Жаңалықтар

ТҰРАҚТАНДЫРУ ҚОРЫНАН 7,7 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
- Шымкент қаласы
Шымкент қаласында азық-түлік бағасын тұрақты ұстап тұру мақсатында 2018 жылдан бері қазынадан арнайы қорға 7,7 миллиард теңге бөлінді. Соның арқасында қазір қаладағы 50-жуық сауда орнында көпшілік тұтынатын әлеуметтік тауарлар мейілінше арзан бағада сатылып жатыр. «Әдия» мөлтекауданында тұратын Ботагөз Үсенова енді күнделікті азық-түлік үшін шаһар орталығына сабылмайтын болды. Мөлтекаудан ішінен әлеуметтік маңыздағы өнімдер сатылатын дүкен ашылды. […]
Барлығын оқу
ШАҺАР БАСШЫСЫ ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСТАРЫН ТЕКСЕРДІ
- Шымкент қаласы
Шымкент қаласына қарасты Өтеміс және Базарқақпа елді мекендеріндегі төрт бірдей көшенің құрылысы аяқталып ел игілігіне берілді. Ұзындығы 5,1 шақырым болатын Өжен, Ақкөл және Мұрат көшелеріне орташа жөндеу жасалды. Ал, КХ-42 көшесінде құрылыс жұмыстарын аяқтау үшін жұмыс қарқынды жүргізілуде. Нысанның ұзындығы 3,1 шақырым, ені 6 метр. Қазіргі таңда асфальт жабындысының екінші қабатын төсеу жұмыстары атқарылуда. Құрылыс […]
Барлығын оқу
ТҮРКИЯНЫҢ ҚҰРМЕТТІ КОНСУЛДЫҒЫ АШЫЛДЫ
- Шымкент қаласы
Шымкент қаласында Түркия Республикасының құрметті консулдығы ашылды. Мұндай байланыс енді екі елдің арасындағы бауырластық және достық қарым-қатынасты нығайтуымен бірге сауда-экономикалық қатынастарды арттыра түспек. Шымкент қаласындағы құрметті консулдықтың мақсаты екі ел туризмінің дамуына ықпал ету. Сондай-ақ сауда саттықты көбейтіп, кәсіпкерлік, өнеркәсіп салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыру. Салтанатты жиында сөз сөйлеген Түркия Республикасының сыртқы істер министрі Мевлют […]
Барлығын оқу
ЖҮЙЕ ЖАҢАРТЫЛДЫ, ЖАРЫҚТАНДЫРУ АВТОМАТТАНДЫРЫЛДЫ
- Шымкент қаласы
Шымкент қаласында ескірген электр жүйелерін жаңарту, трансформаторлардың қуаттылығын арттыру бағытында кешенді жұмыстар жүріп жатыр. Мәселен, осыдан екі жыл бұрын тұрғындарды сапалы электрмен қамтамасыз ету көрсеткіші 95 пайызды болса, жүйелі түрде жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде биыл бұл көрсеткіші 99 пайызға жеткен. Келер жылы қалаға қарасты барлық аймақ тұрғындарының халқы сапалы электр қуатына қол жеткізеді. Осы жоспарлы істің […]
Барлығын оқу
ӘСКЕРИ БӨЛІМНІҢ ҚҰРЫЛҒАНЫНА 60 ЖЫЛ
- Шымкент қаласы
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Шымкент қаласындағы 6506 әскери бөлімнің құрылғанына 60 жыл толды. Бөлім 1961 жылдың 7 қазанында Қазақ КСР ІІМ ішкі әскерлерінің жеке дивизиялық бөлімі мен айдауылдау күзеті ретінде құрылған. Еліміз Тәуелсіздік алған жылдарға дейін айдауылдау полкы болып қызмет атқарып келген әскери бөлім 1994 жылдың 2 науырызында Қазақстан Республикасы Ішкі әскерлері бас қолбасшылығының бұйырығымен […]
Барлығын оқу
ЛИТВАЛЫҚ ДӘРІГЕРЛЕР ШЕБЕРЛІК САБАҒЫН ӨТКІЗДІ
- Шымкент қаласы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған биылғы Жолдауында денсаулық сақтау саласы бәсекеге қабілетті болуы үшін дәрігерлер дайындау жүйесін жетілдіруді тапсырған болатын. Бұл бағыттағы жұмыстар Шымкент қаласында да басталып кетті. Медицина қызметкерлерінің біліктілігін, білім деңгейін және практикалық дағдыларын арттыру мақсатында Шымкент қаласына бір топ Литвалық дәрігер келіп, шеберлік сағаттарын өткізді. Тәжірибе алмасу кезінде жергілікті медицина мамандары […]
Барлығын оқу
2 МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫССЫЗ СҰРАНЫСҚА САЙ МАМАНДЫҚ ИГЕРДІ
- Шымкент қаласы
Шымкент қаласындағы бірқатар кәсіпорындар, құрылыс компаниялары мен халыққа қызмет көрсету орындары оннан астам кәсіп түрі бойынша мамандарға зәру. Осыған байланысты, биыл екі жарым мыңға жуық жұмыссыз азамат арнайы оқу курстарына жолдама алып, сұранысқа сай мамандық алып шықты. Әсел жасы 30-дан асқанда мамандығын өзгертті. Медициналық жоғары білім алған ол, енді бала кезінен қызыққан тігіншілік өнермен айналыспақ. […]
Барлығын оқу
ЖАСТАРДЫ БАР ЫНТАМЕН ЕҢБЕК ЕТУГЕ ШАҚЫРДЫ
- Шымкент қаласы
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Шымкент қаласына келген сапарында жастар ресурстық орталығына барып, ондағы атқарылып жатқан жұмыстарға қанықты. Жастармен пікірлесіп, оларды толғандырған мәселелер мен сауалдарына жауап берді. Министр мемлекет тарапынан әрбір жастың тың жобасын қолдауға дайын екенін айтып, әділетті Қазақстанды құруда жастардың қоғамдағы белсенділігі маңызды екенін жеткізді. – Шымкент қаласының әкімдігі жастарға […]
Барлығын оқу
ЖУРНАЛИСТ – ҚОҒАМНЫҢ ЖАНАШЫРЫ
- Шымкент қаласы
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Шымкент қаласындағы БАҚ өкілдерімен кездесті. Басқосуда министр БАҚ туралы заң жобасына, өңірлік БАҚ-тың бүгінгі жағдайына тоқталды. Сонымен бірге журналистердің біліктілігін арттыру, басылымдардың жаңа медиаға бейімделу үрдісі мен қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту жұмыстары туралы ойын айтты. – Бүгінде министрлік бұқаралық ақпарат құралдары туралы жаңа заңның жобасын әзірлеп жатыр. […]
Барлығын оқу
БҰРЫН-СОҢДЫ КЕЗДЕСПЕГЕН ҚҰС ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚЫСТАУЫ ТУРАЛЫ ЖАҢА МӘЛІМЕТТЕР ТІРКЕЛДІ
- Түркістан облысы
Табиғи парктің ғылыми-зерттеу жоспарына сәйкес, «Сырдария-Түркістан» өңірлік паркінің аумағында мекендейтін құстар мен сүтқоректілердің кадастрын жасау» бойынша ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілді. Парк аумағындағы құстар бойынша мониторинг жұмыстарын жүргізу барысында жалпы құстардың 245 түрі бақылауға алынды. Атап өтетін жағдайлар: 2022 жылда қыстың жұмсақ болып, су айдындарына мұз қатпауына байланысты көптеген су және су маңы құстары қыстау үшін […]
Барлығын оқу