Жаңалықтар

blog-image

ШЫМКЕНТТЕН ТІКЕЛЕЙ ЖЕТІ ҚАЛАҒА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕ РЕЙСТЕРІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

  • Шымкент қаласы

Еліміздің президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауында: «Жергілікті атқарушы органдар әрдайым туризм инфрақұрылымын жан-жақты дамытуға баса мән беріп, осы жұмысқа жауапты болады», – делінген еді. Халықаралық «Шымкент» әуежайынан 5 мемлекеттің 7 қаласына, атап айтқанда, Мажарстан, Германия, Корея, Қытай және Египет елдеріне тікелей әуе рейстері ашылып отыр. Алғашқы сапар Мюнхен және Будапешт қалаларына бағытталмақ. […]

Барлығын оқу
blog-image

ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА КОМЬЮНИТИ-ОРТАЛЫҚ ПЕН ЖАҢАРТЫЛҒАН ЭТНОМҰРАЖАЙ АШЫЛДЫ

  • Шымкент қаласы

Шымкент қаласында жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуға және олардың пікір алмасуына арналған жаңа комьюнити-орталық өз жұмысын бастады. Бұл орталық «Достық үйінде» орналасқан және бұрын жертөле ретінде пайдаланылған кеңістік заманауи талаптарға сай бейімделіп, жастар үшін тәулік бойы (24/7) жұмыс істейтін заманауи алаңға айналды. Орталықта жарықтандыру және желдету жүйелері жоғары деңгейде орнатылған, бір уақытта 200-ге жуық жасқа қызмет […]

Барлығын оқу
blog-image

ӘКІМ ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУІ КЕЗІНДЕ ӨЗІН ӘКІМДІК ҚЫЗМЕТКЕРІ ДЕП ТАНЫСТЫРЫП ҚАЛА ТҰРҒЫНЫН АЛДАҒАН АЛАЯҚТЫ ҚҰРЫҚТАУ ТУРАЛЫ ТАПСЫРМА БЕРДІ

  • Шымкент қаласы

Күні бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің қала тұрғындарымен көшпелі кездесуі басталды. Абай ауданына қарасты «Солтүстік-Батыс», Жиделі, Көкбұлақ және «Тәуелсіздікке 20 жыл» шағынаудандары мен тұрғын алаптарында өткен халықпен кездесуде шешімін күткен өзекті мәселелер қарастырылды. Оның ішінде тіпті алаяқтық әрекет фактілері де бар. Қала тұрғындары негізінен автомобиль жолдарын кеңейту, асфальттеу, жол белгілерін орнату, кәріз желілерін жаңарту, […]

Барлығын оқу
blog-image

ШЫМКЕНТТЕ «GLOBAL TECH WAVE CENTRAL ASIA» АТТЫ ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖАҺАНДЫҚ ЦИФРЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

  • Шымкент қаласы

Биылғы 2025 жылдың 12-14 қыркүйегі күндері аралығында Шымкент қаласында алғаш рет аймақтағы бірегей әрі ауқымды форматтағы «Global Tech Wave Central Asia» (GTW CA) цифрлық конференциясы ұйымдастырылды. Конференцияға халықаралық деңгейдегі жетекші сарапшылар, стартаптар, инвесторлар және ірі корпорациялардың өкілдері қатысты. Ұйымдастырушылар мен серіктестер қатарында YouTube, SIRI, Atari, Ubisoft және Griffin Gaming сияқты әлемдік танымал компаниялар болды. Сонымен […]

Барлығын оқу
blog-image

ШЫМКЕНТТЕ «ТАЗА ҚАЛА» ЖАЛПЫ ҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІГІ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ ӨТТІ

  • Шымкент қаласы

Шымкент қаласында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қаланы көркейту және санитарлық тазалықты қамтамасыз ету мақсатында дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан «Таза қала» жалпы қалалық сенбілігі жоғары деңгейде өтті. Кең ауқымды іс-шараға мегаполистің бес ауданы түгел қамтылып, тұрғындар, мемлекеттік мекемелердің, басқармалардың, коммуналдық қызметтердің және түрлі ұйымдардың қызметкерлері белсенді қатысты. Қала аумағында санитарлық тазалау, көгалдандыру, қоқыс алаңдарын ретке келтіру, […]

Барлығын оқу
blog-image

«SHYMKENT MARATHON – 2025» БҰҚАРАЛЫҚ САЙЫСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

  • Шымкент қаласы

Шымкент қаласында дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан ауқымды спорттық шара – «Shymkent Marathon – 2025» өз мәресіне жетті. Биылғы жылы аталған бұқаралық жүгіру жарысына 7 мыңға жуық қатысушы тіркеліп, спорт мерекесі жоғары деңгейде өтті. Жарысқа кәсіби спортшылармен қатар, салауатты өмір салтын ұстанатын қала тұрғындары мен қонақтары белсенді түрде атсалысты. Марафон барысында қатысушылар түрлі қашықтықтар бойынша […]

Барлығын оқу
blog-image

ҚАЗАҚСТАН ДАМУДЫҢ ЖАҢА ДӘУІРІНЕ ҚАДАМ БАСТЫ ДЕП АЙТА АЛАМЫЗ

  • Шымкент қаласы

Мемлекет басшысының кезекті Жолдауында еліміздің саяси жаңғыруы мен экономикалық дамуына, сондай-ақ, Қазақстанның болашағына қатысты өте өзекті мәселелерді қозғады. Президентіміздің Қазақстанды толыққанды цифрлы мемлекетке айналдыру жөніндегі тарихи бастамасы – ел болашағын айқындайтын маңызды стратегия. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен соңғы жылдары Қазақстанда ауқымды саяси реформалар жүргізілгені мәлім. Мемлекет басшысы еліміздің саяси жүйесін одан әрі жетілдіре түсу үшін […]

Барлығын оқу
blog-image

ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ – ЖАҢА ДӘУІРДІҢ ҚҰРАЛЫ

  • Шымкент қаласы

Қазақстан Республикасының Президенті халыққа арнаған кезекті Жолдауында жасанды интеллект технологиясының ел дамуына тигізер әсерін ерекше атап өтті. Мемлекет басшысы бұл бағытта әлемдік үрдістен қалыс қалмай, Қазақстан да жаңа технологияны күнделікті өмір мен экономикаға кеңінен енгізуі қажет екенін айтты. Жасанды интеллект тек өндіріс пен білім беру саласында ғана емес, мемлекеттік басқаруда, ауыл шаруашылығында, әлеуметтік қызмет көрсетуде […]

Барлығын оқу
blog-image

ЗАҢДАР БИЗНЕСТІҢ ДАМУЫНА КЕДЕРГІ КЕЛТІРМЕУІ ТИІС

  • Шымкент қаласы

Мемлекет басшысының биылғы дәстүрлі Жолдауында бірқатар мәселе көтерілді, тағы да тапсырмалар берілді. Солардың ішінде екеуіне тоқталуды жөн көріп отырмын. «Қазір елімізде 21 кодекс, 300-ден астам заң бар. Оларға тым көп түзету енгізілген. Кейбір нормалар бір-біріне қайшы келіп жатады. Түптеп келгенде, осының бәрі бизнестің дамуына кедергі келтіріп отыр. Заңнаманы түгел тексеріп, зерделеп шыққан жөн. Жасанды интеллект […]

Барлығын оқу
blog-image

ҚАРЖЫЛЫҚ АЛАЯҚТЫҚ: АГЕНТТІК ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚАРАЖАТЫН ЗАҢСЫЗ ШЕШІП АЛУҒА КӨМЕКТЕСКЕН ТОПТАР АНЫҚТАЛҒАНЫН ХАБАРЛАДЫ

  • Шымкент қаласы

Қаржылық мониторинг агенттігі бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сұрауларына жауап ретінде @afm_rk телеграм арнасында маңызды ресми хабарлама жасады. Ресми хабарламада агенттік прокуратураның үйлестіруімен Атырау облысында ауқымды жедел-тергеу іс-шараларын жүргізіп жатқаны айтылады. Атап айтқанда, «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан» қаражатты заңсыз шешіп алуға жәрдем көрсеткен 5 қылмыстық топтың әрекеті әшкерленген. Ол үшін ұйымдастырушылар жалған құжаттарды рәсімдеу арқылы елдің әр […]

Барлығын оқу