Жаңалықтар
ШЫМКЕНТТЕ ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІП МАМАНДАРЫНА АРНАЛҒАН ПРЕСС-ТУР ӨТТІ
- Шымкент қаласы
«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында Шымкент қаласында жеңіл өнеркәсіп саласының мамандарына арналған арнайы пресс-тур ұйымдастырылды. Шараның орны – жеңіл өнеркәсіп және сервис саласында кадрлар даярлайтын жетекші оқу орны – Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжі. Пресс-турдың негізгі мақсаты – колледждің білім беру мүмкіндіктерін, түлектердің жетістіктерін және қазіргі еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды таныстыру болды. Іс-шара барысында қатысушылар […]
Барлығын оқу
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ: «АҚШ УРАННЫҢ ОРТА ЕСЕППЕН 24 ПАЙЫЗҒА ЖУЫҒЫН БІЗДІҢ ЕЛДЕН ИМПОРТТАЙДЫ»
- Шымкент қаласы
Мемлекет басшысы аталған стратегиялық маңызды міндетті жүзеге асыру ісінде Американың энергетика компаниялары басты рөл атқаратынына назар аударды. Сонымен қатар, Президент геологиялық барлау әрі іске асырылып жатқан жобалардың аясын кеңейту, әсіресе, уран өндіру және оны өңдеу саласында жаңа мүмкіндіктерді зерделеу қажет екенін атап өтті. Қазақстан әлемдік уран нарығындағы сұраныстың шамамен 40 пайызын өтейді. Ал АҚШ осы […]
Барлығын оқу
ПРЕЗИДЕНТ: «ҚАЗАҚСТАН ӨЗІНІҢ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ РЕСУРСТАРЫН ЭКСПОРТТАУ БАҒЫТТАРЫН ӘРТАРАПТАНДЫРУДЫ КӨЗДЕЙДІ»
- Шымкент қаласы
Мемлекет басшысы Қазақстанның өңірдегі экономикасы ең қуатты ел ретінде Орталық Азияға Америка бизнесінің инвестициясын тарту және олардың кәсіп аясын кеңейту ісінде жетекші рөл атқаруға дайын екенін жеткізді. Бұл бағыттағы күш-жігерге С5+ және B5+ форматындағы тұрақты ынтымақтастық тың серпін бере алады. Президент дөңгелек үстел қатысушыларына елімізде жүзеге асырылып жатқан экономикалық және саяси реформалар туралы мәлімет берді. […]
Барлығын оқу
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ АМЕРИКАНЫҢ БИЗНЕС ӨКІЛДЕРІМЕН ӨТКЕН «ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ» ОТЫРЫСЫНДА СӨЗ СӨЙЛЕДІ
- Шымкент қаласы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йорктегі жұмыс сапары АҚШ-тың ірі бизнес өкілдерінің қатысуымен өткен «дөңгелек үстел» отырысында жалғасты. Мемлекет басшысы Қазақстан мен АҚШ-тың кеңейтілген стратегиялық серіктестігі қарқынды түрде дамып келе жатқанына назар аударды. – Біз Американы маңызды серіктестеріміздің бірі санаймыз және сан қырлы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі екенімізді растаймыз. Америка Құрама Штаттарының да осы стратегиялық ұстанымды […]
Барлығын оқу
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ МЕН КИБЕРҚАУІПСІЗДІК – БАСТЫ МІНДЕТ
- Шымкент қаласы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» деп аталған Жолдауында атап өткендей, киберқылмыстардың алдын алуға мүмкіндік беретін заманауи, интеллектуалды жүйе құру қажет. Бұл ретте қажеттілігіне қарай тиісті заңнамаға өзгерістер енгізу және құқық қорғау органдарының қызметін жетілдіру міндеті тұр. Сондай-ақ, Президенттің айтуынша, Ұлттық […]
Барлығын оқу
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ КИЕЛІ ОБЪЕКТІЛЕРІ
- Шымкент қаласы
Шымкент – тарихы тереңге бойлаған, мәдениеті бай, өркениеттің ізі сайрап жатқан көне шаһар. Қазақстанның үшінші мегаполисі ғана емес, сондай-ақ ел руханияты мен тарихи жадының айшықты орталығы саналады. Бұл өңірде ежелден-ақ Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан қалалардың бірі ретінде мәдениеттер тоғысып, өркениеттер сабақтастығы жалғасын тапты. Қасиетті орындар – ұлттық рухани қазына Шымкент қаласында киелі нысандар көптеп […]
Барлығын оқу
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ӘЛЕМ ЖӘНЕ АЗИЯ ЧЕМПИОНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
- Шымкент қаласы
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ӘЛЕМ ЖӘНЕ АЗИЯ ЧЕМПИОНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Әлем және Азия чемпиондарымен кездесті. Мақтаныш пен шабытқа толы атмосфера аясында спортшылар алған әсерлерімен бөліссе, қала басшысы олардың тамаша жетістіктерінің бүкіл ел үшін маңызды екеніне тоқталды. Айта кетейік, Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында World Boxing ұйымы ұйымдастырып өткізген бокстан Әлем чемпионатында Қазақстан […]
Барлығын оқу
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ PEPSICO ҚОРЫ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ СТИВЕН КИХОНЫ ҚАБЫЛДАДЫ
- Шымкент қаласы
Кездесуде PepsiCo компаниясының Қазақстандағы инвестициялық жобасын жүзеге асыру барысы қарастырылды. Әлемге әйгілі бренд Алматы облысында снэктер шығаратын зауыт құрылысына кірісті. Инвестиция көлемі – 368 миллион доллар. Президент жобаны іске асырудан күтілетін экономикалық пайдаға назар аударды. Компания 900-ге тарта тұрақты жұмыс орнын ашудан бөлек, қытырлаққа арналған картопты жергілікті жерде өсіруге ниетті. Стивен Кихоның айтуынша, бүгінгі таңда […]
Барлығын оқу
ПРЕЗИДЕНТ СМИТСОН ИНСТИТУТЫНЫҢ БАСШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
- Шымкент қаласы
Қасым-Жомарт Тоқаев Смитсон орталығының халық шығармашылығы және мәдени мұра арнайы жобалары жөніндегі директоры Халле Батвинге қазақ мәдениетін АҚШ-та белсенді түрде дәріптеп жүргені үшін алғыс айтты. Орталық жанынан құрылған Қазақстанның мәдени мұра қоры ұлттық мәдениетіміз бен өнерімізді насихаттаумен, сондай-ақ қазақ халқының тарихын, салт-дәстүрі және рухани өмірін зерттеуге арналған бірлескен ғылыми жобаларды ұйымдастырумен айналысады. Мемлекет басшысы мәдени […]
Барлығын оқу
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ EDUCATIONAL TESTING SERVICE (ETS) КОМПАНИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ЖӘНЕ БАС АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ АМИТ СЕВАКТЫ ҚАБЫЛДАДЫ
- Шымкент қаласы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Educational Testing Service (ETS) компаниясының президенті және бас атқарушы директоры Амит Севакты қабылдады. Әңгімелесу барысында Мемлекет басшысы ETS компаниясының білімді тестілеу мен бағалау саласында көш бастап келе жатқанына ерекше назар аударды. Президенттің айтуынша, Қазақстан білім беру жүйесінде компанияның тәжірибесін зерделеу мен пайдалануға қызығушылық танытады. Амит Севак Мемлекет басшысына компанияның халықаралық жұмыс жоспары […]
Барлығын оқу