы қызықты ақпарат таратқан. Ақпарат көзінің дерегінше, мұндай қылмыстық фактілер Астана, Алматы, Шымкент қалалары, Жетісу, Абай, Маңғыстау, Жамбыл және Ақтөбе облыстарында да анықталған. Енді мұндай қаржылық алаяқтық туралы белгілі болып отырған нақты мысал формасында кеңінен тоқтала баяндайық. Қаржы мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті «Comfort Time» ЖШС және […]
Барлығын оқу
ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТ: «ӘЙЕЛ. ҚҰҚЫҚ. ҚОРҒАНЫС» АТТЫ НӘЗІК ЖАНДЫЛАРДЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ ҚОРҒАУ КУРСЫ ӨТТІ
- Шымкент қаласы
Шымкент қаласында орналасқан А.Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханасында әйелдерге арналған «ӘЙЕЛ. ҚҰҚЫҚ. ҚОРҒАНЫС» атты бес күндік өзін-өзі қорғау курсының алғашқы күні өтті. Бұл жайында инстаграм желісіндегі altynorda_shymkent ақпарат желісі бөлісіп отыр. Ақпарат көзінің мәліметінше, ашық іс-шара курс семинар-тренинг форматында ұйымдастырылып, қатысушыларға зорлық-зомбылық түрлері, оның салдары, сондай-ақ медиация ұғымы мен оның қолданылу салалары бойынша теориялық әрі […]
Барлығын оқу
САЙРАМНЫҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫНАН
- Шымкент қаласы
Еліміздің қалыптасуы мен даму тарихы, салт-дәстүрлеріміз бен мәдени құндылықтарымыз, ата-бабаларымыздың асыл мұралары рухани жаңғырудың қайнар көзі болып табылады. Тарихты білмей жатып, келешекті болжауға болмайды. Кез-келген елдің даму жолы өткенімен тығыз байланысты болмақ. ХІХ ғасырдың 70-жылдары Орталық Азия мен Қазақстанда археологиялық зерттеулердің бастау алған кезі болып табылады. Сол кездегі ғалымдар қатарында Василий Радлов, Николай Веселовский, Петр […]
Барлығын оқу
А.Балаева, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі: «ШЫНДЫҚҚА ЖАНАСПАЙТЫН АҚПАРАТ ТАРАТҚАНЫ ҮШІН 20-250 АЕК МӨЛШЕРІНЕ ДЕЙІН АЙЫППҰЛ ТӨЛЕУГЕ ӘКЕЛЕДІ»
- Шымкент қаласы
Бүгін, 15 тамызда Шымкент қаласындағы Жастар ресурстық орталығы ғимаратында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның қала тұрғындарымен кездесуі өткізілді. Кездесу барысында министр сөз сөйлеп, Президент тапсырмасымен жүргізіліп жатқан реформалар аясында ведомствоның атқарып жатқан негізгі жобаларын таныстырып, атқарылған жұмыстардың қорытындысын баяндады. Ашық диалог форматында өткен жиын барысында Шымкент тұрғындары көкейкесті сұрақтарын ортаға салып,сауалдарына толық жауап алды. […]
Барлығын оқу
ҚАРАУЫЛДА ТАРИХИ-ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ КӨРМЕ ҚОЙЫЛДЫ
- Шымкент қаласы
Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы Абай елінде кеңінен аталып өткені белгілі. Бұл тойға Шымкент қаласының да тартуы көпшілік көңілінен шығып жатыр. Шымкент қаласының музейлер бірлестігінің Қарауылдағы салтанатты шараға жеткізген «Шежірелі Шымкент» тарихи-этнографиялық көрмесі 6-10 тамыз аралығында келушілер назарына ұсынылды. Көрмеге Шымкент қаласы аумағынан табылған тарихи жәдігерлер, археологиялық заттардан бастап, этнографиялық және мәдени […]
Барлығын оқу
С.Құранбек: «ӨЗІН ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ РЕТІНДЕ ТАНЫСТЫРЫП, 2,5 МИЛЛИОН ТЕҢГЕНІ ҚЫМҚЫРҒАН»
- Шымкент қаласы
Бүгін, 13 тамыз, яғни сәрсенбі күні әр аптадағы дәстүріне сай Шымкент қаласы әкімінің орынбасары С.Құранбек брифинг беріп, өткен апта ішінде қала аумағында әкімдік тарапынан атқарылған шаруалары жайында баяндама жасап, ақпарат құралдары өкілдерінің сауалдарына жауап берді. Сәрсен Абайұлының жасаған баяндамасының ішінен қылмыстық атқару, оның ішінде интернет алаяқтық қылмысының көрсеткіштері туралы айтқан мәліметтері ойландырмай қоймайды. Қадірменді оқырман […]
Барлығын оқу
ҚАУІПСІЗ ҚАЛАНЫҢ ТІРЕГІ – ЗАҢ МЕН ТӘРТІП: ҮШІНШІ МЕГАПОЛИСТЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТІП ЖАТЫР
- Шымкент қаласы
Биылғы 2025 жылдың көлемінде Шымкент қаласында құқықтық мәдениетті арттыру мен қоғамдық тәртіпті нығайту мақсатында жүйелі ақпараттық және түсіндіру жұмыстары қарқын алып келеді. Бүгінгі қоғамда еліміздің азаматтарының заңды білуі ғана емес, оны күнделікті өмірде дұрыс қолдануы – ең алдымен қауіпсіздік пен тұрақтылықтың кепілі. Осы бағытта қала тұрғындарына арналған кездесулер, дәрістер және құқықтық кеңестер тұрақты түрде өткізіліп […]
Барлығын оқу