Жаңалықтар
«ЕШКІМ ЕШҚАШАН ҰМЫТЫЛМАЙДЫ»
- Шымкент қаласы
Шымкент қалалық Полиция департаментінде «Ұлы Жеңістің» 80 жылдығына орай Шымкент қалалық музейлер бірлестігінің «Ерлік» музейі «Ешкім ешқашан ұмытылмайды» атты жылжымалы көрме ұйымдастырды. Көрменің ашылу салтанатына Ішкі істер органдары ардагерлер ұйымы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы 6698 әскери бөлімнің жеке құрамы қатысты. Іс-шараның модераторы музейдің аға ғылыми қызметкері Б.Нұрқұлова жиынды жүргізіп отырды. Ол Отан үшін от кешкен, […]
Барлығын оқу
СОҒЫС КЕЗІНДЕГІ ТЫЛ ЕҢБЕККЕРЛЕРІНІҢ ЕРЕН ЕРЛІГІ
- Шымкент қаласы
Соғыс адамдардың бейбіт өмірінің шырқын бұзды. Биыл Ұлы Жеңіске 80 жыл. Ұлы Отан соғысы экономиканың әскери бағытта құрылуына байланысты елдің алдына үлкен мәселелер қойды. Соғыс алдында салынған өнеркәсіптің негізінде әскери-өнеркәсіптік базаның қалыптасуы, өндірістердің көшірілуі қиын жағдайда жүрді. 1941ж. аяғында Белоруссия, Украина, Ресейдің батыс облыстарын фашистер басып алғандықтан экономикалық шығын елеулі болды. Жұмыс күшінің жетіспеуінен ұшақ, […]
Барлығын оқу
“ҚЫЗМЕТ” КОМАНДАСЫ ТОП ЖАРДЫ!
- Шымкент қаласы
Шымкент қаласының әкімдігі 28-маусымда аталып өтілетін “Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні” қарсаңында БАҚ өкілдеріне арналған бірнеше спорт түрінен арнайы спартакиада ұйымдастырған болатын. Тартысты өткен спартакиада сайыстарына “Қызмет” редакциясының командасы да белсене қатысып, жүлделі орыннан көрінді. БАҚ қызметкерлері арасында өткен спартакиадада спорттың шағын футбол түрінен жүлделі І орын – “Қызмет” командасына бұйырды. “Қызмет” командасы жыл сайынғы […]
Барлығын оқу
“ҚЫЗМЕТ” РЕДАКЦИЯСЫНЫҢ ОЙЫНШЫЛАРЫ ЖҮЛДЕЛІ ОРЫННАН КӨРІНДІ
- Шымкент қаласы
Шымкент қаласының әкімдігі 28-маусымда аталып өтілетін “Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні” қарсаңында БАҚ өкілдеріне арналған бірнеше спорт түрінен арнайы спартакиада ұйымдастырған болатын. Тартысты өткен спартакиада сайыстарының корытындысы белгілі болды. БАҚ қызметкерлері арасында өткен спартакиадада Бильярд ойынында І-орынды “Қызмет газеті” командасынан Әшетаев Рүстем, ІІ-орынды “Күнгей” командасынан Мырзалиев Самат, ІІІ-орынды “Отырар” командасынан Абзал Тұрабеков иеленді. Ал, Нұрлан […]
Барлығын оқу
ҚЫСҚА МЕТРАЖДЫ ФИЛЬМДЕР ФЕСТИВАЛІ БАСТАЛДЫ
- Шымкент қаласы
Шымкентте «Samgau» республикалық қысқаметражды фильмдер фестивалі басталды. Бүгін Шымкент қаласындағы Жастар ресурстық орталығында «Samgau» республикалық қысқаметражды фильмдер фестивалінің шымылдығы түрілді. Жас әрі талантты режиссерлерді қолдауға бағытталған бұл ауқымды шара Қала күніне орай Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылып жатыр. Фестивальдің басты мақсаты – ұлттық киноның дамуына серпін беру, жаңа есімдерді ашу және жас авторлардың шығармашылық ізденістерін […]
Барлығын оқу
ҚЫЗҒАЛДАҚТАР ҚАЛАСЫНДА ӨТКЕН СУРЕТШІЛЕР СИМПОЗИУМЫ
- Шымкент қаласы
Бүгін Шымкент қаласындағы А. Пушкин атындағы әмбебап кітапханасында «Шымкент – қызғалдақтар қаласы» атты халықаралық суретшілер симпозиумының салтанатты жабылу рәсімі өтті. Шара аясында көрме ашылып, симпозиумға қатысқан суретшілер марапатталды. Шараға арнайы қатысқан Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Бауыржан Орынтаев симпозиумның қала мәдениеті мен руханиятына берер маңыздылығына тоқталып, суретшілерге қала әкімінің арнайы алғыс […]
Барлығын оқу
СҮТКЕНТ ҚАЛАШЫҒЫ – ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ӨРКЕНИЕТ ІЗІ
- Түркістан облысы
Қазақстан жері – көне өркениеттер тоғысқан мекен. Ортағасырларда бұл аймақ Ұлы Жібек жолының бойында орналасып, сауда-саттық пен мәдени алмасудың ірі орталықтарының біріне айналды. Осы жолдың бойындағы маңызды қалалардың бірі – Сүткент қалашығы. Ол қазіргі Түркістан облысы Шардара ауданы Сүткент ауылынан шығысқа қарай 3 км жерде, Сырдарияның сол жағалауында орналасқан. X-XI ғасырлардағы араб және түркі жазба деректерінде Фараб округінің Мауераннахрмен шекарасындағы қала ретінде аталады. […]
Барлығын оқу
ҚАЗАҚТЫҢ КИІЗ БАСУ ӨНЕРІ
- Шымкент қаласы
Киіз басу – дәстүрлі қазақы ортада дамыған киіз жасау өнері. Оған жүн талшықтарының бір-бірімен ұйыса байланысатын қасиеті негізге алынған. Қазіргі заманғы шұға басу, байпақ жасау, фетр (қалпақтық биязы киіз) басу процесстері де киіз басу дәстүрлі технологиясымен бірдей. Киіз басу және киізден бұйымдар жасау көне замандардан бастау алады. Әйгілі Пазырық қорғанынан және басқа да ежелгі темір дәуіріне жататын қорымдардан (б.э.д. ІХ – б.э. ІІІ-ІV ғғ.) […]
Барлығын оқу
ШЫМКЕНТ ҚАЛАЖҰРТЫНЫҢ ҚОРҒАНЫС ҚАБЫРҒАСЫНЫҢ АШЫЛУЫ
- Шымкент қаласы
Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Археолог, тарих ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі Б.Байтанаев басқарған Шымкент отряды 2004 жылдан бастап ғылыми әдебиет пен анықтамалық басылымдарда «цидатель» және «қамал» деп аталып жүрген ортағасырлық Шымкенттің тарихи орталығында кең ауқымды қазба жұмыстарына кіріскен болатын. Тарихи орталықтың қирандылары қазіргі Шымкенттің оңтүстік бөлігінде, қаланың жалпы деңгейінен биігірек орналасқан. Тарихи орталықтың қазіргі […]
Барлығын оқу
ШЫМКЕНТТЕ ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРЛЕРІНІҢ САЙЫСЫ ӨТІП ЖАТЫР
- Шымкент қаласы
Шым шаһардың қақ ортасындағы «Арбат» демалыс аймағына жақындай бере, ара, қашауды ұрған балға, балта сияқты ұста саймандарының дыбысы шулай естіледі. Құлақ түрген қауымды қызық осында деп шақырып жатыр. Ағаштан түйін түйгендердің маңдай тері елдің алдында төгіліп отыр. Бұл – тұңғыш рет өтіп жатқан тұтас ағаш томарынан жасалатын қолөнер шеберлерінің «Shymkent Usta Fest» халықаралық фестивалігің ызың-шуы. […]
Барлығын оқу