Жаңалықтар
НИКОЛЬСКИЙ СОБОРЫ – ШЫМКЕНТТЕГІ ОРЫС СӘУЛЕТ ӨНЕРІНІҢ ЖАРҚЫН ӨКІЛІ
- Шымкент қаласы
Шымкент қаласындағы ең ескі және ең көркем сәулет ескерткіштерінің бірі – Никольский соборы. Ол ескерткішінің құрылысы ХХ ғасырдың басында, 1912-1914 жалдары салынған. Сәулетшісі И.А. Маркевич, инженері Н.Н. Ботвинкин, Р.М Качор. Сәулет ескерткіші Шымкент қаласының ескі бөлігінде, Патшалы Ресей заманында Николай көшесі деп аталған қазіргі Қазыбек би көшесінің бойында (№34 үй мекен-жайда) орналасқан. Бір кездері алғаш […]
Барлығын оқу
ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІНІҢ IX ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
- Шымкент қаласы
Биылғы қарашаның 6-11 күндері аралығында Шымкент қаласында өткен Орталық Азия елдерінің IX халықаралық театр фестивалі биыл Жұмат Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрының 95 жылдығына арналды. Қарашаның 11-і күні фестиваль өз мәресіне жетті. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған фестивальге Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Қарақалпақстан, Татарстан, Әзірбайжан және […]
Барлығын оқу
Ш.АЙТМАТОВТЫҢ «БЕТПЕ-БЕТ» ҚОЙЫЛЫМЫН ҚЫРҒЫЗСТАННЫҢ «УЧУР» ЖАСТАР ТЕАТРЫ САХНАЛАДЫ
- Шымкент қаласы
Шымкентте өтіп жатқан Орталық Азия елдері театрларының IX Халықаралық фестивалінде Қырғыз Мемлекеттік «Учур» жастар театры көрермендерге Шыңғыс Айтматовтың атақты «Бетпе-бет» шығармасын ұсынды. Режиссер Шамиль Дыйканбаевтің жетекшілігімен сахналанған бұл қойылымда Сейде мен Исмаил бейнесі арқылы соғыс пен аштық жылдарындағы қайғылы тағдырлар терең тебіреніспен жеткізілді. Айтматовтың «Бетпе-бет» романынан сахналанған туынды көрермендерді соғыс зұлматынан зардап шеккен бейбіт адамдардың […]
Барлығын оқу
ҚАЛА МӘДЕНИЕТІН ЖАНДАНДЫРҒАН «ШЫМҚАЛА КЕШТЕРІ»
- Шымкент қаласы
Биылғы шілде айынан бастап Шымкентте OPEN AIR форматындағы концерттік шаралар қала тұрғындары мен қонақтары үшін үлкен мереке мен қуанышқа айналып келеді. Бұл шара 8 түрлі мәдениет үйінде ұйымдастырылды. Оның ішінде Сайрам тұрғын алабындағы өнерпаздар ордасы да бар. Мұнда «Шымкент концерт» ұжымының өнерпаздары қалың жұртшылықты көтеріңкі көңіл-күймен қуантты. Мегаполистің мәдени өмірін жандандыру және тұрғындардың өнерге деген […]
Барлығын оқу
САМАРҚАННЫҢ «ЛӘЙЛІ-МӘЖНҮНІ» ШЫМКЕНТ САХНАСЫНДА
- Шымкент қаласы
Самарқан театрының «Ләйлі-Мәжнүн» қойылымы Шымкент сахнасында қойылды. Шымкент қаласында өтіп жатқан Орталық Азия елдері театрларының ІX Халықаралық фестивалі көрермендерді тамаша қойылымдармен қуантуды жалғастырып келеді. «Ләйлі-Мәжнүн» қойылымы туралы ақпаратты Шымкент қалалық Өңірлік коммуникациялар қызметі орталығының фейсбук желісіндегі парақшасы бөлісті. Қойылымдар легін Самарқан облыстық музыкалық драма театры көрермендерге Әлішер Науаидің мәңгілік махаббат дастаны – «Ләйлі-Мәжнүн» қойылымын ұсынды. […]
Барлығын оқу
ХХІ ҒАСЫР. ТӘУЕЛСІЗДІК КЕЗЕҢІНДЕГІ ШЫМКЕНТ ЕСКЕРТКІШТЕРІНІҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ
- Шымкент қаласы
Шымкент ескерткіштерін зерттеудің жаңа кезеңі Қазақстанның тәуелсіздік дәуірінде, ХХІ ғасыр басынан басталады. Шымкент, Сайрам қалашықтары мен ауыл округтердегі ескерткіштер жоспарлы түрде зерттеліп жатыр. Сайрам қалашығы мен осы ескерткіштердің айналасы археологиялық қорғау жұмыстары аясында және ҚР БҒМ Ғылым комитетінің гранттық қаржыландыруы шеңберінде жүргізілді. 2000 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайының археологиялық отряды А. Х. Марғұлан атындағы […]
Барлығын оқу
ХХ ҒАСЫР 80-90-ШЫ ЖЫЛДАРДАҒЫ ШЫМКЕНТ ЕСКЕРТКІШТЕРІНІҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ
- Шымкент қаласы
ХХ ғасырдың 70-ші жылдарының аяғынан бастап Арыс өзені бассейнінің аумағында А.Н. Подушкин өзінің археологиялық жұмыстарын жүргізе бастады. Ол біздің заманымыздың бірінші мыңжылдығындағы отырықшы-жер өңдеуші ескерткіштерін зерттеуді жалғастырды. А.Н. Подушкин 1986 жылы «Оңтүстік Қазақстанның (Арыс өз. бассейні, Қаржантау және Қаратаудың оңтүстік беткейлеріндегі) біздің заманымыздың I-VI ғасырлар жер өңдеуші-көшпелі мәдениет ескерткіштері» тақырыбы бойынша кандидаттық диссертация қорғайды. Диссертацияны […]
Барлығын оқу
СОҒЫСТАН КЕЙІНГІ КЕЗЕҢДЕГІ ШЫМКЕНТ ЕСКЕРТКІШТЕРІНІҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ
- Шымкент қаласы
1947 жылдан бастап А.Н. Бернштам бастаған Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы жұмыс істей бастады. Экспедицияның міндетіне Сырдарияның орта ағысының аумағын барлау кірді. А.Н.Бернштамның айтуынша, экспедиция екі сауалға жауап беруі керек еді: «1. Ежелгі кезеңдегі қазақ халқының этногенезінің негізгі жолдары. 2. Қазақ этногенезіндегі кангюй тайпаларының рөлі мен маңызы». А.Н. Бернштам Қазақстанның оңтүстік аумағы қазақ халқының этногенезінде үлкен […]
Барлығын оқу
КЕҢЕСТІК КЕЗЕҢДЕГІ ШЫМКЕНТ ЕСКЕРТКІШТЕРІНІҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ
- Шымкент қаласы
Қазақстанның (оның ішінде Шымкент қаласының да) археология ғылымы тарихында Кеңестік кезең (1917-1991 жылдар) маңызды орын алады. Ол 4 сатыға бөлінеді: 1917-1935 жылдар; 1936-1945 жылдар; 1946-1959 жылдар; 1960-1991 жылдар(1). Кеңестік кезең кезінде, әсіресе оның бастапқы сатыларын сипаттағанда, Б.В. Луниннің 1920-1930 жылдардағы түсінік пен қазіргі біздің елдегі өлкетану мен музейтану белсенді өскені байқалатын сәттегі тарихи өлкетану туралы […]
Барлығын оқу
ПАТШАЛЫ РЕСЕЙ КЕЗЕҢІНДЕГІ ШЫМКЕНТ ЕСКЕРТКІШТЕРІНІҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ
- Шымкент қаласы
Қазіргі Шымкент қаласының аумағы 1170 шаршы шақырым аумақты алып жатыр. Осыншама аумақта қаншама тарих және мәдениет ескерткіштерінің нысандары орналасқанын бүгінгі таңда нақты ешкім дөп басып айта алмайды. Өйткені, республикалық маңызы бар қала атанып, еншісін бөліп алғалы шаһар ішінде ешқашан тарихи-мәдени ескерткіштерді түгендеп, қазіргі жағдайына толық мониторинг жасала қоймады. Дегенмен, қала аумағындағы археологиялық ескерткіштерді зерттеу тарихы […]
Барлығын оқу