Жаңалықтар

blog-image

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АШАРШЫЛЫҚ (1920-1922 ж.ж.) ЖӘНЕ ОНЫҢ БІЗДІҢ ӨҢІРГЕ ӘСЕРІ

  • Шымкент қаласы

Қазақстан тарихында 1920-1922 жылдар аралығындағы мезгілде «Қазақстандағы ашаршылық» деп аталатын қайғылы ашаршылық кезеңі болды. Бұл аштық – Қазақстан мен Кеңес Одағы тарихындағы ең ауыр ашаршылықтың бірі еді. Бұл нәубеттен қазіргі Шымкент қаласы мен оның айналасындағы аумақ халқы да аман қалмады. Бұрынғы Кеңес заманында жасырын ұсталған ақпараттар құпиясын бүгінде архив құжаттары жайып салып отыр. НӘУБЕТТІҢ ТУУ […]

Барлығын оқу
blog-image

«СЕНДЕГІ МЕНІ ӨШІРМЕ» ПОЭТИКАЛЫҚ ТОЛҒАУЫНЫҢ ПРЕМЬЕРАСЫ ӨТТІ

  • Шымкент қаласы

Бүгін, 28-ші қараша күні Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрында Ханбибі Есенқарақызының «Сендегі мені өшірме» поэтикалық толғауының премьерасы өтті. Спектакль жастар арасындағы ажырасу мәселесін, қоғамдағы өзгерістерді, махаббат пен сатқындықтың арасындағы күресті бейнелейді. Қойылым поэзия мен музыка арқылы терең сезімдер мен ойлар әлеміне жетелейді. Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қызметкері, «Барыс» және «Парасат» ордендерінің, халықаралық […]

Барлығын оқу
blog-image

«ХАНБИБІНІҢ БИІГІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖЫР МҮШӘЙРАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

  • Шымкент қаласы

Бүгін Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қызметкері, «Барыс» және «Парасат» ордендерінің, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ақын, Ханбибі Есенқарақызының 75 жылдығына арналған екі күнге созылатын бірқатар мәдени және ғылыми іс-шаралардың алғашқы легі басталды. Соның біріншісі «Ханбибінің биігі» республикалық жыр мүшәйрасы түске дейінгі уақытта өз мәресіне жетіп отыр. «Қаратау» дәстүрлі өнер мектебінде өткен жыр додасына еліміздің бар […]

Барлығын оқу
blog-image

«SHAMSHYRAQ» ӨҢІРЛІК ӨНЕР ФЕСТИВАЛІНЕ 15 ЖЫЛ

  • Шымкент қаласы

«ШамШырақ» – инклюзивті мәдениеттің символы. Қаламызда «Халықаралық зағиптар күніне» орай және қалалық Арнайы кітапхананың 55 жылдық мерейтойымен қатар, «ШамШырақ» өңірлік өнер фестивалінің 15 жылдығы атап өтілді. Бұл ерекше  фестиваль зағип және нашар көретін жандардың шығармашылық әлеуетін ашуға, өнер мен мәдениет арқылы өзін танытуға арналған айрықша алаң болып табылады. Іс-шараның басты ерекшелігі – қатысушылардың шығармашылық еркіндігі. […]

Барлығын оқу
blog-image

«ШЫҒАРМАЛАР ШЕРУІ» ЖАСТАР АРАСЫНДА ЗАМАНАУИ ОЙЫН-САУЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ

  • Шымкент қаласы

Шымкент қалалық арнайы кітапханада бүгін «Тағдырластар» клубының кезекті бас қосуы болып өтті. «Шығармалар шеруі» тақырыбында өткен шараға жан-жақты белсенді жастар қатысты. Шараны клуб жетекшісі Ербек Бакиев жүргізіп отырды. Ол алдымен қараша айында туған күн иелерін құттықтап, сый-сиапаттар үлестірді. Жетісайлық Жұмабай Лаура, ұлт мақтанышы болған қайраткер қаламгер Сәкен Сейфулиннің 130 жылдығына орай ақынның жырларын оқып, жұртшылықты […]

Барлығын оқу
blog-image

Сайрам ескерткіштері: ҚЫЗЫР ПАЙҒАМБАР МЕШІТІ, МҰНАРАСЫ, АТА-АНАСЫНЫҢ КЕСЕНЕЛЕРІ

  • Шымкент қаласы

Шымкент қаласының аумағындағы Сайрам тұрғын алабы – қасиетті нысандардың ордасы. Ол туралы түрлі ел арасында аңыз-әпсаналар көп. Сондай аңыздардың бірі – Қызыр пайғамбар туралы аңыз. Қызыр ата тақырыбымен үндес жатқан бірнеше сәулет ескерткіштері сақталған. XVII ғасырдың соңы мен XVIII ғасырдың бас кезінде жазылды деп топшыланатын «Мадинат-әл-Байда мен Испиджаб әулиелері хақындағы трактаттар» жинағында Қызыр пайғамбар Сайрамда […]

Барлығын оқу
blog-image

«Бір қала – бір кітап» жобасы: АҚЫНДАР САЙЫСЫ КІТАПХАНАДА ЖАЛҒАСТЫ

  • Шымкент қаласы

Шымкент қаласының кітапханаларында «Бір қала – бір кітап» жобасы жүріп жатқаны белгілі. Қаратау дәстүрлі өнер мектебінің  өткізіп жүрген «Жеребе жүйрігінің» сериясының алтыншы айналымы бұрынғыдан ерекше өткені туралы сол мектептің фейсбуктегі парақшасы бөліскен. Бұл жолы «Қаратау» дәстүрлі өнер мектебінде емес, Әл-Фараби кітапханасында өткен. Ақындарды құшақ жая қарсы алған мәдени ордада «Бір қала – бір кітап» жобасы […]

Барлығын оқу
blog-image

ШӘКІРТТЕРДІҢ ШАМЫН ЖАҚҚАН ҮМІТХАН АПАЙҒА АРНАЛҒАН СЫРЛЫ КЕШ ӨТТІ

  • Шымкент қаласы

…Ол кезде редакцияда қаламгерлердің үлкен шоғыры болды. Анар Аспан, Асхан Майлыбаева, Үрзада Айтөреева, Суханберді Оразалиев, Слам Нұрмағамбетов, Жеңіс Баһадүр, Ертай Бекқұлов, Исақ Әубәкіров, Әуесбай Әбдіразақов, Дидар Бегалиев, Еркін Досымбай, Айгүл Қапбарова, Жәмила Мамырәлі, Қалдыүл Дәуренбекова. Осы үлкен шоғырға жаңа толқын (Лаура Тастанбек, Әнуар Жұмашбаев, Айдар Құлжанов, Ғабит Сапарбеков, Замира Алдабергенова, Жеңісбек Колхозов, Гүлдана Айходжаева) келіп […]

Барлығын оқу
blog-image

«ҮМІТТІ» ОҚЫҢЫЗ

  • Шымкент қаласы

Күні кеше Шымкент қаласының Әл-Фараби кітапханасында өңіріміздің танымал қаламгері, Үмітхан Алтаеваның «Үміт» кітабының тұсаукесері өтті. Тұсаукесерге қаламыздағы қолына қалам ұстаған қауым жиналып, Үмітхан апай туралы естеліктер айтылып, оның қаламынан туған шығармалар топтамасы туралы жылы лебіздер ортаға салынды. Сондай жылы лебіздің бірін фейсбук әлеуметтік желісінде бөлісілген белгілі журналист Жәмилә Мамырәлінің парағынан байқап қалдық. Естелігін бөлісіп отырмыз. […]

Барлығын оқу
blog-image

ШЫМКЕНТТІК АСПАЗДАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ГАСТРОНОМИЯЛЫҚ БАЙҚАУДАН ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

  • Шымкент қаласы

Шымкент қаласы – Қазақстанның гастрономиялық туризмінің астанасы. Ел ішінде солай деп таниды, рас. Ол мәртебені енді әлемдік туризм саласы мамандары мойындай бастады. Соның бір дәлелі, шымкенттік аспаздар Түркияның Анталия қаласында өткен халықаралық гастрономиялық байқауға қатысып, ұлттық тамақтарымызды ұлықтап қайтты. «Turkistan Chefs Hub» бірлестігінің аспаздары «Shymkent Tourism Bureau» туристік бюросының қолдауымен «Game of Food GastroAntalya 24» […]

Барлығын оқу