Жаңалықтар
ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКА КҮНІ — ХАЛЫҚТЫҚ ДУМАНҒА ҰЛАСТЫ
- Шымкент қаласы
25 қазан күні Шымкент қаласының «Астана» алаңы ерекше мерекелік рухқа бөленді. Республика күніне арналған ауқымды халықтық шара қала тұрғындары мен қонақтарын бір алаңға жинап, елдік пен бірліктің, шаттық пен қуаныштың мерекесіне айналды. Таңертеңнен бастап алаңға келген тұрғындар мен қонақтарды мерекелік көңіл-күй қарсы алды. Көк туды қолына ұстаған жасөспірімдер, ұлттық киімдегі өнерпаздар, күмбірлеген күй мен әуелеген […]
Барлығын оқу
ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ КӨТЕРІЛДІ
- Шымкент қаласы
Шымкент қаласында 25 қазан – Республика күні мен Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияның қабылданғанына 35 жыл толуына орай салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Қаладағы Шымсити шағын ауданында орналасқан Ту тұғыры алаңында Мемлекеттік Туды көтеру рәсімі өтті. Бұл шара ел бірлігі мен тәуелсіздігін айшықтап, ерекше мерекелік рух сыйлады. Салтанатты рәсім Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаумен басталды. Сол сәтте көк байрақ […]
Барлығын оқу
ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКА КҮНІ МЕН ЕГЕМЕНДІК ДЕКЛАРАЦИЯСЫНЫҢ 35 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ
- Шымкент қаласы
Бүгін Шымкент қаласындағы «Қызғалдақ» сарайында Республика күні мен Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның 35 жылдығына арналған «Қыран елім – Қазақстаным» атты мерекелік салтанатты іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Шараға зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері мен қала тұрғындары қатысты. Бұл айтулы мереке – ел тәуелсіздігі мен бірлігін ұлықтап, халықтың жүрегінде отансүйгіштік рухты асқақтататын ерекше […]
Барлығын оқу
ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН СӨЗІНЕН: ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БЕЛЕСІ
- Шымкент қаласы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму бағыттарын айқындап, соңғы жылдардағы маңызды жетістіктерге тоқталды. Президенттің айтуынша, Қазақстан ұлттық экономиканы түбегейлі жаңғырту үшін әртараптандыру саясатын табандылықпен жүзеге асырып келеді. Ел дамуының негізгі тіректерінің бірі – көлік және логистика саласы. – «Қазақстан Еуразияның басты логистика орталығы, яғни хабы болуы керек. Оған еліміздің […]
Барлығын оқу
ПРЕЗИДЕНТ: «2019 ЖЫЛДАН БЕРІ ЭКОНОМИКАМЫЗ 16 ПАЙЫЗҒА ӨСТІ»
- Шымкент қаласы
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі. Президенттің бұл сөйлеген сөзінде біршама маңызды мәлелелерге тоқталды. Президенттің сөзін сөзбе-сөз келтірер болсақ, былай деген болатын: – Әділетті Қазақстанды құру жолында басқа да нақты шаралар қолға алынды. Азаматтарымыз мемлекеттік маңызы бар шешімдер қабылдауға белсенді түрде араласа бастады. Ауыл, аудан және облыстық маңызы бар […]
Барлығын оқу
ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ЖИЫНДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІНЕН: «БҰЛ КҮНДІ ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ ДЕРБЕС ЕЛ БОЛУЫНА ЖОЛ АШҚАН ҚАСТЕРЛІ КҮН ДЕУГЕ БОЛАДЫ»
- Шымкент қаласы
«Еліміздің ең басты мерекесі – Республика күні құтты болсын! Ұлттық мейрам қарсаңында дәстүрге сай Ақорда төрінде мемлекетіміздің үздік азаматтарымен бірге жиналып отырмыз. Биыл еліміз азаттықтың мерейлі белесіне жетті. Осыдан 35 жыл бұрын Қазақстанның Егемендігі туралы декларация қабылданды. Дәл осы күні сан ғасырлық мемлекеттілік дәстүріміз қайта жаңғырды. Көп ұзамай жұртымыз Тәуелсіздік байрағын көтерді. Тарихи әділдік орнап, […]
Барлығын оқу
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ ЖАСТАР АРАСЫНДА «КҮЗГІ КРОСС» ӨТТІ
- Шымкент қаласы
Республика күні мерекесіне орай, Шымкент қаласының «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен «Жоғары медициналық колледж» орта оқу орны бірігіп «Күзгі кросс» атты спорттық сайыс ұйымдастырды. Іс-шараның басты мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бірлік пен отансүйгіштік рухты арттыру болды. «Орталық» саябақта өткен бұл марафон нағыз мерекелік көңіл-күй сыйлады. Таңғы салқын ауа мен күздің ерекше […]
Барлығын оқу
ЕЛДЕ «REPUBLIC DAY» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ: РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЫҢДАҒАН ТАУАРҒА ЖЕҢІЛДІКТЕР
- Шымкент қаласы
Республика күні қарсаңында Сауда және интеграция министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, ішкі нарықты қолдауға және халық үшін тауарлардың қолжетімділігін арттыруға бағытталған кең ауқымды «Republic Day» акциясын іске қосты. 24–27 қазан аралығында еліміздің барлық өңірінде ірі жеңілдіктер ұйымдастырылып, қазақстандықтар тұрмыстық және басқа да кең сұранысқа ие тауарларды 10%-дан 70%-ға дейінгі жеңілдікпен сатып ала алады. Акцияға елде […]
Барлығын оқу
ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ
- Шымкент қаласы
25 қазан – Республика күні еліміздің тарихындағы маңызды күндердің бірі. Бұл – Қазақстан мемлекеттілігінің іргетасы қаланған, егемен ел ретінде жаңа дәуірге қадам басқан айрықша дата. Ел тәуелсіздігін ұлықтайтын бұл мереке биыл да Шымкент қаласында кең көлемде аталып өтіліп жатыр. Атап айтқанда, мереке қарсаңында Шымкент қаласы Еңбекші ауданында салтанатты мерекелік концерттік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара аудан әкімдігімен […]
Барлығын оқу
ПОЛИЦЕЙЛЕР КӨШЕ АРАЛАП, ТҰРҒЫНДАРҒА ТЕЛЕФОНДА АЛАЯҚТАРМЕН СӨЙЛЕСУДІҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІН ТҮСІНДІРІП ЖҮР
- Шымкент қаласы
Шымкент қаласының тәртіп сақшылары «Заң және тәртіп» қағидатын ілгерілету мақсатында «Қоғамдық орындағы қауіпсіздік» және «Ауладағы кездесу» профилактикалық іс-шаралары өткізіп жатыр. Бұл шаралар туралы Шымкент қалалық Полиция департаментінің фейсбук әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасы ақпарат бөліскен. Аталған «Қоғамдық орындағы қауіпсіздік» іс-шарасы аясында Шымкент қалалық полиция департаментінің Еңбекші аудандық полиция басқармасы Жергілікті полиция қызмет бөлімінің қызметкерлері Мемлекет басшысы […]
Барлығын оқу