Жаңалықтар
«ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ» МОНУМЕНТТІ ЕСКЕРТКІШІ
- Шымкент қаласы
Қазіргі Шымкент қаласының аумағында Ұлы Жібек жолы тақырыбымен үндесетін бірнеше құрылымдар бар. Бұл нысандар көне қаланың ежелгі заманнан сауда қатынастары мен шаруашылығының өркендеген өңір болғанын көрсетіп тұр. Бүгін соның бірін оқырманға таныстырсақ деп едік. Қазақтың танымал жазушысы І.Есенберлин өзінің «Көшпенділер» роман-трилогиясында шаһардың дамуына негізінен екі маңызды фактор әсер ететіні туралы шығарма кейіпкері Әбілқайыр ханның аузына […]
Барлығын оқу
«ШЫМ ҚАЛА ЖӘДІГЕРЛЕРІ» ЭКСПОЗИЦИЯ ЗАЛЫ АШЫЛДЫ
- Шымкент қаласы
Шымкент қаласының музейлер бірлестігіне қарасты «Шым қала» тарихи-мәдени кешенінде 18 мамыр – Халықаралық музейлер күніне арналған «Тарих қойнауындағы Шым қала» атты іс-шара өтті. Жиынға музей ісіне қатысы бар мәдениет саласының мамандары, өнертанушылар, тарихшылар, археологтар, өлкетанушылар мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Шараны Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысының орынбасары М.Оңдасынова сөз сөйлеп ашты. […]
Барлығын оқу
«КӨКСАРАЙ – ҚҰТТЫ МЕКЕНІМ» ЕСТЕЛІК САЯБАҒЫ АШЫЛДЫ
- Түркістан облысы
Отырар ауданында 9 мамыр – Жеңістің 80 жылдығы мерекесіне орай, «Ер есімі – Ел есінде» атты салтанатты шара өтті. Көксарай ауылында өткен мерекелік жиында Отырар ауданының Құрметті азаматы, меценат Жанысбеков Оразхан Кенжеғұлұлының демеушілігімен Ұлы Жеңістің 80-жылдығына орай қайта жаңғыртудан өткен «Көксарай құтты мекенім» естелік саябағының ашылуы өтті. Шараға аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы мен аудандық мәслихат […]
Барлығын оқу
АБАЙДЫ ОҚЫ, ТАҢЫРҚА!
- Шымкент қаласы
«Шымкент қалалық музейлер бірлестігінің» МКҚК «Хакім Абай» музейінде 25-сәуір күні қазақ халқының ақыны, ағартушы, қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, философ, сазгер, аудармашы, саяси қайраткер Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Абайды оқы, таңырқа!» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Жиынға Қазақстан Жазушылар Одағының Шымкент қаласы өкілдігінің басшысы, жазушы, тарихшы, шежіреші М.Әбдәкімұлы, Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің «Қазақ тілі […]
Барлығын оқу
Кеңес Одағының батыры – ЗИЯМАТ ХҰСАНОВ
- Шымкент қаласы
Зиямат Усманұлы Хұсанов 1921 жылы 9 мамыр күні Сайрам ауданы, Сайрам ауылында дүниеге келді. 1940 жылы Ташкент педагогикалық техникумын бітірген кезде, қазан айында Қызыл Армия қатарына шақырылды. Соғыс басталған жылы Ташкент авиация училещесіне жіберілді. Авиация училищесінде білім алған соң Зиямат Усманұлы соғысқа атанды, Смоленск түбінде болған кескілескен шайқаста жарақат алды. Емделіп, айыққаннан кейін Курск доғасындағы ұрысқа […]
Барлығын оқу
ЕСКЕРТКІШТЕРДІ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ ОРАЙ ЖИЫН ӨТТІ
- Шымкент қаласы
«Шымкент қалалық музейлер бірлестігі» МКҚК «Шым қала» тарихи-мәдени кешенінде 18-сәуір «Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне» орай, «Шым қала» тарихи-мәдени кешенін дамыту мүмкіндіктері мен мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Жиын жаңадан жарық көрген «Шымкент қаласы тарих және мәдениет ескерткіштерінің жинағы» кітабының тұсаукесерімен басталып, «Ұлттық кітап күні» мерекесіне орай қаламызда өтіп жатқан «Мәртебелі кітап» апталығымен […]
Барлығын оқу
ШЫМКЕНТТЕ МАЙДАННАН ЭВОКУАЦИЯЛАНҒАН ГОСПИТАЛЬ БОЛҒАН
- Шымкент қаласы
Биыл Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталып, «Ұлы Жеңіс» деп айшықталып жүрген мерекенің 80 жылдық мерейтойы елімізде кең көлемді атап өтілмек. Жер-жерде еске алу шаралары салтанатты шеру құрмақ. Мерекені атап өтетін, әрі еске алу шаралары өткізілетін жер – «Ұлы Отан» соғысының құрбандары мен қатысушыларына арналып орнатылған монументтер, алаңқайлар болатыны сөзсіз. Қазіргі таңда еліміздің түкпір-түкпірінде Жеңістің мерейтойы өтетін […]
Барлығын оқу
ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҚҚА БӨЛІНГЕН УЧАСКЕДЕГІ ЕСКЕРТКІШТЕР ЗЕРТТЕЛІП ЖАТЫР
- Шымкент қаласы
Күні кеше ғана еліміздің президенті Қ.Тоқаев Шымкент қаласына келген жұмыс сапарында қаланың тарихи тамыры тым тереңнен басталатыны және шаруашылығы да ежелгі сауда жолымен бірге ежелгі дәуірлермен астасып жатқаны туралы тілге тиек еткен болатын. Сондай-ақ, әр жылдары Түркістандағы, Атыраудағы өткен Ұлттық құрылтайларда да тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау қажеттігі, кешенді зерттеудің маңыздылығы жайында да айтудай-ақ айтып келеді. Ал, […]
Барлығын оқу
САЙРАМНАН ТАБЫЛҒАН БІР ҚҰМЫРА КҮМІС ТЕҢГЕ
- Шымкент қаласы
Соңғы он жылда Сайрам қаласында жүргізілген жүйелі археологиялық қазба жұмыстар және ескерткіштің стратиграфиясы мен оның керамикалық кешеніне жасалған зерттеу Исфиджаб пен Сайрам бір қала болған деген қорытындыға алып келді. Сайрам қаласы аумағындағы археологиялық жұмыстардың көлемді болды деп айтуға болмайды. Жұмыстар жерді пайдаланушылардың келісімімен эпизодтық түрде, ескерткіштерді қорғау бойынша құзырлы органдармен келісілген жоба шарты барысында кент […]
Барлығын оқу
САЗ БАЛШЫҚ ЖАСАУ ӨНЕРІ – ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ДӘСТҮРЛІ ҚОЛӨНЕРІ
- Шымкент қаласы
Саз балшық – табиғаттың өзінен алынған және қолдан жасау арқылы әртүрлі қолөнер бұйымдарын жасау үшін қолданылатын материал. Қазақ халқының ежелден келе жатқан қолөнер түрлерінің бірі – саздан жасалатын бұйымдар. Бұл өнер түрі қазақтың тұрмыс-салтымен тығыз байланысты және ол халықтың мәдениетінің айнасы ретінде танымал. Саз балшықтың ерекше қасиеті бар. Саз балшық – табиғи материал. Оның құрамында […]
Барлығын оқу