Жаңалықтар

blog-image

КӘСІБИ СУРЕТШІЛЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КОНКУРСЫ

  • Шымкент қаласы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті еліміздің аумағында «Ұлттық құндылықтар: салттың сырлы бейнесі» атты кәсіби суретшілердің республикалық шығармашылық конкурсын жариялаған бұл туралы Шымкент қалалық Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының фейсбуктегі парақшасы жариялаған (https://www.facebook.com/share/p/1NE7NMFEuM/). Конкурстың мақсаты – бейнелеу өнері туындыларының негізінде ұлттық құндылықтар мен мәдени нысандарды дәріптеу, отандық суретшілердің шығармашылығын қолдау және қоғамдағы […]

Барлығын оқу
blog-image

ШЫМКЕНТТЕГІ АБАЙ МҮСІНДЕРІ, АҚЫН АТЫМЕН АТАЛАТЫН КӨШЕ ЖӘНЕ НЫСАНДАР

  • Шымкент қаласы

Шымкент қаласында орналасқан монументтік өнер құрылыстары туралы шолу-мақаламызды өткен жолы Ғани Мұратбаев ескерткішінен бастап едік. Орнатылу тарихына қарағанда, ол бүгінгі таңға Кеңес заманынан жеткен елеулі мүсін сол ғана болып тұр. Қалған ескерткіштердің дені Тәуелсіздік алған заманнан бергі кезеңдерде орнатылған. Жалпы, Шымкент қаласында ескерткіштердің белсенді құрылысы ХХ ғасырдың екінші жартысында басталды. Қала аумағында ескерткіштер мен мүсіндер […]

Барлығын оқу
blog-image

Еңбек адамы: АЛБАСТЫСАЙДЫ ҒЫЛЫМИ АЙНАЛЫМҒА ЕНДІРГЕН МУЗЕЙ МАМАНЫ

  • Шымкент қаласы

Шымкент қаласының мәдениет саласындағы «Еңбек адамы» дейтін ерекше мәртебеге ие болуыға лайықты мамандарды таныстыруды жалғастырайық. Мәдениет дегенде де оның ішіндегі еңбегі елеусіздеу қалып қоя беретін музей саласына екпін беруге тырысып келеміз. Біздің бұл жолғы кейіпкеріміз – Шымкент қаласының музей ісі саласындағы мамандар арасында аты танымал болғанмен, былайғы көпшілік біле бермейтін қызметкер. Таныс болыңыз, ол – […]

Барлығын оқу
blog-image

МУЗЕЙДЕ «ЖЕЛТОҚСАН – ТӘУЕЛСІЗДІК БАСТАУЫ» АТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

  • Шымкент қаласы

«Шымкент қалалық музейлер бірлестігі» МКҚК «Ерлік музейі» бөлімі қаладағы С.Рақымов атындағы Әскери колледжі ұжымымен бірлесе отырып, еліміздің Тәуелсіздік мерекесі және «Желтоқсан оқиғасына» орайластыра «Желтоқсан – Тәуелсіздік бастауы» атты іс-шара өткізді. Шара кезінде жастар мен «Желтоқсан оқиғасының» батырлары арасында еркін форматта кездесу болды, арнайы жасақталған көрме қойылды. Іс-шараның өзектілігі жағынан 1986 жылдық желтоқсанының қаһарлы күндерінен бері […]

Барлығын оқу
blog-image

ЖЫЛАНБҰЛҒАН ҚАЛАЖҰРТЫ ЖӘНЕ КӨНЕ ДАХКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ АРАСЫ

  • Шымкент қаласы

Қазіргі Шымкент қаласының аумағында әлі де ашылмай жатқан тарих және мәдениет ескерткіштері, тарихи орындар мен киелі орындардың қатары мол. Оның ішінде қарапайым былайғы жұрт тұрмақ, тарихшы мамандар біле бермейтін, назардан тыс қалып келе жатқан археология нысандары да бар. Бұл туралы «Қызмет» газетінің беттерінде айтып та, таныстырып та жүрміз. Сол дәстүрімізге басып, тағы бір ерекше тарихи […]

Барлығын оқу
blog-image

ҚАЗІРГІ ШЫМКЕНТ АУМАҒЫНДА 30-ДАН АСТАМ КӨНЕ ҚАЛАЖҰРТТАР МЕН МЕКЕНЖҰРТТАР БАР

  • Шымкент қаласы

Шымкент қаласының өткен тарихының парақтарынан мәлімет бөлісіп, тарихи орындары мен археологиялық және сәулет ескерткіштерін таныстырып жүргенімізге біршама уақыт болып қалды. Көзі қарақты оқырманымыз біледі, сандаған ғасырлардан аман жетіп, бүгінгі ұрпақ қолымен бұзылып жатқан тарих ескерткіштері жайында да ұдайы мәселе көтеріп келеміз. Мысалы, 2 мың жылдық тарихы бар Қаратөбе мен «Тұран» шағынауданындағы қалажұрт мұраларының қопарылып, тарихи […]

Барлығын оқу
blog-image

САЛТ-ДӘСТҮР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНДАРЫ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ ЭКСПЕДИЦИЯМЕН ШЫҒЫСТА ЖҮР

  • Шымкент қаласы

Шымкент қаласының Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы «Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының» қызметкерлері «Сантарап» этнографиялық жобасы аясында еліміздің киелі орындарына экспедиция бастады. Экспедицияның бірінші саяхаты еліміздің шығысындағы Абай облысынан басталды. Осы тұрғыда, экспедиция күнделігін Салт-дәстүр орталығының фейсбуктегі парақшасы күнделік секілді жазба жүргізіп отыр. Осы күнделіктен үзінді беріп отырсақ.  Экспедицияның бірінші күні. 03.12.2024 ж. Экспедицияның бірінші […]

Барлығын оқу
blog-image

Ғ.МҰРАТБАЕВ МҮСІНІ – ҚАЛАДАҒЫ ЕҢ ЕСКІ МОНУМЕНТТІК ЕСКЕРТКІШ

  • Шымкент қаласы

Шымкент қаласындағы алғашқы монументальді ескерткіштердің қойыла бастаған тарихы ХХ ғасырдың басындағы Кеңес өкіметі орнаған тұстан басталды. Қаланың көрнекті жерлерінде сол кездегі ескерткіштер социалистік идеяларды насихаттау, Кеңес өкіметінің тарихи жетістіктерін насихаттау, партия жетекшілерін дәріптеу және қоғамдық сананы қалыптастыру үшін жасалды. Әлбетте, қазіргі таңда Кеңес Одағы тұсында орнатылған ескерткіштердің көп бөлігі идеологиялық тұрғыда ескірді, Тәуелсіздік алғаннан кейінгі […]

Барлығын оқу
blog-image

Шымкент көшелері: «ОРДАБАСЫ» – НАҒЫЗ ТАРИХИ АЛАҢ

  • Шымкент қаласы

Шымкент қаласының тарихын оның ескі көшелері туралы әңгімемізбен таныстыруды жалғастырайық. Өткенде Әйтеке би, Амангелді, 8-наурыз көшелері туралы айтып едік. Бұл жолғы тілге тиек етер нысанымыз – қазір «Ордабасы» алаңы деп аталып жүрген алаң. Бұл алаңның тарихы да көне Шымкенттің тамырымен байланысып жатыр. Алаң туралы сөз қозғау үшін оның айналасындағы нысандарды алаңның кешендік құрамдас бөлігі болып […]

Барлығын оқу
blog-image

ШЫМКЕНТТІҢ ТАРИХЫ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ҚҰРЛЫҚ ҚАЛАСЫМЕН ТЫҒЫЗ БАЙЛАНЫСТЫ

  • Шымкент қаласы

Қазіргі Шымкент қаласына қарайтын аумақтағы ең көне қалалардың бірі – Құрлық қаласы. Ол 2010-шы жылдары толық ашылып, жан-жақты зерттеу жұмыстары жүрді. Алғаш ашылған сәтінде оның атауы шартты түрде «Мазараттөбе» деп аталып, ғылыми айналымға ендірілген болатын. Ал, жалпы ортағасырлық араб жазба деректерінде Хурлуг деген атпен кездесетін көне қаланың орнына сәйкестендіріліп, ғылыми түрде дәлелденген соң, оның жаңа […]

Барлығын оқу