Жаңалықтар

blog-image

35 МЫҢДЫҚ ЗАМАНАУИ СТАДИОН ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

  • Шымкент қаласы

Шымкент қаласының спорттық туризмі тағы бір көрікті нысанмен толыға түспек. Үшінші мегаполисте осы заманғы заманауи жаңа стадионның құрылысы басталды. Бұл туралы ақпаратты бүгін sports24.kz сайты сүйінші сұрай бөліскен (сілтеме: https://sports24.kz/football/news/nachalos-stroitelstvo-stadiona-v-shimkente/). Ақпарат көзінің дерегінше, арена 35 мың адамға лайықталып салынып, Қазақстандағы ең үлкен стадион болмақ. Көрнекі фотосурет Шымкент қалалық әкімдігінің хабарламасынан алынды. Стадион құрылысы 2026 жылы […]

Барлығын оқу
blog-image

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ХХ ҒАСЫРДАҒЫ СӘУЛЕТ ЕСКЕРТКІШТЕРІ

  • Шымкент қаласы

Шымкент қаласы ХІХ ғасырдың соңында патшалы Ресей құрамына өткесін қаланың архитуралық келбеті еуропалық сипатқа қарай өзгере бастады. Ал, ортаазиялық қала құрылысы ерекшелігі тек Ескі қала аумағында ғана «арал» секілді оқшауланып қала берді. ХХ ғасырдың басына қарай қаланың төрт бөліктен: Бекініс, Ескі қала, Солдат слободкасы, Жаңа қала деп аталатын бөліктерден тұратын құрылымы қалыптасты. Ол 1915 жылға […]

Барлығын оқу
blog-image

Еңбек адамы: «АЯҚ АСТЫНАН ӘН ШЫҒАРЫП КЕТТІМ…»

  • Шымкент қаласы

Шымкент қаласының мәдениет саласында танылып жүрген жас әншілердің қатары аз емес. Соның ішінде өз жанды дауысымен салған әні тыңдарманының құлағында қалып кететін дауысымен ерекшеленетін жанның бірі туралы сөз етпекпіз. «Мәдениет саласындағы ЕҢБЕК АДАМЫ» тақырыбын қауза деп тапсырма түскенде, ең бірінші ойға оралған әншілердің қатарында Арайлым Саттарова болғаны да заңдылық шығар. Оның өнер жолына қадам басуы […]

Барлығын оқу
blog-image

АЛУАКЕНТ – ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ТАРИХЫНЫҢ БІР ПАРАСЫ

  • Шымкент қаласы

Рубрика: ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРА Шымкент қаласының аумағында отыздан астам қалажұрттар (городище) мен мекенжұрттар (поселение) барын айтып жүрміз. Оған 2021 жылы ұйымдастырылған экспедиция кезінде көз жеткен. Сол кезде экспедиция жайлы арнайылап көлемді мақала да жазып ек. Отыз қайнардан бастау алатын бүгінгі Шымқаланың тарихы тым тереңде екенін қайта-қайта айта беруден шаршамаспыз біз. Олардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталып, қал-қадірімізше көне […]

Барлығын оқу
blog-image

САЙРАМНЫҢ КӨНЕ ЕСКЕРТКІШТЕРІНІҢ БІРІ – ҚАЗЫ БАЙЗАУИ КЕСЕНЕСІ

  • Шымкент қаласы

Сайрамға бара қалсаңыз, ауыл ішінен оңтүстік тараптан Көксәйек жаққа қарай күре жол бойымен шығар тұста, жолдың сол жақ бетіндегі көне мазараттың шетінде тұрған көк күмбезді көресіз. Бұл кесене – халық аузында Қазы Байзауи кесенесі деген атаумен танымал. Бұл кесене туралы ең алғашқы жазба деректі ХІХ ғасырда қағазға түскен «Сайрам аңыздары» деген еңбектен жолықтырамыз. Одан кейін, […]

Барлығын оқу
blog-image

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ МЕҢГЕРГЕН ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҮЛЕСІ 97,8 ПАЙЫЗДЫ ҚҰРАЙДЫ

  • Шымкент қаласы

Шымкент қаласындағы мемлекеттік тіл саясаты саласындағы жұмыстарды атқару – қалалық Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқарамасы атқарады. Осы мемлекеттік құрылымға жүктелген. Сондықтан, үстіміздегі 2024 жылы аталған сала бойынша жұмыстар ретіне тоқталып, атқарылған шаруаларды таныстырып өтсек дейміз. Ол үшін, рет-ретімен таныстырайық.  БАРЛЫҚ КӨРНЕКІ АҚПАРАТТАР МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ ЖАЗЫЛУЫ ТИІС Тіл саясаты жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасындағы «Тіл туралы» […]

Барлығын оқу
blog-image

ҚОШҚАР АТА КЕСЕНЕСІ ЖӘНЕ ШИПАЛЫ БҰЛАҒЫ

  • Шымкент қаласы

Қазіргі қолданыстағы тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі заңнамада «киелі объектілер» дейтін түсінік ендірілген. Осыған орай, Шымкент қаласы аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштер туралы сөз қозғағанымызда киелі жерлер географиясы нысандарын да қамтуға тырысамыз. Шымкенттің сакральді нысандарының басында қаланың түп-тамыры бастау алатын Қошқар ата тақырыбы да қатар өрбитіні бар. Олай болса, бұл тұрғыда алғашқы болып осы тақырыпты қаузау […]

Барлығын оқу
blog-image

АЛПАМЫС БАТЫР ЕСКЕРТКІШІ ҚАЛАҒА «ЖАҚЫНДАП КЕЛЕДІ»

  • Шымкент қаласы

АЛПАМЫС БАТЫР ЕСКЕРТКІШІ ҚАЛАҒА «ЖАҚЫНДАП КЕЛЕДІ»   Шымкент қаласындағы монументальді өнер құрылыстары ішінде ең алып ескерткіштердің бірі – Алпамыс батыр ескерткіші. Оның жанына барып, мүсінге көз салар болсаңыз, биік тұғыр үстіне орнатылған батыр бейнесінің астындағы «мінген атының» өзі төбеңнен төне қарап тұрады. Осындай алып ескерткіштің қалаға Тәшкент тараптан кіретін күре жолдың бойына, қала сыртына орнатылғаны […]

Барлығын оқу
blog-image

«ҚЫЗҒАЛДАҚ» СУБҰРҚАҒЫ, АЛЛЕЯСЫ

  • Шымкент қаласы

Қызғалдақ – Шымкент қаласының символы. Қаланың логотипінде қып-қызыл сұлу қызғалдақ өрнектелген. «Қызғалдақ» субұрқағы – Шымкент қаласының символы саналатын қызғалдақты бейнелейтін ерекше нысан. Ол 2010 жылы «Қала күніне» орай ашылды. «Қызғалдақ» субұрқағы Шымкент қаласының Бауыржан Момышұлы көшесі және Тәуке хан даңғылының қиылысындағы жинақы скверде орналасқан. Көктемнің сәуір-мамыр аралығында субұрқақ маңайы қызылды-сарылы қызғалдақтарға толып кетеді. Әрі, бұл […]

Барлығын оқу
blog-image

ӨЗБЕКСТАН АРХИВІНЕН ТЫҢ ДЕРЕКТЕР КЕЛЕТІН КҮН АЛЫС ЕМЕС

  • Шымкент қаласы

Дәл бүгінгі таңда Өзбекстанның астанасы Ташкент шаһарында Қазақстан Жазушылар одағының Шымкент қаласындағы өкілі Момбек аға Әбдіәкімұлы жүр. Жай жүрген жоқ, қанша жылдан бері қазақстандық ізденушілерге есігі жабық болған Өзбекстанның Мемлекеттік архивінің құжаттарын қотаруға мүмкіндік алыпты. Алдағы уақыттарда Момбек аға ХІХ ғасырдағы біздің өлкемізге қатысты тың деректерді әкеледі деп нық сеніммен айтып, сүйінші сұрай берсек болар. […]

Барлығын оқу