Жаңалықтар
Батырхан ДӘУРЕНБЕКОВ, сценарист, ҚР Мәдениет қайраткері: «БІЗГЕ БАЛА ТӘРБИЕСІН БАСТЫ МӘСЕЛЕ ЕТІП ҚОЮ КЕРЕК»
- Шымкент қаласы
Биыл Шымкенттегі Абай атындағы қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің жұмыс істегеніне 70 жыл. «Қызмет» газетінң жарық көргеніне 15 жыл. Осы айтулы даталарға орай кітапхана мен редакция «Оқырманмен ойталқы» атты жаңа жоба бастады. Аптаның бір күнінде кітапхананың оқырмандар залы сұхбат алаңына айналып, әлеуметтік парақшаларда тікелей эфир жүргізіледі. Ал, қағаздағы нұсқасы «Қызмет» газетіне басылады. Сұқбаттың тізгін ұстары […]
Барлығын оқу
ЕЛДІККЕ ҮНДЕЙТІН ЖӘДІГЕР МУЗЕЙ ҚОРЫН ТОЛЫҚТЫРА ТҮСТІ
- Шымкент қаласы
Күні кеше, 2024 жылғы қарашаның 18 күні «Шым қала» тарихи-мәдени кешенінің жәдігерлерді қабылдау-өткізу ресми құжаттарына қол қою рәсімі өтті. Аталған рәсім кезінде 2024 жылы Астана қаласында өткен V Көшпенділер ойынының басты символы «Торсық», «Тұғыр» және ойындардың ресми Байрағын музей қорына тапсыру шарасы жасалды. «Шым қала» тарихи-мәдени кешенінің, Қорларды ғылыми зерттеушілік қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Айгүл […]
Барлығын оқу
Бір жәдігердің тарихы: САЙРАМ МУЗЕЙІНДЕГІ ПАРАНЖАЛАР
- Шымкент қаласы
Сайрам музейінің қорында XIX ғасыр және XX ғасырдың басынан жеткен паранжалар экспонаттар залында тұр. Бұл сол дәуірдегі осы өңірлерді мекендеген халықтардың этнографиялық кескін-келбетінен хабар береді. Шымкент өңіріне 1866 жылы аяқ басқан орыс ғалымы А.К. Гейнс шымкенттік әйел тұрғындары паранжа жамылатынын, көшеде орыс солдатын көре қалса, паранжасына жасырынатынын, ал жергілікті тұрғындар арасында олай жүзін жасыра бермейтінін […]
Барлығын оқу
САН ҒАСЫРЛЫҚ СЫРЫ БАР САЙРАМ ҚАЛАШЫҒЫ (ІХ-ХІХ ғасырлар)
- Шымкент қаласы
Сайрам қалашығы – республикалық маңызы бар археология ескерткіші. Мемлекеттік қорғауға алынған. Ол IX-XIX ғасырларда өмір сүрген деп топшыланады. Археологиялық ескерткіш Сайрамсу өзенінің оң жағалауындағы жайылмада, бұрынғы ауылдың аумағында, қазіргі Шымкент қаласының Сайрам шағын ауданында орналасқан. Орналасқан жерінің географиялық координаты 42°17’58.6″N 69°45’31.9″E. Сайрам қалашығының шахристаны ауылдың бұрынғы орталығында биіктеу орналасқан. Шахристанның әртүрлі учаскелеріндегі мәдени қабаттарының қуаты […]
Барлығын оқу
ШЫМКЕНТТІҢ ПІРІ ДӘРУІШ АТА (ХІІ ғ.) ЖАЙЛЫ АЗ-КЕМ СӨЗ
- Шымкент қаласы
Шымкентке Тәшкен тараптан кіріп келе жатқанда оң жақтағы қыр үстіне жайғасқан мазаратты көресіз. Бұл – бүгінде қаладағы ең ескі мазараттардың санатына жатып қалған «Қасқа» мазары. Осы мазараттың қалаға төніп тұрған тұсында көк күмбез көрінеді. Ол кесене ел аузында аты аңызға айналған Дәруіш ата әулиенің қабірі. Бұл – Шымкенттің тарихи-мәдени ескерткіштері санатына жататын ерекше нысан. Орналасқан […]
Барлығын оқу
«АЛТЫН ҚОРЖЫН – 2024» ЖОБАСЫ БАСТАЛДЫ
- Шымкент қаласы
Шымкент қаласындағы Қалалық жасөсіпірімдер кітапханасында «Алтын қоржын 2024» жобасы аясында C.Сейфуллин, І. Жансүгіров, Б. Майлиннің туғанына 130 жыл толуына орай «Қазақ әдебиетінің үш алыбы» әдеби талқылау кеші өтті. Әдеби кешке «Парасат» колледжі оқытушысы М. Жұмабекова, Қаратау дәстүрлі өнер мектебі ұстазы А. Орынбетова және Ө.Жәнібеков атындағы ОҚМПУ, ШУ және Парасат колледжі студенттері қатысты. «Үш бәйтерек» бейнебаянымен […]
Барлығын оқу
БАҚЫТЖАН АЛДИЯРДЫҢ «ҚОЛТАҢБА» АТТЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ
- Шымкент қаласы
Шымкентте қазақтың талантты ақыны, сыршыл, сезімтал, лирик ақыны, провинцияда жүріп-ақ республиканы мойындатқан поэзия шебері, басқа атағын айтпағанда, сезімге тұнған қара өлеңнің күлігі – Бақытжан Алдиярдың 50 жасқа толуына орай әдеби-сазды кеш өтті. Бақытжан Алдиярдың өлеңі дегенде еш нәрсеге жалтақтамаған, ешкімге бас имеген өр өлеңдер еске оралады. Оның поэзиясынан терең мұң, еркіндік, тұмса лириканың иірімдері сезіледі. […]
Барлығын оқу
ШЫМКЕНТ ЖӘНЕ БЕРГЕН ҚАЛАЛАРЫНЫҢ (НОРВЕГИЯ) БАУЫРЛАСТЫҒЫ АЯСЫНДА МӘДЕНИ САПАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
- Шымкент қаласы
Шымкент қаласының өнерпаздары Норвегияның Осло және Берген қалаларында арнайы іс-сапармен барды. 2024 жылғы қараша айының орта шенінде Қазақстан Республикасының халық әртісі Майра Мұхамедқызы бастаған Шымкент қаласының өнерпаздары Норвегия корольдігінің Осло және Берген қалаларында өнер көрсетті. Салтанатты шараны Норвегия Корольдігіндегі Қазақстан Республикасының төтенше және өкілетті елшісі Әділ Қапанұлы Тұрсынов ресми ашты. Шараға Норвегияның бірқатар мемлекеттік министрлері, […]
Барлығын оқу
«ҰЛТТЫҚ ТЕҢГЕ – ЕЛ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ СИМВОЛЫ» КӨРМЕСІ ҚОЙЫЛДЫ
- Шымкент қаласы
Бүгін, 15 қараша – Қазақстан Республикасының төл теңгесінің күні, «Теңге күні». Осы айтулы датаға орай, «Шым қала» тарихи-мәжени кешенінде «Ұлттық теңге – ел тәуелсіздігінің символы» деп аталатын көрме жабдықталып, музейге келушілер назарына ұсынылды. Теңге – Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. Ақша – асыл қазына, халық байлығы. Халқымыз теңгені бұрын да пайдаланған. Шымкент қаласының […]
Барлығын оқу
МӘДЕНИЕТ САЛАСЫ: ҚАНДАЙ ЖЕТІСТІК БАР, НЕ ШЕШІЛМЕЙ ҚАЛДЫ?
- Шымкент қаласы
Күні бүгін, 14 қараша күні Шымкент қаласының Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының кеңейтілген алқа мәжілісі өтті. Аталған жиында Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Бауыржан Орынбасарұлы Орынтаев 2024 жылдың 10 айында атқарылған мәдениет саласында атқарылған жұмыстарды қорытындылады. Осылайша, кеңейтілген алқа мәжілісінде мәдениет саласына қатысты маңызды мәселелер талқыланды Жиынға басқарма басшылары, аудан әкімдерінің […]
Барлығын оқу