Жаңалықтар

blog-image

СОТ ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚҚА ҚАТЫСТЫ ІСТЕ ҚЫЛМЫСКЕРГЕ 7,5 ЖЫЛ БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРУ ТУРАЛЫ ЖАЗА КЕСТІ

  • Шымкент қаласы

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты интернет-алаяқтыққа байланысты сотталушы И. деген азаматқа қатысты қылмыстық істі қарап, азаматтық талаптарды қанағаттандырды. Бұл жөнінде Қалалық соттың әлеуметтік желідегі ресми парақшасы ақпарат таратып отыр. Сотталушы И. деген азамат Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы, 4-бөлігінің 2) тармағымен (бірнеше рет ірі және аса ірі мөлшерде алаяқтық жасау) айып тағылған. Істі […]

Барлығын оқу
blog-image

ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ СОТЫНДА АЛАЯҚТЫҚ ІСТЕР БОЙЫНША ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ЖИЫНЫ ӨТТІ

  • Шымкент қаласы

Шымкент қалалық сотында «Алаяқтық қылмыстар, оны тергеудегі өзекті мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Жиынға қалалық соттың судьясы Е.С.Төлешовтың төрағалық етті. Бұл жөнінде қалалық соттың әлеуметтік желідегі парақшасы ақпарат берген. Аталған іс-шараға Шымкент қалалық сотының судьясы Б.К.Идирисов, Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының төрағасы және судьялары, Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьялары, […]

Барлығын оқу
blog-image

ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ӘМБЕБАП ЖЕДЕЛ ҚЫЗМЕТ КЕШЕНДЕРІ АШЫЛДЫ

  • Шымкент қаласы

Шымкент қаласында еліміз бойынша баламасы жоқ жаңа үлгідегі әмбебап жедел қызмет кешендерінің алғашқылары пайдалануға берілді. Бүгін Еңбекші ауданының Елтай тұрғын алабында өткен салтанатты ашылу рәсіміне Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков пен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов қатысты. Министрдің айтуынша, мұндай кешендерді құру – Мемлекет басшысының нақты тапсырмасы және жедел қызметтердің тиімділігін арттыруға бағытталған […]

Барлығын оқу
blog-image

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ЕУРОПАЛЫҚ КЕҢЕС ПРЕЗИДЕНТІН І ДӘРЕЖЕЛІ «ДОСТЫҚ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАДЫ

  • Астана қаласы

Салтанатты рәсімде Қасым-Жомарт Тоқаев Антониу Коштаның Қазақстан мен Еуропа Одағы арасындағы серіктестікті нығайтуға қомақты үлес қосқанын атап өтті. – Екіжақты ынтымақтастықтың ауқымы жылдан жылға кеңейіп келеді. Бұл қос тарапқа да пайдасын тигізе отырып, ықпалдастықты одан әрі тереңдетуге жол ашты. Биыл Кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімнің қабылданғанына 10 жыл толды. Қазақстан мен Еуропа Одағы арасындағы […]

Барлығын оқу
blog-image

АНТОНИУ КОШТА ҚОНАҚЖАЙЛЫҚ ТАНЫТҚАНЫ ҮШІН ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВҚА РИЗАШЫЛЫҒЫН БІЛДІРДІ

  • Астана қаласы

Сонымен қатар, Қазақстан мен Еуропа арасындағы ықпалдастықтың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, ЕуроОдақтың елімізбен жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге дайын екенін растады. – Соңғы 10 жылда Еуропа Одағы Қазақстанның ең ірі сауда серіктесіне және шетелдік инвесторына айналды. Өз кезегінде Қазақстан Еуропаға мұнай мен уран жеткізуші елдердің үштігіне кіретін ел ретінде экономикалық қауіпсіздігімізді қамтамасыз етуде […]

Барлығын оқу
blog-image

ЕУРОПА ОДАҒЫ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ІРІ САУДА ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ СЕРІКТЕСІ

  • Астана қаласы

Былтыр екіжақты тауар айналымы шамамен 50 миллиард долларға жетті. Ал 2005 жылдан бері елімізге келген инвестицияның жалпы көлемі 200 миллиард долларға жуықтады. Еуропа Одағының Орталық Азиямен сауда-саттығының 80 пайызы Қазақстанға тиесілі. Президент энергетика, көлік, цифрландыру және өнеркәсіп салаларында қызмет ететін 4 мыңнан астам еуропалық компанияның экономикамызға қосқан үлесін атап өтті. Сонымен қатар Қазақстанның еуропалық бизнеске […]

Барлығын оқу
blog-image

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ЕУРОПАЛЫҚ КЕҢЕС ПРЕЗИДЕНТІ АНТОНИУ КОШТАМЕН КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗДІ

  • Астана қаласы

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада елімізге алғаш рет ресми сапармен келген Антониу Коштамен кездесу өткізді. Қазақстан Президенті Кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғанына 10 жыл толуымен тұспа-тұс келген бұл сапардың символдық мәнге ие екеніне тоқталды. Еліміз – Еуропа Одағымен осындай тарихи келісім жасаған өңірдегі тұңғыш мемлекет. – Сіздің сапарыңызға ерекше мән береміз. Бұл Қазақстан мен […]

Барлығын оқу
blog-image

ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚ ПЕН ҚАЗАҚСТАН СЫН-ҚАТЕРЛЕРДІ ОРТАҚ МҮМКІНДІКТЕРГЕ АЙНАЛДЫРЫП КЕЛЕДІ

  • Астана қаласы

Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғанына он жыл өте біздің қарым-қатынасымыз кең және серпінді серіктестікке айналды. Бұл серіктестік саяси диалогты, қауіпсіздік пен экономикалық даму саласындағы ынтымақтастықты, сондай-ақ көпжақты дипломатияны, өзара байланыстылық пен инновацияларды қамтиды. Геосаяси шиеленіс пен жаһандық белгісіздікпен ерекшеленетін дәуірде, Қазақстан ЕО үшін тұрақты, сындарлы және перспективалы […]

Барлығын оқу
blog-image

Шымкент қаласында терроризмге қарсы оқу жаттығуын өткізу туралы

  • Шымкент қаласы

2025 жылдың 5-6 желтоқсан күні Шымкент қаласында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді. Оқу-жаттығу барысында террористік тұрғыдан осал объектілердегі ахуалды дамытудың түрлі сценарийлеріне жедел әрекет ету мәселелері пысықталуда. Осы мақсатта автокөлік қозғалысы мен басқа да жағдайларға шектеу шаралары қарастырылған. Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтарынан осы іс-шараға түсіністікпен қарауды, қауіпсіздік шараларын сақтауды және тартылған мемлекеттік органдардың заңды талаптарын […]

Барлығын оқу
blog-image

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

  • Шымкент қаласы

Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші аудандық Полиция басқармасы Криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілдері, полиция капитаны Мардан Айнабекұлы Бектас және полиция капитаны Жандос Ақылбайұлы Жүнісов бастаған арнайы топ қала аумағында орналасқан мекемелерді аралап, кездесу өткізіп, интернет-алаяқтықтың алдын алу, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қауіпсіздік шараларын түсіндіру бойынша кең ауқымды ақпараттық жұмыс жүргізіп жүр. Бұл іс-шара туралы […]

Барлығын оқу