Жаңалықтар

blog-image

МУЗЕЙ ҚОРЫ ТОЛЫҒА ТҮСТІ

  • Шымкент қаласы

Шымкент қаласының Сайрам музейінде қазан айының 15-16 күндері «Шым қала» тарихи-мәдени кешенінде қор іріктеу комиссиясының кеңейтілген отырысы өткізілді. Бұл жиынның маңыздылығы сол, бір жағынан өңірдегі тәжірибелі мамандардың көрген-түйген біліктілігін жас мамандарға үйрету болса, екінші жағынан музей қорына жаңадан түскен экспонаттарды саралау, құндылығын анықтау, санаттарға бөлу, сақтау бойынша әдістемелік-консультациялық көмек беру болды. Әдістемелік кеңес қаулысының №10 […]

Барлығын оқу
blog-image

ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ ЭКСПОНАТТАР ЗАЛЫ: КИІЗ ҮЙ ЖИҺАЗДАРЫ

  • Шымкент қаласы

Шымкент қаласының Мәдениет, тілдерді дамыту дамыту және архивтер басқармасына қарасты «Шым-қала» тарихи-мәдени кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ықылым заманнан бері бүгінгі күнге дейін мұра болып жеткен көне экспонаттар қатары жасақталған. Жәдігерлер тарихи кезеңіне және тақырыптық ерекшелігі мен салаларына қарай жіктеле жайласқан. Соның бірі – этнографиялық көрме залы. Мұндағы қазақ халқының ұлттық бұйымдары қойылған қатарды (көрнекі суретте) […]

Барлығын оқу
blog-image

НҰРЛАН АҚЫН – КӨКШЕТАУДА ӨТКЕН АЙТЫСТЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

  • Шымкент қаласы

Шымкент қаласында орналасқан, мәдениет саласында қызмет көрсетіп келе жатқан «Әдет-ғұрып және салт-дәстүр» орталығы қазақтың дәстүрлі өнерінің небір майталмандарын жинаған. Солардың қатарында айтыс өнері өкілдерінің күллі қазақ еліне танымал өкілдері қызмет атқарып жүр. «Әдет-ғұрып және салт-дәстүр» орталығы дегенде айтыскер ақын Нұрлан Есенқұловтың домырасын қағып қойып, суырып салып өлеңдетіп отырғаны көз алдыңызға келе қалады. Шымкенттің жүйрігі, айтыскер […]

Барлығын оқу
blog-image

ӘЛ-ФАРАБИ КІТАПХАНАСЫНА 10 ЖЫЛ ТОЛДЫ

  • Шымкент қаласы

«Кітапхана – өркениет мұрасы». Осылай аталған республикалық конференция Шымкент қаласындағы «Әл-Фараби» атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында өтті. Бұл шара аталған кітапхананың 10 жылдығына, әрі 24 қазан – «Кітапханашылар күні» кітапханашылардың кәсіби мерекесі қарсаңына орайластырылған жоба. Бұл жайлы «Әл-Фараби» атындағы кітапхананың фейсбук әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасы бөліскен. Шараға ҚР Ұлттық кітапханасы, ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасы, сонымен қатар, […]

Барлығын оқу
blog-image

МАЙРА МҰХАМЕДҚЫЗЫНЫҢ КОНЦЕРТІ АНШЛАГПЕН ӨТТІ

  • Шымкент қаласы

Астана қаласындағы «Астана Опера» театрының Үлкен залында 12 қазан күні Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, опера дивасы Майра Мұхамедқызының концерті аншлагпен өтті. Концерт Майра Мұхамедқызының сахнадағы 30 жылдық мерейтойына арналған. Керемет шараның өтуіне ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі қолдау көрсеткен және құрметті қонақтардың қатарында Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева […]

Барлығын оқу
blog-image

КӨНЕ ШЫМКЕНТ: ШЫҒЫС ШАХРИСТАН және ОЛ ЖЕРДЕН ТАБЫЛҒАН ЖӘДІГЕРЛЕР

  • Шымкент қаласы

Шымкент көне қаласының орнында 2020 жылдары археологиялық қазба жұмыстар жүргізілді. Ортағасырлық көне қалалардың өз заманында Цитадель, Шахристан және Рабат деген секілді бірнеше бөліктерден тұрғанын білетін боларсыз. Ал, көне Шымкент қаласының Шахристанының өзі бірнеше орамнан құралды. Соның ішінде көне қаланың Шығыс Шахристан бөлігінде де 2020 жылы қазба жұмыстары жүрді. Сол жұмыстар кезінде табылған құнды жәдігерлер жөнінде […]

Барлығын оқу
blog-image

КӨНЕ ШЫМКЕНТ ЖӘДІГЕРЛЕРІ «КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫНДА» ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

  • Шымкент қаласы

Биылғы 8-14 қыркүйек аралығында Астана қаласында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтті. Дүркіреп өте шыққан ұлттық спорт түрлерінің мерекесінде Ұлы даланың дүбірі қызды. Бұл үлкен мереке тек спорттық сайыстардың ғана жиыны ғана емес, оған қоса түрлі мәдени, туристік, ұлттық шараларды да топтастырды. ХІХ ғасырдың орта шешінде қазақ даласында ұйымдастырылған Қоянды, Қарқара, Ақмола, Әулиеата секілді жәрмеңкелерде тек […]

Барлығын оқу
blog-image

АРАБ ҚАРПІНДЕ ЖАЗЫЛҒАН ДҮНИЕЛЕРДІ ҚАЗАҚҚА ТАНЫСТЫРҒАН МУЗЕЙ МАМАНЫ

  • Шымкент қаласы

Еңбектің ішінде жүрген майталмандар – ел мақтанышы. Сан түрлі салада еңбек етіп, қоғамның алға жылжуына үлес қосып жүрген жандарға қандай құрмет көрсетсе де жарасымды. Сол арқылы еліміздің болашағы саналатын жастар қауымын тәрбиелеп, кәсіби қабілетін шыңдай түсу – тиімді тетік болып отыр. Қазіргі таңда еңбектің ортасында жүрген кісілердің атқарып жатқан тірліктері мемлекеттік саясаттың басты назарындағы шаруалардың […]

Барлығын оқу
blog-image

ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ БОЙЫНДАҒЫ ИСФИДЖАБ (САЙРАМ) ҚАЛАСЫ

  • Шымкент қаласы

Ұлы Жібек жолының қазақстандық бөлігіндегі бірінші һәм бірегей ірі қала Исфиджаб болды. Сайрам (Исфиджаб) – Оңтүстік Қазақстанның орта ғасырдағы ірі қалаларының бірі. Сайрам шаһары – қазақ халқының материалды және рухани қазынасы. Сайрам жөнінде ең алғаш рет 629 жылы жазылған қытай саяхатшысы Сюань-Цзянның қолжазбаларында кездеседі, мұнда Сайрам – «Ақ өзен бойындағы қала» деп көрсетілген екен. Сайрам […]

Барлығын оқу
blog-image

ӘДЕТ-ҒҰРЫП: СӨЗДІҢ ДЕ СИҚЫРЫ БАР

  • Шымкент қаласы

Шымкент қаласында орналасқан, мәдениет саласында қызмет етіп келе жатқан мекемелер қатарында «Әдет-ғұрып және салт-дәстүр» орталығы да бар. Бұл мекеме қазірге Қазақ елінде баламасы жоқ ерекше ұйым болып отыр. «Ерекше» деп анықтауыш сөз қосуымыздың себебі, мұнда қазақ халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, тарихи санасы мен өткен замандардан қалған ұлтымыздың рухани дүниесін түгендеп, насихаттап, дәріптеп, жүрген миссияны атқарып келеді. […]

Барлығын оқу