Жаңалықтар
«АЛЫС ТА ЖАҚЫН ЖЫЛДАРЫМ» КІТАБЫ ЖАРЫҚҚА ШЫҚТЫ
- Шымкент қаласы
Шымкент қаласындағы «Әл-Фараби» кітапханасында Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Мәдениет саласының үздігі, Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағының Түркістан облыстық және Шымкент қалалық филиалдарының төрағасы Бастарбек Пірімбетовтың «Алыс та жақын жылдарым» атты кітабының таныстырылымы өтті. Кешті Шымкент қаласының әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек ашып, кітаптың авторы мен оның шығармашылық жолына қатысты жылы лебізін […]
Барлығын оқу
АТОМ СТАНЦИЯСЫНЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ немесе АЭС ҚАЗАҚСТАН ҮШІН ҚАНШАЛЫҚТЫ ТИІМДІ?
- Шымкент қаласы
Соңғы уақытта елімізде АЭС тақырыбы жиі талқыланып жүр. Қоғамда бұл туралы сан түрлі пікірлер бар. Бірі Қазақстанға АЭС мүлде қажет емес десе, енді бірі оның елге берер мүмкіндіктерін алға тартып, артықшылықтарын санамалап та жатыр. Иә, атом стансасын салу және оны игеру оңай бола қоймасы бесенеден белгілі. Әйтсе де, жыл өткен сайын электр энергиясын тұтыну деңгейінің […]
Барлығын оқу
ҚАЗАҚ ТЕАТРЫНЫҢ БІР ҚАЙНАРЫ ШЫМКЕНТТЕН БАСТАЛАДЫ
- Шымкент қаласы
Шымкент қаласының биылғы жыл басында бекітілген 2024 жылғы өтетін мәдени іс-шаралар жоспарында Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ театрының 90 жылдық мерейтойын атап өту қаралған болатын. Ондағы 90 жылдық датаны белгілеудегі сүйенген басты құжат ретінде Оңтүстік Қазақстан облыстық атқару комитеті төралқасының 1934 жылғы 19 қарашадағы «Қазақ ұлттық театры туралы» қаулысы аталған. Алайда, оған дейін де қалада театр […]
Барлығын оқу
ҚАЛАНДАР-СОПЫЛАРДЫҢ ШАПАНЫ ШЫМКЕНТКЕ ОРАЛДЫ
- Шымкент қаласы
КӨНЕ ШАҺАРДЫҢ ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ АЛУАН ТҮРЛІ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ КЕСКІНІНЕН БІР ХАБАР Шымкентке қайта оралған сопы-қаландарлардың шапаны мен қалпағы Биыл ЮНЕСКО «Әлем мұрасы» комитетінің Ұлан-Батырда (Моңғолия) өткен 10-шы отырысында «Түркістан альбомы (1871-1872)» деп аталатын еңбек арнайы номинациямен «Әлем мұрасы» тізіліміне ендірілді, Азия және Тынық мұхит аймағының құнды тарихи мұрасының бір бөлшегі деп танылды. Бұл номинацияға «Түркістан альбомын […]
Барлығын оқу
ӨҢІРЖИЕК – ЗЕРГЕРЛІК ӨНЕРДЕГІ ЕҢ ӘДЕМІ ӘШЕКЕЙ
- Шымкент қаласы
Қазақ халқының зергерлік өнері қола дәуірінен бастап қалыптаса бастаған. Зергерлік бұйымдар жай ғана бұйымдар емес, бұл – тұтас өнер және қазақ халқының ұлттық мәдениетінің маңызды бөлігі, оның тамыры өткенге терең енген тарих. Қазақ зергерлік өнерінің негізгі бағыты – әйелдер әшекейлері. Олардың көпшілікке белгілі болуы тек әйелдердің асыл тастарға деген сүйіспеншілігімен ғана емес, ұлттық салт-дәстүрлермен де […]
Барлығын оқу
ПУШКИН КІТАПХАНАСЫ 125 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫН ТОЙЛАДЫ
- Шымкент қаласы
Шымкент қаласындағы А.Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханасы сонау 1899 жылы Пушкиннің 100 жылдық мерейтойы қарсаңында ашылған. Міне, содан бері 125 жыл уақыт өтсе де аталған мекеме оқырмандарға абыройлы қызмет етіп келеді. Қазіргі таңда бұл кітапхана – шаһар көркіне көрік қосып тұрған заманауи ғимарат қана емес, оқырман үшін барлық жағдай жасалған мәдени орын. Кітапханада 140 мыңға […]
Барлығын оқу
СПОРТ КӨРМЕСІ: НЕ БІЛДІК, НЕ КӨРДІК?
- Шымкент қаласы
Шымкент қаласында қаланың туристік әлеуетін және белсенді демалыс арқылы саламатты өмір салтын насихаттауды көздейтін іс-шаралар легі қалыптасып келеді. Соның жарқын бір мысалы, қыркүйектің 13-14 күндері Шымкент қаласындағы Көрме орталығы нағыз спорттық алаңқайға айналды. Онда «Shymkent marathon-2024» атты көрме ұйымдастырылып, қала тұрғындары екі күн қатарынан спорт әлеміне саяхат жасады. Көрмеде не жоқ дейсіз? Спортшыларға керектінің бәрі […]
Барлығын оқу
СҮЗІК АТА КЕСЕНЕСІН БІЛЕСІЗ БЕ?
- Шымкент қаласы
Сайрам туралы ең ескі дерек біздің жыл санауымыздан бұрынғы төртінші ғасырда жазылған парсылардың кітабы – «Авестада» ұшырасады екен. Аталған кітапта қала «Сайрим елі» деп жазылған. Сайрам туралы ең көне дерек осы болса керек. Сайрамның «Сансыз бабтардың мекені» деп жатады. Бекер айтпаса керек. Арнайы кітапшадағы әулие ғұламалардың санына көз жүгіртсек, 90-ға жуық екен. Тұрғындардың айтуынша, киелі […]
Барлығын оқу
САУАЛНАМА ҚАНША АДАМНЫҢ АЭС САЛУДЫ ҚОЛДАЙТЫНЫН КӨРСЕТТІ
- Шымкент қаласы
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының тапсырысымен 2024 жылғы 7-18 тамыз аралығында телефон арқылы сауалнама жүргізілді. Таңдау көлемі 1200 респондентті құрады. Сауалнамаға 17 облыс пен республикалық маңызы бар Астана, Алматы және Шымкент қалаларының 18 жастан асқан респонденттері қатысты. Жалпы респонденттердің көпшілігі (53,1%) атом электр станциясын салу идеясын қолдайды. Атом электр стансасын салу идеясын […]
Барлығын оқу
БҮЙРЕК ТРАНСПЛАНТАЦИЯСЫ СӘТТІ ӨТТІ
- Шымкент қаласы
Шымкент қаласындағы №1 қалалық клиникалық аурухана базасында кезекті 221-ші бүйрек трансплантациясы сәтті жасалды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметінің фейсбуктегі ресми парақшасы хабарлаған. Науқастар ерлі-зайыпты, донор – әйелі, ал күйеуі – рецепиент. Бір жылдан бері созылмалы бүйрек жетіспеушілігімен кезекте тұрған науқас гемодиализ аппаратына тәуелді болған. Дәрігерлер ағза алмастыру отасы кезінде 1975 жылғы ер азаматқа […]
Барлығын оқу