Жаңалықтар
ҚАРЖЫЛЫҚ ПИРАМИДА: ҚАЛТАҢЫЗДЫ ҚАҒЫП ҚАЛМАҢЫЗ!
- Жамбыл облысы
Бүгінде елімізде табысқа кенелемін деп бар жиған-тергенінен әп-сәтте айырылып қалып жатқан жандар жетерлік. Көбісі алаяқтар құрған қақпанға түсіп, қапы қалып жатады. Ал оңай олжаға құныққандар халықты алдап-арбаудың түрлі айла-амалын ойластыруда. Заман ағымына қарай қаржы пирамидалары да түрленіп келеді. Олар бағалы қағаздар, зергерлік бұйымдар, туристік жолдамалар, криптовалюта сатамыз дегенді желеу етіп, жұрттың қалтасына түсуде. Бұған қоса […]
Барлығын оқу
ЗАҢ ҚАТАЙДЫ, ЕРКІНСУГЕ ЖОЛ ЖОҚ
- Түркістан облысы
Бүгінде тұрмыстық зорлық-зомбылық – еліміздегі өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Отбасындағы жанжалда зәбір көретіндердің басым бөлігі – әйелдер мен балалар. Қылмыстық статистика бойынша соңғы үш жылда тұрмыстық әлімжеттік көрген әйелдердің көрсеткіші 25 пайыздан асыпты. Ішкі істер министрлігі де соңғы он жылда отбасындағы зорлық-зомбылыққа қатысты қылмыстық істің күрт көбейгенін мәлімдеп отыр. Әсіресе, пандемияға байланысты жарияланған төтенше […]
Барлығын оқу
ТҮРКІСТАНДАТАРИХИ ЕСКЕРТКІШТЕР МЕН МҰРАЛАРДЫ ҚОРҒАУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙЕДІ
- Түркістан облысы
Түркістан қаласында тарихи-мәдени мұраны сақтау, қорғау және рухани объектілердің киелілігін сақтау – «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заң жобасының негізгі қағидаттары болып отыр. Ол 4 тараудан және 15 баптан тұрады. Заңның мақсаттары мен міндеттері еліміздің рухани-мәдени және тарихи орталығы ретінде Түркістан қаласының қалыптасуы, дамуы және жұмыс істеуі үшін құқықтық шарттар құру, сондай-ақ жалпы мемлекеттік маңыздылығын […]
Барлығын оқу
ЖЕРГІЛІКТІ ӘКІМДІК ПЕН МӘСЛИХАТТЫҢ ҚҰЗЫРЕТТЕРІ КЕҢЕЙЕДІ
- Түркістан облысы
Парламент Мәжілісінде таныстырылымы өткен «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заң жобасына сәйкес енді Түркістан қаласының әкімдігі мен мәслихатына қосымша жалпы 34 құзырет беру көзделген. Оның ішінде қала мәслихаты – қала құрылысы регламентін мен қаланың дизайн кодын; – Сәулет келбетін қалыптастыру және қала құрылысын жоспарлау қағидаларын, тарихи, ландшафттық-табиғи, функционалдық, жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып, қаланың сәулет келбетін […]
Барлығын оқу
ТҮРКІСТАНҒА ЕРЕКШЕ МӘРТЕБЕ БЕРУ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
- Түркістан облысы
ҚР Парламент Мәжілісінде «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» заң жобасы таныстырылды. Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбековтың айтуынша, тарихи шаһарға ерекше мәртебе берілген соң, қосымша қаржыландыру тетіктері қарастырылады. Осыған сәйкес оның дамуына республикалық бюджеттен жыл сайын 60 миллиард теңге көлемінде қаражат бөлінетін болады. Мұнан бөлек, қаланың дизайн коды бекітіледі, осы негізде облыс орталағының құрылысы бір стильде […]
Барлығын оқу
ЖЕР ҚОЙНАУЫН ЗАҢСЫЗ ПАЙДАЛАНҒАНДАР ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ
- Түркістан облысы
Түркістан облысында табиғат қойнауына бей-берекет қол салып, оны аяусыз тонау тиылмай отыр. Табысқа құныққандар өзен арналарынан қиыршық тас пен құмды артығымен алғаны былай тұрсын, тіпті рұқсат етілмеген жерлердің өзінен керегін емін-еркін қазып әкетіп жатыр. Түркістан облысы полиция департаментінің ұйымдастыруымен өткізілген кезекті тексеріс кезінде жер қойнауын заңсыз пайдалануға қатысты 164 жүк көлігі айыптұрағына қойылды. Осы ретте […]
Барлығын оқу
АДАМ САУДАСЫНА ҚАРАСЫ АҚПАРАТТЫҚ ШАРА ӨТТІ
- Түркістан облысы
Адам саудасына қарсы күрес күніне орай ҚР ІІМ қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, «Адам саудасына қарсы күресте біртұтас!» атты ақпараттық науқанын өткізді. Профилактикалық акция аясында Түркістан облысы Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері еріктілермен бірге, облыс орталығындағы адамдар көп шоғырланатын аймақтарда түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Бір тәулікте «116 16» сенім телефонының нөмірі бар […]
Барлығын оқу
НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ФОРУМҒА МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ҚАТЫСТЫ
- Шымкент қаласы
Түркістан облысының орталығында «Нашақорлыққа жол жоқ, біз өмірді таңдаймыз!» тақырыбында форум ұйымдастырылды. Іс-шараны өткізуге Түркістан облысының прокуратурасы мен облыстық полиция департаменті және облыс әкімдігі бастамашы болды. Форумға ҚР ІІМ-нің орынбасары Айдар Сайтбеков, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, Түркістан облысының прокуроры Мұрат Тілеубердиев, Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов және басқа да мемлекеттік мекемелердің басшылары мен бұрын […]
Барлығын оқу
МОПЕД ҚОЗҒАЛЫСЫНА БАҚЫЛАУ КҮШЕЙДІ
- Түркістан облысы
Түркістан облысында мопед жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін сақтауына бақылау күшейтілді. Полиция департаментінің жеке құрамымен электросамокат және мопед жүргізушілерін веложолақтарда 25 км/с жылдамдықта жолдың оң жақ бөлігінде, оның ішінде маршруттық көліктерге арналған жолақтың бойымен қозғалуы қадағалануда. Сонымен қатар, түнгі уақытта электросомокат пен мопед жүргізушілерінің кез келген жарық қайтарғыш элементтері бар заттарының бар болуы, 18 жастан асқан […]
Барлығын оқу
ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ТАП КЕЛГЕНДЕР АҚЫСЫЗ ДЕМАЛЫСҚА ШЫҒА АЛАДЫ
- Түркістан облысы
Енді тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары ақысыз демалысқа шыға алады. Демалыс мерзімі 30 күннен аспайды. Бұған Еңбек кодексіне енгізілген түзетулер мүмкіндік беріп отыр. Осы кодекстің 97-бабының жаңа тармағында “Жұмыс беруші жұмыскерге тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдарда болған кезеңде жалақы сақталмайтын, бірақ күнтізбелік 30 күннен аспайтын демалыс беруге міндетті. Жалақы сақталмайтын демалыс оның […]
Барлығын оқу