Жаңалықтар

blog-image

КӨШЕ ЖАРЫҚТАНДЫРУ КӨРСЕТКІШІ 70%-ҒА ЖЕТЕДІ

  • Шымкент қаласы

Шымкент қаласында 2021 жылы 104 көше жарықтандыру жоспарланған болса, жоспар артығымен орындалып, 136 көшеде жұмыстар толығымен аяқталды. Нәтижесінде қамтылу көрсеткіші 30%-дан, 43,4%-ға дейін өсті. Жалпы алғанда, 2021-2023 жылдары 312 көшені: 2021 жылы – 104 көше, 2022 жылы – 102 көше, 2023 жылы – 106 көше жарықтандырып, қамту көрсеткішін 70-% жеткізу жоспарланған. Оған қоса, «Ақылды қала» […]

Барлығын оқу
blog-image

БИЫЛ 20 МЫҢ ТҰРҒЫН ТАБИҒИ ГАЗҒА ҚОСЫЛАДЫ

  • Шымкент қаласы

Шымкентте биыл №3 автоматтандырылған газ тарату станциясы іске қосылды. Оның қуаттылығы сағатына 250 мың текше метрді құрайды. Бұл нысан қаладағы газ тапшылығы мәселесін түпкілікті шешуге мүмкіндік береді. Шымкент қаласында биыл тағы да 2 магистралды газ құбыры тартылып, 10 елді мекенде ішкі желілер жүргізіліп жатыр. Жыл соңына дейін 8 елді мекенде құрылыс жұмыстары аяқталады. Олар Тұран, […]

Барлығын оқу
blog-image

“САЙРАМ-ӨГЕМ” МҰТП ТУРИСТІК СОҚПАҚТАРЫНЫҢ ОФЛАЙН КАРТАСЫ ШЫҚТЫ

  • Түркістан облысы

“Сайрам-Өгем” ұлттық паркінің туристік соқпақтары офлайн картада көрсетіле бастады. Бұл жайында табиғи парктің фейсбуктегі парақшасы бөлісіп отыр. Туристер мен демалушылардың парк аумағында туристік маршрутында қауіпсіздігі үшін офлайн карта әзірленді. Парктің офлайн картасын жүктеу үшін “Сайрам-Өгем” МҰТП-ның www.sugnpp.kz сайтына кіріп, “Скачать путеводитель” батырмасы арқылы CARRYMAP офлайн картасын басып, жүктеп аласыз. Жүктелген құжатты Carrymap қосымшасы арқылы басып, […]

Барлығын оқу
blog-image

СТАДИОННЫҢ ШАТЫРЫН ҚАЙТА ЖАУЫП ЖАТЫР

  • Шымкент қаласы

Шымкент қаласында 21 мамыр күні «Ордабасы» және «Ақсу» футбол командаларының кездесуі барысында қатты желдің салдарынан стадионының оңтүстік ғимаратының шатыры құлаған болатын. Қазіргі таңда стадион аумағын ретке келтіру жұмыстары жалғасып жатыр. 1967 жылы пайдалануға берілген спорт нысанының көрермен сыйымдылығы 25 мың. Стадион оңтүстік және солтүстік павильоннан (2 спорт зал және кобинеттер қаралған), жанкүйерлер трибунасы, қойма және […]

Барлығын оқу
blog-image

ШЫМКЕНТ-ТАШКЕНТ БАҒЫТЫНДА АВТОБУС ҚАТЫНАЙ БАСТАЙДЫ

  • Шымкент қаласы

Енді Шымкент-Ташкент бағытында халықаралық автобус рейстері қатынай бастамақ. Бұл жөнінде Шымкент қалалық Туризм басқармасының фейсбуктегі парақшасы сүйінші сұрай ақпарат бөлісті. Ресми ақпарат көзіне қарағанда, «Visit Shymkent» орталығы мен «Silk Road» ЖШС арасында келісім жасалған. Алдағы уақытта аталған жолаушылар компаниясының автобустары «Шымкент Плаза» сауда үйі маңындағы туристік автобустарға арналған «Bus Stop» тұрақтарынан қатынайтын болады. «Шымкент-Ташкент» халықаралық […]

Барлығын оқу
blog-image

АПАТ АЙТЫП КЕЛМЕЙДІ! МҰҚИЯТ БОЛЫҢЫЗ!

  • Шымкент қаласы

Өте қауіпті апаттардың бірі – сел және сырғыма.  Сырғыма – өзінің салмағы әсерінен және беткейдегі жыныстардың артық ылғалдануы, сейсмикалық тербелістер және т.б. үрдістер әсерінен таулы жыныс массаларының беткей бойынша сырғуы. Ал, сел – таулы жерлерде көп таралған жойқын қиратушы күшке ие болатын қауіпті апаттық құбылыс. Қазақстанда таулы жерлері мен  тау бөктерінің аумағы селдің, қар көшкіннің, […]

Барлығын оқу
blog-image

ҚАРБЫЗ ПІСІП, АЛҒАШҚЫ САУДА ДА ЖАСАЛЫП ЖАТЫР

  • Түркістан облысы

Түркістан облысында қарбыз пісіп, алғашқы дәмін де татып жатыр. Жетісай ауданы, Атамекен ауыл округіне қарасты Жемісті ауылында тамшылатып суару әдісімен егілген, 1 гектар алқаптан 25 тонна қарбыз сатып алушының көлігіне артылуға дайын тұр. Бұл жайында аудан әкімдігінің баспасөз хатшысы Бейбіт Қазыбеков өз парақшасында жазды. – Қарбыздың 60-65 күнде пісетін “Долбый” деген сортын тамшылатып суару әдісімен […]

Барлығын оқу
blog-image

ШЫМКЕНТ КӨШЕСІНДЕ ШӨЛІҢІЗДІ БАСЫП КЕТЕ БЕРЕСІЗ

  • Шымкент қаласы

Шымкент қаласында 5 жерде орналасқан ауызсу бұрқағы қайта іске қосылды. Мұндай су бұрқақтары өткен жылы Әл-Фараби ауданының демеушілері тарапынан адам көп шоғырланатын орындарға қойылған болатын. Қыс мезгілінде уақытша жабылған ауызсу бұрқақтары бүгінде қала қонақтары мен тұрғындарына Иляев – Қонаев қиылысы, Арбат саябағы, Түркістан көшесі 55, «Мацарелло» мейрамханасы алды мен Hyper House ойын-сауық орталығының маңында қайта […]

Барлығын оқу
blog-image

БОТАМОЙНАҚ ҮҢГІРІНДЕГІ ПИКТОГРАММАЛАРДЫ БІЛЕСІЗ БЕ?

  • Жамбыл облысы

Ботамойнақ үңгіріндегі пиктограммалар Ботамойнақ үңгіріндегі пиктограммалар Байзақ ayдaнынa қapacты Aқбұлым ayылынaн оңтүстік-шығыста 20 шaқыpым, Қыpғыз Aлaтayының теріскей жақ етегіндегі Бoтaмoйнaқ шaтқaлындa орналасқан. Ботамайнақ үңгіріндегі пиктограммалар туралы ешқандай құжаттық мәліметтер жоқтың қасы. Тек Ақбұлым ауылының тұрғыны, өлкетанушы Жамбыл Беспаев ұзақ жылдар бойы осы өңірді зерттеумен шұғылданып, мақалалар жариялаған. Ирелеңдеп таудың ішіне қарай кіре беретін шатқал ботаның мойнына […]

Барлығын оқу
blog-image

ТУРИЗМ ТУРАЛЫ ОТЫРЫСТА ЕСКЕРТКІШТЕРДІҢ ҚОРҒАЛУЫ ҚАРАЛДЫ

  • Жамбыл облысы

Таразда Жамбыл облысы Өңірлік кеңесінің туризм саласындағы комитетінің кеңейтілген отырысы өтті. Бұл жөнінде облыстық Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясының фейсбуктегі парақшасы жазды. Жиынға Жамбыл облысы Өңірлік кеңесінің туризм саласындағы комитетінің кеңейтілген отырысына Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекцияның директоры Қ.К.Дәурембеков баяндама жасаған. Директор Жамбыл облысында орналасқан тарихи-мәдени ескерткіштердің қорғалуы және сақталуы жөнінде […]

Барлығын оқу