Жаңалықтар
Еңбек адамы: АЛБАСТЫСАЙДЫ ҒЫЛЫМИ АЙНАЛЫМҒА ЕНДІРГЕН МУЗЕЙ МАМАНЫ
- Шымкент қаласы
Шымкент қаласының мәдениет саласындағы «Еңбек адамы» дейтін ерекше мәртебеге ие болуыға лайықты мамандарды таныстыруды жалғастырайық. Мәдениет дегенде де оның ішіндегі еңбегі елеусіздеу қалып қоя беретін музей саласына екпін беруге тырысып келеміз. Біздің бұл жолғы кейіпкеріміз – Шымкент қаласының музей ісі саласындағы мамандар арасында аты танымал болғанмен, былайғы көпшілік біле бермейтін қызметкер. Таныс болыңыз, ол – […]
Барлығын оқу
МУЗЕЙДЕ «ЖЕЛТОҚСАН – ТӘУЕЛСІЗДІК БАСТАУЫ» АТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ
- Шымкент қаласы
«Шымкент қалалық музейлер бірлестігі» МКҚК «Ерлік музейі» бөлімі қаладағы С.Рақымов атындағы Әскери колледжі ұжымымен бірлесе отырып, еліміздің Тәуелсіздік мерекесі және «Желтоқсан оқиғасына» орайластыра «Желтоқсан – Тәуелсіздік бастауы» атты іс-шара өткізді. Шара кезінде жастар мен «Желтоқсан оқиғасының» батырлары арасында еркін форматта кездесу болды, арнайы жасақталған көрме қойылды. Іс-шараның өзектілігі жағынан 1986 жылдық желтоқсанының қаһарлы күндерінен бері […]
Барлығын оқу
ЖЫЛАНБҰЛҒАН ҚАЛАЖҰРТЫ ЖӘНЕ КӨНЕ ДАХКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ АРАСЫ
- Шымкент қаласы
Қазіргі Шымкент қаласының аумағында әлі де ашылмай жатқан тарих және мәдениет ескерткіштері, тарихи орындар мен киелі орындардың қатары мол. Оның ішінде қарапайым былайғы жұрт тұрмақ, тарихшы мамандар біле бермейтін, назардан тыс қалып келе жатқан археология нысандары да бар. Бұл туралы «Қызмет» газетінің беттерінде айтып та, таныстырып та жүрміз. Сол дәстүрімізге басып, тағы бір ерекше тарихи […]
Барлығын оқу
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНА ӨТКЕН СӘТІНЕН БЕРГІ ТАРИХЫ
- Шымкент қаласы
Шымкент және Сайрам қалаларының Қазақ хандығына қараған кезеңінен бергі тарихын бөлек қарауды жөн санадық. Бұл тұрғыда XV-XVІ ғасырлардағы деректер біршама жүйеленген. Жазба деректер сенімді түрде кездесіп отырады. Бұл кезеңдегі тарихи оқиғаларды Қазақ хандығының тарих сахнасына шыға бастаған сәтін жазып қалдырған Мұхаммед Хайдар Дулатидің дерегі бірінші орынға шығатыны заңдылық. XVI ғасырда Әмір Темір әулетін Мәуеренахрдағы биліктен […]
Барлығын оқу
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ЕРТЕ ОРТАҒАСЫРЛАРДАҒЫ ТАРИХЫ
- Шымкент қаласы
Шымкент тарихы толығымен Орталық Азия тарихымен байланысты болғандықтан, ондағы қалалық мәдениеттің шарықтауы мен құлдырауы әрдайым аймақтағы саяси жағдайға байланысты болды. Жазбаша деректерге сүйенсек, ғасырлар бойы Шымкент тарихи-мәдени ауданында екі ірі қалалық орталық басымдық етті. Біздің дәуіріміздің бірінші мыңжылдығынан IX ғасырға дейін – Нучицзянь (Нуджикет/Наукат), IX-XVIII ғасырлар аралығында Испиджаб (Сайрам), XIXғасырдан бастап – Шымкент болды. Қытайдан […]
Барлығын оқу
КӨНЕ САЙРАМНЫҢ САКРАЛЬДІ ҚАСИЕТІНІҢ СЫРЫ
- Шымкент қаласы
Сайрам қаласы Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан қалалық мәдениеттің ірі ескерткіші және қазіргі елді мекен болып табылады. Ол ортағасырлық жазба деректер бойынша белгілі Испиджаб қаласымен баламаланады. Қазіргі уақытта Сайрам Шымкент қаласының құрамына жеке ықшамаудан ретінде кіргендіктен, соның аумағында орналасқан. Мұсылман әлемінің қиыр шығысында орналасқан Испиджабтың дәуірлеу уақыты IX ғасырлардан басталады. Әл-Белазуридің мәліметіне сәйкес, бұл – саманидтер әулетінің […]
Барлығын оқу
ҚАЗІРГІ ШЫМКЕНТ АУМАҒЫНДА 30-ДАН АСТАМ КӨНЕ ҚАЛАЖҰРТТАР МЕН МЕКЕНЖҰРТТАР БАР
- Шымкент қаласы
Шымкент қаласының өткен тарихының парақтарынан мәлімет бөлісіп, тарихи орындары мен археологиялық және сәулет ескерткіштерін таныстырып жүргенімізге біршама уақыт болып қалды. Көзі қарақты оқырманымыз біледі, сандаған ғасырлардан аман жетіп, бүгінгі ұрпақ қолымен бұзылып жатқан тарих ескерткіштері жайында да ұдайы мәселе көтеріп келеміз. Мысалы, 2 мың жылдық тарихы бар Қаратөбе мен «Тұран» шағынауданындағы қалажұрт мұраларының қопарылып, тарихи […]
Барлығын оқу
САЛТ-ДӘСТҮР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНДАРЫ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ ЭКСПЕДИЦИЯМЕН ШЫҒЫСТА ЖҮР
- Шымкент қаласы
Шымкент қаласының Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы «Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының» қызметкерлері «Сантарап» этнографиялық жобасы аясында еліміздің киелі орындарына экспедиция бастады. Экспедицияның бірінші саяхаты еліміздің шығысындағы Абай облысынан басталды. Осы тұрғыда, экспедиция күнделігін Салт-дәстүр орталығының фейсбуктегі парақшасы күнделік секілді жазба жүргізіп отыр. Осы күнделіктен үзінді беріп отырсақ. Экспедицияның бірінші күні. 03.12.2024 ж. Экспедицияның бірінші […]
Барлығын оқу
Ғ.МҰРАТБАЕВ МҮСІНІ – ҚАЛАДАҒЫ ЕҢ ЕСКІ МОНУМЕНТТІК ЕСКЕРТКІШ
- Шымкент қаласы
Шымкент қаласындағы алғашқы монументальді ескерткіштердің қойыла бастаған тарихы ХХ ғасырдың басындағы Кеңес өкіметі орнаған тұстан басталды. Қаланың көрнекті жерлерінде сол кездегі ескерткіштер социалистік идеяларды насихаттау, Кеңес өкіметінің тарихи жетістіктерін насихаттау, партия жетекшілерін дәріптеу және қоғамдық сананы қалыптастыру үшін жасалды. Әлбетте, қазіргі таңда Кеңес Одағы тұсында орнатылған ескерткіштердің көп бөлігі идеологиялық тұрғыда ескірді, Тәуелсіздік алғаннан кейінгі […]
Барлығын оқу
Шымкент көшелері: «ОРДАБАСЫ» – НАҒЫЗ ТАРИХИ АЛАҢ
- Шымкент қаласы
Шымкент қаласының тарихын оның ескі көшелері туралы әңгімемізбен таныстыруды жалғастырайық. Өткенде Әйтеке би, Амангелді, 8-наурыз көшелері туралы айтып едік. Бұл жолғы тілге тиек етер нысанымыз – қазір «Ордабасы» алаңы деп аталып жүрген алаң. Бұл алаңның тарихы да көне Шымкенттің тамырымен байланысып жатыр. Алаң туралы сөз қозғау үшін оның айналасындағы нысандарды алаңның кешендік құрамдас бөлігі болып […]
Барлығын оқу